1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі


Перифериялық иммундық жүйе ағзалары



бет76/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   110

90.Перифериялық иммундық жүйе ағзалары.


Жалпы иммун жүйесі дегеніміз- дененің барлық лимфа мүшелері мен лимфа жасушаларының жиынтығы. Иммун жүйесінің мүшелері организмнің ішкі ортасның сыртқы ортамен байланысқан жерінде орналасады.
Негізгі қызметі: организмге сырттан және де оганизмде түзілетін ауру тудыратын микробтар, бөтен заттардың кіруіне кедергі жасап, қорғаныштық қызмет атқару.
Иммун жүйесі: Орталық
Перифериялық
Орталыққа: сүйек кемігі, тимус жатады.
Перифериялыққа: көкбауыр, бадамшалар, лимфа түйіндері, лимфа түйіншіктері.
Перифериялық мүшелердің басты ерекшеліктері:
1.Олар лимфа түйіншіктерінен құрылған.
Лимфа түйіншігінің құрамы: Т-лимфоциттер, В-лимфоциттер.
Т-лимфоциттер бұл баяу клеткалық иммунитет; В-лимфоциттер- жылдам гуморальдық иммунитет.
2.Организмге бөгде заттардың, микроорганизмдердің мүмкін кіретін жолдарында және организмнің өзінде түзілген бөгде заттар миграция жолдарында орналасады.
Бөлімдеріне тоқталатын болсақ:
Бадамшалар - жұтқыншақтың шрышты қабатының сақинасында орналасқан. Лимфоэпителиалді тіндерден тұрады. Бадамшалар бірігіп, Пирогов-Вальдейер атты сақинаны құрайды. Олар:
-Таңдай бадамшасы, tonsilla palatina ,- бадаамшалар шұңқырында,fossulae tonsillares, орналасқан жұп бадамша.
-Тіл бадамшасы, tonsilla lingualis, -тіл түбі мен көмей бөбешігінің арасында орналасқан.
-Түтік бадамша, tonsilla tubaria ,- есту түтігінің жұтқыншықтық тесігі мен таңдай пердеснің арасында орналасқан.
-Жұтқыншақ бадамшасы, tonsilla pharyngealis, - жұтқыншақтың мұрындық бөлігінде орналасқан.
Лимфа түйіндері - ТА, АІЖ, НЖЖ және терінің шырышты қабаттарында орналасады. Лимфа түйіндерінде барлық органдардан шығатын лимфа фильтрленеді. Түйіннің дөңес жағынан оның ішіне әкелуші тамырлар кіреді, ал қарама-қарсы қақпа жағынан әкетуші лимфа тамырлары шығады. Олардан басқа да, лимфа қақпасына артериялар мен нервтар кіреді, веналар шығады.
Көкбауырда орналасқан лимфоциттер қандағы бөгде денелерді табады, яғни қанның иммундық тексерісі жүреді. Бұл иммундық жүйенің ең күрделі перифиялық мүшесі болып табылады. Көкбауырдың сыртынан дәнекер тіннен тұратын капсуласы бар. Ақ пульпа және қызыл пульпа деп құрылысы бойынша ажыратылады.
Ақ пульпа әр түрлі популяциядағы лимфоциттердің жиынтығы болып табылады. Ол периартериальді лимфа муфтын (Т-зона) және лимфа түйіншіктерін (В-зона)- мальпигий денешіктерін түзеді.
Қызыл пульпада көкбауырдың қалған бөлігі, қан тамырлардан, синусоид капилляларынан құралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет