1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі


) Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы



бет74/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   110
Байланысты:
Анатомия сессия шпор (2)

86) Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы


Иммундық жүйе-дененің барлық лимфа мүшелері мен лимфа клеткаларының жиынтығы.Лимфа жүйесі термині иммундық жүйесінің морфологиялық синонимі болып есептеледі.
Иммундық жүйесінің мүшелер организмнің ішкі ортасының сыртқы ортамен байланысқан жерлерінде орналасып, организмге сырттан және организмде түзілетін ауру тудыратын микробтар мен бөтен заттардың кіруіне кедергі жасап, қорғаныш қызметін атқарады.
Иммун жүйесінің жіктелуі
Орталық және перифериялық болып екіге бөлінеді.
Орталық бөлікке: сүйек миы (В лимфоциттер жатады), тимус (Т-лимфоциттер жатады).
Перифериялық бөлікке: көкбауыр, бадамшалар (Пирогов-Вальдейер сақинасы), лимфа түйіндері, лимфа түйіншіктері (ас-шек трактысының, тыныс, несеп жолының).
1976 жылы академик Р.В.Петров, иммун жүйесінің басқа жүйелер сияқты нерв, асқорыту және т.б. жүйелер жеке өзара жүйе екенін дәледеді.
Иммун жүйе мүшелерінің ерекшеліктері.

    1. Барлық денеде жайылып орналасқан.

    2. Иммун жүйесі клеткаларының әрдайым циркуляциясы қан ағысы арқылы (сондықтан қан тамыр жүйесімен бір жүйе).

    3. Оның ең ерекше қабілеті-антителдердің түзу.

Организмде жайылып орналасқан лимфа мүшелерін бірнеше себептермен иммундық жүйесіне біріктіреді.Олардың құрылысында міндетті түрде лимфа ұлпасы кездеседі.Қызметінің жалпылығы-организмді бөгде заттардан қорғау.
Адам организмі өзін өзі реттей алатын күрделі жүйе. Реттелу – нерв, эндокриндік, иммундық және гуморалдық жүйелер арқылы жүреді.Иммундық жүйе – организмге сыртқы және ішкі ортадан түскен генетикалық бөгде заттардан, яғни антигендерден қорғайтын жүйе. Бөгде заттарға (антигендерге) жататындар: микробтар, вирустар, бактериялар, паразиттер, ірі дисперсілі химиялық қосындылар, токсиндер, шаң түйіршіктері, ұсақ бөлшектер, рак клеткалары, өлген клеткалар ж.т.б.Сонымен қатар, иммундық жүйе қан түзуші ағзалар қатарына жатады, яғни иммундық реакцияларға жауап беретін қан клеткаларын өндіреді (В, Т лимфоциттер, макрофагтар, плазмоциттер ж.т.б )
Иммундық жүйе ағзалары функциясына және адам денесінде орналасу ерешеліктеріне байланысты орталық және шеткі болып, екі топқа бөледі :
Орталық (біріншілік) иммундық ағзалар: сүйек кемігі (medulla ossium) және тимус (thymus);
Иммундық жүйенің шеткі (екіншілік) ағзалары:
Көкбауыр (splen; lien),
Лимфа түйіндері (nodi lymphoidei),
Бадамшалар (tonsilla) немесе жұтқыншақтың лимфоидтық немесе лимфо-эпителилік (Пирогов-Вальдейер) сақинасы (annulus lymphoideus pharyngis),
Жекеленген лимфоидтық түйіншелер (noduli lymphoidei solitarii): асқорыту, тыныс алу және несеп-жыныс қуысты ағзалар қабырғасындағы жекеленген лимфоидтық түйіншелер
Соқыр ішек (аппендикс) қабырғасындағы шоғырланған лимфоидтық түйіншелер (noduli lymphoidei aggregati appendicis vermiformis) және мықын ішек қабырғасындағы шоғырланған (Пейеров) лимфоидтық түйіншелер (noduli lymphoidei aggregati). Сүйектің қызыл кемігінде – В- лимфоциттер жетіледіТимуста – сүйектің қызыл кемігінің бастауыш клеткаларынан түзілетін әлі толық нақтыланбаған (дифферецияланбаған) Т-лимфоциттер (тимустәуелді) жетіледі.Сүйектің қызыл кемігінде жетілген В-лимфоциттер және тимустағы әлі толық нақтыланбаған (дифферецияланбаған) Т-лимфоциттер – әрі қарай қан ағысымен иммундық жүйенің шеткі ағзаларына көшіп сол жерлерде дифференцияланады. Иммундық жүйе ағзаларына тән морфологиялық белгілер: эмбриогенезде, негізінің ерте қалануы (4-6 аптада) жаңа туылған балада, иммундық жүйе ағзалары қалыптасып туылады балалық және жасөспірім шақта, яғни организмнің қалыптасуы мен өсуі және қорғаныс жүйесінің жетілуі кезеңдерінде иммундық жүйе ағзалары ерекше жедел дамиды, өседі, жетіледі жас ұлғайған сайын (жыныстық жетілгеннен кейін) иммундық жүйенің орталық және шеткі ағзалары кері дами бастайды (жастық инволюция), яғни лимфоидтық тін мөлшері азайып, оның орнына дәнекер(шелмай) тіні пайда болады;
-иммундық жүйе ағзаларының лимфоидтық тініне тән қасиет, ол ондағы орналасатын жарықты және жарықсыз орталықты лимфоидтық түйіншелердің болуы;
Сүйек кемігі (medulla ossium)
Сүйек кемігі (medulla ossium) – сүйектердің кеуекті затында және сүйек қуыстарында орналасатын ағза.
Сүйек кемігінің негізгі қызметі – қан түзуші, оның ішіне қанның формалық элементтерінің түзілуін, жетілуін және олардың қантамыр арнасына өтуін қамтамасыз ету болып табылады
Иммундық жүйенің функциясы бұзылғанда:
Жамалған мүшенің бітіспеуі
Аллергия, аутоаллергия
Созылмалы аурулар
Ерте кәртаю
Рак аурулары (жиі кездеседі)
Антибиотиктердің әсер етпеуі
СПИД ауруы
87) Иммундық жүйе қызметі яғни организм үшін бөгде заттектер болып организмнің ішінде түзілетін және сырттан түскен әртүрлі химиялық қосылыстар, клеткалар және тіндік құрылымдар, қоршаған ортадан бактериялар, вирустар, қарапайымдылар, гельменттер сол сияқты бөгде заттектер организм ішіне клеткалар мутациясы нәтижесінде және химиялық процестердің нәтижесінде түзіледі. Иммунокомпонентті клеткалар (Т-және В – лимфоциттер) генетикалық бөтентекті заттектерді таниды да олардың жойылуын қамтамасыз етеді.
Перифериялык иммун жүйесі мүшелері : Лимфа түйіпшіктері : Ас қорыту трактысынын , бадамшалардың лимфа түйіншіктері - АКЖ кұрамын екі иммунологиялық тексеріс .
1 лимфа түйіншіктері
2 лимфа түйіндері , лимфа ағысы жолдарында
Лимфа түйіндері Т - зона - паракортикальды зона
В - зона - лимфа түйiншiктерi орталық көбейімен , милы заттың қоймалжың жолдары.
Кокбауыр . Көкбауыр - иммун жүйесінің ең күрделі перифериялык мүшесі , онда қанның иммундық тексерісі жүреді . Көкбауыр - эритроциттердің моласы » - көкбауыр зақымданған және ескі эритроциттердің осмос төзімділігін төмендету кабілетімен ерекшелінеді . Ол эритроциттердің өлуіне әкеледі . Ондай эритроциттер макрофагтармен жуылады . Гемоглобинмен толықтырылған макрофагтар қан ағысына кетеді . Қақпа венасы арқылы бауырға өтіп , олар гемоглобинді бұзатын заттар
бөледі , олар еттің түзілуіне қолданылады.
Бадамшалар : Бадамшалардың қызметтері : қорғаныш - патологиялық микроорганизмді белсенді лимфоциттермен бұзу, акпараттық - организм бадамшалар аркылы жұтқыншақ микрофлорасының түс кұрамын сақтау , жоғарғы тыныс алу жолдарының микрофлорасын қоса айтқанда. Бүйрек үсті безі . Бүйрек үсті безі -жұп мүше , ішперде арты кеңістігінде орналасқан. Ол XI - XII кеуде омыртқаларының деңгейінде орналасады . Ересек адамдарда 12 - 13 г . салмағы , ұзындығы 40 - 60 мм . , биіктігі - 20 - 30 мм . калыңдығы 2 - 8 мм . Он бүйрек үсті безінің салмағы мен көлемі кішкене . Бүйрек үсті безі сыртынан фиброзды капсудамен жабылған , ол паренхимамен тығыз бітіскен.


88.Қызыл сүйек кемігі; Сары сүйек кемігі.


Сүйектің қызыл кемігінді-В- лиякроциттер жетіледі.
Тимуста-сүйектің қызыл кемігінде бастауыш клеткаларынан түзілетін әлі толы нақтыланбаған лимфоциттер жетілді. Сүйектің қызыл кемігінде жетілген В- лимфоциттер және тимустағы әлі толық нақтыланбаған Т-лимфациттер –әрі қарай қан ағысымен иммундық жүйенің шеткі ағзаларына көшіп сол жерлерде дифференцияланады.
Сүйек кемігі- сүйектердің кезекті затында және сүйек қцыстарында орналасатын ағза. Негізі қызметі- қан түзуші, оның ішіне қанның формалық элементтерінің түзіліп жетілуін жіне олардың қантамыр арнасына өтуін қамтамасыз ету болып табылады.
Адам организмінде сүйек кемігінің екі түрі ажыратылады:
1.Сүйектің қызыл кемігі(medulla ossium rubra)
2.Сүйектің сары кемігі(medulla ossium flava)
Сүйектің қызыл кемігі жалпақ және қысқа сүйектер мен ұзын түтікті. Сүйектердің эпифиздерінің кеуекті затының ұяшықтарында орналасады, ал сүйектің сары кемігі –ұзын түтікті сүйектердің диафизіндегі сүйек қуысын толтырып жатады. Және де сүйектің кеміктік қызыл майының функционалдық қызметі өте күрделі, негізгі қызметі қанның құрамын түзу. Адам организімінің қарқынды түрде өсіп, дамуына байланысты, сүйектің қызыл майы сүйектік сары майға ұласады. Сүйектік сары түсті майының негізгі қызметі резервтік қызметті атқарып қоймай, организмге белгілі қолайлы кезеңдерде, сүйектік қызыл майға айналуы байқалады.

89.Тимус, құрылысы, қызметі;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет