1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі


Көлденең қылқанды бұлшықет



бет51/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   110
Көлденең қылқанды бұлшықет musculus transversospinalis. Бұл бұлшықет омыртқалардың көлденең өсінділерінен басталып, жоғары көтеріліп қылқанды өсінділерге бекінеді. 3топқа бөлінеді:
1.жартылай қылқанды бұлшықет- musculus semispinalis бел кеуде мойын бөлімдеріне m.semispinalis thoracis, cervicis et capitis – қа бөлінеді.
2.тарамдалған бұлшықет- m.multifidi m.semispinalis-тің астында жатады.бел кеуде мойын бөлімдеріне m.multifidi lumborum, thoracis et cervicis бөлінеді.
3.айналдырма бұлшықеттері – m.rotatores lumborum, thoracis et cervicis тарамдалған бұлшықеттің астында жатады.
Бұл бұлшықеттердің қызметі: Көлденең қылқанды бұлшықеттердің екі жақтық бөліктері бірдей жиырылса омыртқа бағанының жазып тік ұстайды.ал бір жақтық жиырылғанда омыртұа бағаныны айналдырады.
Қысқа бұлшықеттер 2топқа бөлінеді.
1.Қылқан аралык бұлшықеттер musculi interspinales көршілес омыртқалардың қылқанды өсінділерінің аралығында орналасқан жіңішке будалар . Функциясы : омыртка бағанын жазып , тік ұстау. 2.Көлденең аралық бұлшыкеті musculi inter transversalis көршілес омырткалардың көлденең өсінділерінің ұштарын қосатын жіңішке будалар . Функциясы : омыртқа бағанын жан - жакка бұрады.
Шүйде асты бұлшықеттер musculi suboccipitales тобына — musculus rectus capitis posterior major, musculus rectus capitis posterior minor, musculus obliquus capitis superior , musсulus obliquus capitis inferior жатады. Ал қызметі бұлбұлшықеттердің: musculus rectus capitis posterior minor және musculus obliquus capitis superior бұлшықеттері атлант - шүйде буынына әсер етіп , бастың бұрылуын қамтамасыз етеді. Екіжақты жиырылғанда басты артқы шалқайтады.Бастың қиғаш төменгі бұлшыкеті musсulus obliquus capitis inferior орталық және латералды атлант - шүйделік буынға әсер етіп , басты өз жағына бұрады . Бастың үлкен артқы тік бұлшықеті - musculus rectus capitis posterior major атлант шүйде және атлант білік буындарына әсер етеді . Бұл бұлшықеттер екіжакты жиырылғанда басты артқа бұрады.Біржакты жиырылуында бас өз жағына бұрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет