Шонданай сүйегі,os ischii, жамбас сүйегі ойығының төменгі бөлігінде орналасқан. Топографиялық орналасуына қарай; денесінен және бүрыш құрап, орналасқан бұтақтарынан,ramus ossis ischii, түрады. Шонданай сүйектің денесінің, corpus ischia, артқы бетінде:қылқаны, spina ishiadica, қанның жоғарғы бөлігінде, шонданай сүйегінің үлкен тілігі , incusira ischiadica minor төменірек кіші тілігі,incusira ischiadica major, орналасқан. Шонданай сүйектің денесінің бұтақтары иіліп, бұрыш құрап орналасқан. Жоғарғы бұтағының алдыңғы бетінде жапқыш тесіктің алдыңғы төмпешігі,tuberculum obturatorium anterior артқы бетінде шонданай сүйектің бұдыры tuber ischiadicum орналасқан. Шонданай сүйектің бұтағы, шат сүйектің төменгі бұтағымен бірігіп, жапқыш тесікті foramen obturatum құрайды. Бұлшық еттер. Бұл жерде екі топ бұлшық еттері бар: беткі және терең. Беткі бұлшық еттер 4 топтан тұрады: m. tensor fascia latae, msartorius, m. adductor longus және m. gracilis. Скраповский үш бұрышының түбін терең бұлшық еттер – m. illiopsoas және m. pectineus құрайды. Бұл екі бұлшық еттің арасында үш бұрыш тәрізді ойыс-fossa iliopectinea пайда болады. Оның ұшы ортан жіліктің кіші ұршығына сәйкес келеді. M. sartorii fascia lata-тің ішкі жиегінде екі жапырақшаға бөлінеді. Терең жапырақшасы – lamina profnnda fasciae lata сан тамырларының астында жатады. m. illiopsoas және m. pectineus-ті жауып, сосын ішкі жағынан алып келуші бұлшық еттерге өтеді. Беткі жапырақшасы - lamina superficialis fasciae lataе м. sartorii-тің ішкі жиегінің ішінен сан тамырларының алдымен өтіп және оның астында processus falicifrprmis ойысы бар, оның жоғарғы және төменгі мүйізшесі /coriusuperius, cornu inferioris/ бар. Жоғарғы мүйізшесі сан тамырларының үстінде пупартов байламына бекітіледі немесе жоғарыға өтіп m. pectineus-тің үстінде терең жапырақшамен байланысады. Төменгі мүйізшесі де тамырлардың алдында жатып, m. pectineus-тің үстінде терең жапырақшамен байланысады. Processus falciformis foramen немесе fossa criorosa-ті шектейді және ол ойыс жұқа жарғақпен жабылған – Lig. iliopectineum. Көптеген тесіктерден беткі артериялар, веналар және лимфалық тамырлар өтеді. Сондықтан скарповский үш бұрышында беткі және терең жапырақшалардың арасында сан тамырлары өтетін кеңістік пайда болады.