14.Кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлық емес мінез-құлықты таңдауына кедергі келтіретін себептерді анықтаңыз? Экономикалық қызметтің әр түрлі салаларында сыбайлас жемқорлық көрінісі біркелкі емес. Мысалы, сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары салалар - кеден, құрылыс және жер қатынастары. Сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне адамдардың жас шамасы да ықпалын тигізеді екен: кәсіпкерлердің жас буынының қаржылық, технологиялық және құқықтық сауаты жоғары болғандықтан, ресми емес қарым-қатынастарға бармайтыны болжанып отыр, осылайша бизнеске келіп жатқан жас буын өкілдері бизнес пен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының дәстүрлі ұстанымдары мен моделін өзгертуге атсалысып жатыр. Сыбайлас жемқорлықтың ең резонанстық себептері шенеуніктердің артық құжаттарды талап етіп, кәсіпкерлерді әуре-сарсаңға салу арқылы қорқытып алу болып табылады. Мемлекеттік органның өкілі орта есеппен 49% жағдайда, кәсіпкер 36% жағдайда сыбайлас жемқорлықтың бастамашысы болады. Бұл ретте, салалар бойынша сыбайлас жемқорлық жағдайына тап болғандар:
- салық және мемлекеттік сатып алулар саласында әрбір бесінші;
- көлік, құрылыс, кеден және АӨК саласында - әрбір үшінші;
- жер қатынастары мен экология саласында - әрбір екінші респондент.
15..Бизнес - ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін сипаттаңыз? Елімізде бизнес жүргізуде ең қиындық туғызушы мәселе сыбайлас жемқорлық болып табылады. Компаниялар қазіргі уақытта да бизнес жүргізудегі пара берушілік пен төлемдерді кешіктіруді әдеттегі іс көреді. Әрқашанда заңды бұзу кәсіпкерді өз көзқарасы бойынша және өзінің жеке мақсаттарына сай қолдануға тырысатын мемлекеттік шенеуніктерге тәуелді болуға әкеледі. Бизнесте мәселені сыбайлас жемқорлық арқылы шешуге мүдделі болатын мынадай жағдайлар бар: – компанияға заңды әрекеттер заңсыз әрекеттерге қарағанда қымбатқа түссе (талаптардың дұрыстығын сот арқылы шешкеннен пара беру арзанға түседі); – міндетті талаптарды орындау компанияның табысына немесе оның қызметіне қауіп төндірсе (сот шешімі бойынша өндіріс жабылса, үлкен сомадағы айыппұл белгіленсе және т.с.с.); – мәселені заңды жолмен шешу мүлдем мүмкін емес болған жағдайда (мысалы, активтерді немесе мүлікті жекеменшік иелерінен заңсыз тартып алу); – жауапты тұлғаның қолында сыбайлас жемқорлық рентасы үшін қолданылуы мүмкін аз кездесетін ресурс болғанда (мысалы, жүйелерге қосылу мүмкіндігі, жылжымайтын мүлікті жалға беру, әсіресе ол жеңілдетілген бағамен жалға беріліп жатса); – заңсыз әрекеттер заңды әрекеттерге қарағанда анғұрлым көп табыс келтіретін болса (мысалы, әкімшілік ресурсты пайдалана отырып, жаңа нарыққа ие болу немесе оны бәсекелестер үшін жабу, мемлекеттік тапсырыс аясында тауар жеткізу немесе қызмет көрсету, жұмыстарды орындау). Оған кім бастамашы болғанына қарамастан, сыбайлас жемқорлық мәмілелерінің нәтижесі: іскерлік орта нашарлайды, бәсекеге қабілеттіліктің төмендеу қаупі пайда болады, «таза» жұмыс атқаратын кәсіпкерлер азаяды, қоғамда да, кәсіпкерлердің арасында да «мультипликациялық» әсер ету таралады. Сондықтан бизнес-ортада сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісінде оны белсенді қабылдамауды, адал бәсекелестік пен адалдық беделін басымдыққа қоюды негізге алған өркениетті іскерлік қатынастарды дамыту өте маңызды. Елімізде сыбайлас жемқорлық экономикалық міндеттерді шешудің анағұрлым тиімді тәсілі ретінде таралуы лоббизмге теріс көлеңкесін «түсірді». Жемқорлықтың мысы басым ортада, бизнестің дамуы екі талай екендігі баршаға мәлім. Осыған орай, мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың сатылы жүзеге асырылуы нәтижесінде, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған заңнамалық құжаттардың талаптары күшейтілді. Мәселен, Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін бұдан былай заңды тұлғалар да жауапқа тартылатын болады. Ал лауазымды тұлғаларға материалдық сыйақы берген заңды тұлғаларға қарастырылған айыппұлдардың мөлшері 1500 АЕК-ке дейін өсті.«Кәсіпкерлік қызметте сыбайластықтың кең тарағандығын ескерсек, бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру күрделі үрдіс, дегенмен оң нәтижеге қол жеткізуге болады. Жұмысшылар арасында жемқорлыққа деген «нөлдік төзімділікті» тәрбилеу үшін компания жетекшілері өздері үлгі болулары тиіс. Егер басшылық мәселенің түйінін пара берумен шешу тиімді санаса, қызметкерлері де бұдан бас тартпайтындықтары айдан анық», - деді Нұрлан Жахин.Өз мүддесін іске асыруда компания ресурстарын пайдаланған жұмысшының әрекетін жемқорлыққа балауға бола ма деген мәселелер де туындады. Өйткені мұндай жағдай лауазымын асыра пайлану болып есептеледі.Сондықтан, бизнес-ортада жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін кәсіпорындар кадрлық құраммен, олардың адамгершілігі мен сана-сезімін арттыру жөніндегі жұмысты жүйелі түрде жүргізулері тиіс. Ұжымдағы жемқорлық мәселелерді басшылық немес меншік иелері іштей шеше алады. Әрине, ішкі ресімдер мен шешімдерді қабылдау регламенттерін жетілдіру үшін біраз уақыт қажет.Кездесу соңында жер қатынастары, құрылыс және өзге де салаларда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл уәкілетті органының қызметіне қатысты, бизнес субъектілері тарапынан туындаған сұрақтардың барлығына баяндамашы тиісті жауаптарын берді.