Жамбас белдеуінің бұлшық еттері жамбас сүйектерінен, омыртқа бағанынан басталып, ұршық буынын қоршап, сан сүйегінің жоғарғы ұшына жабысады. Жамбас белдеуінің бұлшық еттері екі топқа бөлінеді: 1.ішкі; 2.сыртқы. Жамбас белдеуінің ішкі топтағы бұлшық еттері: 1.Мықын-бел бұлшық еті үлкен бел бұлшық еті бел омыртқадан, мықын бұлшық еті мықын шұңқырынан басталады. Шат байламынан санның алдыңғы бетіне өтіп, сан сүйегінің кішкене ұршығына бірігеді. Қызметі: санды бүгеді және сыртқа айналдырады. 2.Алмұрт тәрізді бұлшық етжамбас астауында құйымшақтың алдыңғы бетінен, отырықшы тесік арқылы шығып, сан сүйегінің үлкен томпағына бірігедіСанды сыртқа айналдырады. 3.Ішкі жапқыш бұлшық ет (obturator internus) жамбас астауының ішкі бетінен жапқыш тесіктің айналасынан, жапқыш қабыршақтан басталып, жамбас астауынан кіші
отырықшы тесік арқылы шығып, сан сүйегінің үлкен басының шұңқырына жабысады. Қызметі:санды сыртқа айналдырады.
3.Ішкі жапқыш бұлшық ет (m.obturator internus) жамбас астауының ішкі бетінен жапқыш тесіктің айналасынан, жапқыш қабыршақтан басталып, жамбас астауынан кіші отырықшы тесік арқылы шығып, сан сүйегінің үлкен басының шұңқырына жабысады.Қызметі:санды сыртқа айналдырады. 4.Сыртқы жапқыш бұлшық етm.(obturatorius externus) жапқыш тесігінің сыртынан басталады, сан сүйегінің үлкен ұршығына бекиді. Қызметі: санды сыртқа айналдырады.
maximus) мықын сүйегінің сыртқы бетінен, құйымшақтан, сегізкөзден, жамбас, кеуде фасциясынан басталып, сан сүйегінің үлкен бұдырына бекиді.Қызметі :санды сыртқа айналдырады және жазады. Тұлғаны тік ұстауға қатынасады. 5.Бөксенің орта кіші бұлшық еттері (m.gluteus medius et minimus). Үлкен бұлшық еттің астында орналасқан. Олар мықын сүйегінің сыртқы бетінен басталып, сан сүйегінің үлкен ұршығына жабысады, санды денеден алыстатады. 6.Бөксенің кіші бұлшық еттері ( m.gluteus minimus).Мықын сүйектерінің алдыңғы, төменгі сызықтарының аралығынан басталып, сан сүйегінің үлкен ұршығының алдыңғы жиегіне бекиді. 7.Санның шаршы бұлшық еті,отырықшы сүйегінің томпағынан. басталып, санның үлкен ұршығына мен ұршық аралық қырына бекиді. Қызметі: санды сыртқа айналдырады. 8.Жоғарғы егіз бұлшық ет шонданай қырынан басталып, ұршық ойығына бекиді.
Қызметі: санды сыртқа айналдырады. 9.Төменгі егіз бұлшық ет(m.gemellus inferior ) шонданай төмпешігінен басталады. Ұршық ойығына бекиді. Қызметі :санды сыртқа айналдырады. 10.Жалпақ шандырды керетін бұлшық ет жалпақ ұзынша бұлшық ет. Мықын қырының сыртқы ернінен басталады.Төменге бағытталып мықын - асық жілік шандырына айналады. Қызметі: санның жалпақ шандырын кереді,санның бүгілуіне қатнасады.