Мойын ішілік шандыр ол ( Шевкуненко бо йынша 4 ) екі табақшадан тұрады . Париеталды табақша мойын қуысын ішінен көмкереді және висцералды табакша мойынның ағзаларын яғни жұтқыншақты , өнешті , көмейді , қалқанша безді жабады.
59.Арқаның бұлшықеттері мен шандыр қабықтары, олардың қызметтері.
Арқа бұлшықеттерінің орналасуы мен пішіні бойынша жіктелуі
1.Беткей бұлшықеттер 2.Терең бұлшықеттер Арқаның беткей бұлшықеттері Қол сүйектеріне бекитін бұлшықеттер.Бұл топқа жататын бұлшықеттер екі қабат болып орналасады. Бірінші қабатында мыналар болады : musculus trapezius ж/е musculus latissimus dorsі, ал екінші қабатында — musculus levator scapulae, musculus rhomboideus major ж/е musculus rhomboideus minor.
Трапеция тәрізді бұлшықет - musculus trapezius. Бұлшықет linea nuchae superior - дан, protuberantia occipitalis externa, ligamentum nuchae, VII мойын және барлық кеуде омыртқалардың қылқанды өсінділерінен және ligamentum supraspinale басталып, еxtеmіtаѕ acromialis claviculae, acromion, spinae scapulae бекиді. Функциясы: жауырынды котереді ал екі жақты жиырылған кезде бас пен мойынды шалқайтады.
Арқаның аса жалпак булшыкеті- musculus latissimus dorsi ол арканың төменгі бөлігінде орналасқан. Бұшықеттің талшықтары төменгі 4 - 5 кеуде омыртқаның және бүкiл бел омыртқаның кылқанды өсінділерінен , crista sacralis mediana , tabium externum cristae iliacae тісшеленіп , төменгі 3 - 4 кабырғалардан басталып , жалпақ сіңірімен crista tuberculi minoris-қа бекінеді. Функциясы : қолды төмен қарай түсіріп , төмен түсірген қолды артқа тартып және ішке карай бұрады. Қолды мықтап ұстаған жағдайда , терен дем алуға қатысады.
Ромб тәрізді үлкен және кіші бұлшыкет яғни masculus rhomboideus major et minor трапеция тәрізді бұлшықеттің астында орналасқан . Musculus rhomboideus minor желке сызыктын төменгі бөлігінен , VII мойын омыртқаның және І кеуде омыртқаның кылқанды өсінділерінен басталып онын будалары бір - біріне параллель төмен және латералды бағытталып, жауырынның медиалды жиегіне бекінеді.
Musculus rhomboideus major жоғарғы төрт кеуде омыртқаның қылқанды өсіндісінен басталып, жауырынның медиалды жиегіне бекінеді. Қызметі: жауырынды омыртқа бағанасына қарай тартып, жоғары қарай көтедереді .