33.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шарттарының бірі ретінде қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық қатынастарын жетілдірудің рөлін анықтаңыз. Бүгінгі күні сарапшы- лар қауымдастығы сыбай- лас жемқорлық әлеуметтік- экономикалық дамуға ықпал етеді деген бірыңғай көзқарасты қолдайды.
Халықаралық тәжірибе көр- сеткендей, дамыған сыбай- лас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл экономикалық өсуді қамтамасыз етудің, инновация- лық әлеуетті қалыптастырудың, инвестициялық тартымдылықты арттырудың, бәсекелестікті дамы- тудың және «көлеңкелі» эконо- миканы қысқартудың негізгі факторларының бірі болып табыла- ды.
Бұл Оңтүстік Шығыс Азия және Скандинавия түбегі елдерінің тәжірибесімен дәлелденген. Онда сыбайлас жемқорлық минималды, ал өмір сапасы – әлемдегі ең жоғары деңгейде.
Халықаралық валюта қорының деректері бойынша, сыбай- лас жемқорлықтың салдарынан әлемдік ЖІӨ жыл сайын шамамен 2%-ды жоғалтады, бұл 1,5-2 трил- лион АҚШ долларына парапар1.
Егер Қазақстан мысалында осын- дай есептеулер жүргізсек, онда жыл сайынғы әлеуетті шығындар 3,8 млрд АҚШ долларын құрайды.
Есептеулер кезінде ЖІӨ көрсеткіштерін және 2015 жылға доллардың теңгеге шаққандағы орташа жылдық бағамын қолдана отырып, экстраполяция әдісі қолданылды. Сондықтан кез келген мем- лекеттің негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын жақсарту мен сақтау үшін жағдай жасау болып табылады.
Сарапшылардың бағалауынша, жемқорлықтың 1%-ға азаюы ЖІӨ- нің 1-1,5%-ға артуына ықпал етеді, ал ЖТИ-дің (жемқорлықты түйсіну индексі) 2,4 баллға жақсаруы ЖІӨ- нің жыл сайынғы өсімін 0,5%-ға арттыруға себеп болады.
Осыған байланысты, қазақ- стандықтардың соңғы 5 жылдағы әл-ауқаты деңгейінің көрсеткіштер динамикасы зерттеліп, халықтың
жан басына шаққандағы ЖІӨ өсімі 37%-ға, төменгі күнкөріс деңгейінің 22%-ға, жан басына шаққандағы орташа табыстың 46%-ға артқанын көрсетті. Бүгінгі таңда бүкіл әлем сыбайлас жемқорлықтың халықтың әл-ауқаты деңгейіне тигізетін ықпалын бағалау кезінде сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың Джини және Индекс коэффиценттерінің көрсеткіштерін негізге алады.
Соңғы жылдары аталған есеп- тердегі Қазақстанның орны өзге- ріссіз қалып отыр деуге болады.