46. Сыбайлас жемқорлықты қазіргі заманның құбылысы ретінде сипаттаңыз; Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму кезеңдерінен қалыспай келеді. Лауазымды адамдардың қызметті өзінің бас пайдасының қамы үшін пайдаланудан туған қылмыс дегенді білдіреді.
Ол барлық уақытта да сынға ұшырап, айыпталып, онымен үнемі күрес жүргізіліп келеді. Бұл қоғамдық дерттің алатын орны жөнінде əңгіме қозғағанда Цицеронның: “егер парақорлар өздеріне қажеттісін жымқырған болса ғана қалтырайды. Ал егер де басқалармен де бөлісуге жетерліктей жымқырған болса, онда олар үшін аса қорқыныш жоқ” деген белгілі сөзін еске алуға болады.
Сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу барлық партиялар мен қозғалыстардың бағдарламаларынан орын алды, əлі де орын алып келеді. Солай бола тұрса да бұл індет ең мықты деген саяси режимдердің арасынан сыналап кіріп кеткені. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес көбінесе айтарлықтай моральдық шығындарға ұшырататыны да белгілі.
Көптеген елдердің тəжірибесі осы кеселмен күрес процесінде адамдардың пайдакүнемдік, қанағатсыздық, көре алмаушылық, арсызқойлық сияқты əрекеттермен жиі ұшырасатындығын байқатып отыр. Бюрократиялық мінез-құлықты уақытша сауықтыру моральдық шығындардың орнын толтыра алмасы анық. Ал сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері қоғамдағы бюрократиялық қасиеттер екені белгілі. Қанша дегенмен адамзаттың ақыл-ойы əлі сан алуан əлеуметтік қатынастарды болжап-бағдарлап, қарастырып, ретке кетіре қоятындай жағдайға жете қойған жоқ. Кейбір жағдайда сан-алуан тыйым салу мен жарлықтардың пайда болуы сөз жоқ ынта жігерді басып тастап жəне экономикалық дамуға да бөгет жасайтындығы жасырын емес. Солай бола тұрса да, осы бөгеттерді бұзыпжаруға деген ұмтылыс байқалады.
Сауал салған кəсіпқойлардың жартысы парақорлық пен сыбайлас жемқорлықты нарықтық реформаның ең басты тежегіші деп санайды.
Ол біздің елімізде ғана емес, Латын Америкасы, Қытай мен Жер Орта теңізі, Таяу жəне Орта Шығыс, Орталық Еуропа, тропикалық Африка елдерсі. Бұл, сонымен бірге күні кеше ғана оны онша сезе қоймаған дамыған елдердің де (Германия, Бенилюкс, Канада) мəселесіне айналып барады. Сондай-ақ бұл дерт ұлттық болмысы мен сана-сезімі, ұлттық дəстүрлері мен мəдениеті мызғымастай қалыптасқан елдерге де (Италия, Ресей, Мексика, Түркия, Жапония) сыналып кірісе бастады. Сөйтіп, қазіргі кезеңде сыбайлас жемқорлық көптеген мемлекеттерде етек жая бастады деп сеніммен айтуға болады. Сыбайлас жемқорлық жəне онымен күрес проблемаларының өзектілігі əдеттегідей əлеуметтік шиеленістермен, экономикалық тұрақсыздықпен, қайыршылықпен сабақтасып жататын реформаларды жүзеге асыру кезеңдерінде айрықша байқалады.Қазақстан Республикасы Бас прокаратурасының құқықтық статистика деректеріне көз салсақ 2003 жылы Республика бойынша 807 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген, бұл жемқорлық қылмысының қоғам үшін қауіптілігі 2002 жылмен салыстырғанда 60% азайғандығын көрсетеді.
2002 жылы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасында құқықтық саясат концепциясы қабылданды, осы құжатта сыбайлас жемқорлықтан сақтандыру шараларына мəн берілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда. Өйткені мемлекет пен қоғам мүддесіне тікелей қатысты ең қауіпті əлеуметтік құбылыстың бірі сыбайлас жемқорлық болып табылады. Онымен күрес мəселесі əртүрлі деңгейде талқыланатын басты тақырыпқа айналды. Тек 2006-2008 жылдары аралығында ғана орталық баспасөз беттерінде сыбайлас жемқорлыққа арналған мыңнан астам материалдар жарияланды. Осы əлеуметтік қауіпті құбылыспен күрестің көкейтестілігі мына жағдайларға байланысты.