1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі


Ауыз қуысы,бөлінуы,шекаралары,құрамы



бет94/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   110
Байланысты:
Анатомия сессия шпор (2)

125.Ауыз қуысы,бөлінуы,шекаралары,құрамы.


Ауыз куысы(cavum oris) топографиялық орналасуына қарай ауыз кіреберісі, (vestibulum oris)мен меншікті ауыз куысына (cavum oris propria)бөлінеді.
Қызылиек(gingiva) ауыз қуысының шырышты қабығының туындысы. Қызылиектің ұшы, денесі бар,тістің мойыны мен қызылиектің аралығында қызылиектік қал- ташалар орналаскан.
Ұрт ауыз кіреберісінің сыртқы бүйір қабырғасын құрайды. Ұрттың терен қабығы үрт бұлшықетінен(т. Buccinator) сырткы беті терімен, ішкі беті көпқа- батты эпителиймен капталған шырышты қабықтан тұрады.
Ауыз куысының меншікті бөлігі(cavum oris propria)ол жоғарғы жағынан жұмсақ және катты таңдаймен, төменгі жағынан ауыз қуысының диафрагмасын кұраушы төменгі жақ—тіласты бұлшықетімен шектеледі.
Ауыз куысының кұрамы: тіл мен тістер, бадамшалар және ауыз куысының сілекей бездері.
126.Тістер сүт,тұрақты тістер,дамуы,олардың құрылысы,формуласы.
Тістер( dentes)шайнау және сөйлеу аппаратының негізгі бөлігі болып келеді. Барлық тістер кұрылысы жағынан бірдей,Tiс сауытынан(corona dentis)мойнынан, (cervix (collum) dentis) және түбірінен(radix dentis) тұрады.
Тістердің әрбір қатары симметриялық орналасады 2 күрек, 1 ит, 2 кіші азу тіс, 3 үлкен азу тістер. Тістердің бір жағындағы бөлігін санмен белгілейтін болсак: 2,1,2,3 деп белгілейміз, әрбір сан тістердің санын көрсетеді. Тістердің сан түрінде белгіленген түрі тістердің формуласы деп аталады. Ересек адамдардьщ тұрақты тістерінің жалпы формуласы:
3212-2123
3212-2123
Тістердің бұл формуласында горизонталді сызыктың жоғарғы бөлігінде жоғарғы жақ сүйектің тістері белгіленген болса, төменде төменгі жақсүйектің тістері, оң және сол жақ болып бөлінеді. Сүт тістердің(dentes decidui)тұрақты тістерден айырмашылығы: жалпы саны-20, кіреукенің түсі көгілдір келген болады, көлемі түрақты тістерге қарағанда екі есе кішілеу. Tiс сауыты тіс түбіріне қараганда үлкендеу, тіс түбірлері қысқалау келіп алшақтау орналаскан. Сүт тістерде: кіші азу тістер мен үлкен үшінші азу тістер болмайды. Олардың тұрақты тістерге алмасуы 7-8 жастан басталып, 17-21 'жаста аяқталады. Сүт тістердің жалпы формуласы:
2012-2102
2012-2102
Күрек тістің(dentes incisivi)сауытының сыртқы пішіні кашауға немесе күрекке үқсап орналаскандықтан күрек тіс деп аталады. Жоғарғы жақсүйек күрек тістері сауытының колемі төменгі тістің күрек тістеріне қарағанда үлкен болып келеді,түбірінің сыртқы пішіні конустәрізді, бүйір беттері қысыңкылау. Күрек тіс, медиалді және латералді орналаскан екі тістен тұрады.
127.Аран туралы түсінік,шекаралары.
Лимфа-эпиталиалді сақинасы,құрылсы,қызметі,практикалық маңызы.
Ауыз қуысының артқы қабырғасы жоқ, онда аран fauces орналасқан. Аран жоғарғы жағынан жұмсақ тандайдың тілшігімен, бүйірінен таңдай доғаларымен (алдыңғы тандай-тіл, артқы тандай-жүтқын- шақ) және төменгі жағынан тіл түбімен шектеледі. Негізгі қызметі: ауыз қуысында езіліп, сілекей сөлдері аркылы шыланып, жартылай химиялық ыдырау процесінен өткен тамақты жұтқыншактың ауыздық бөлігіне pars oralis өткізу.
Ауыз қуысының жұтқыншақпен байланысқан жері-аран тесігі немесе ауызжұтқыншақ (ithimus faucium ) д.а.Аран немесе ауызжұтқыншақ — ас (азық) қорыту жүйесінің дененің бас аумағында орналасқан бөлімі.Аран 2бөлімнен тұрады.Олар:ауыз қуысы және жұтқыншақ. Ауызжұтқыншақ екі бөлімнен: ауыз қуысынан және жүтқыншақтан тұрады. Ауыз жоғарғы және төменгі ерін, ұрт, тіс, қызыл иек, қатты және жұмсақ тандай, тіл, сілекей бездері құрайды. Ауыз қуысында ас механикалық өндеуден (шайнау, сілекеймен жібіту, араластыру) өтеді және сілекей ферменттерінің әсерінен қорытыла бастайды. Жұтқыншақ (лат. рһагупх) — пішіні қүйғышқа (воронкаға) ұқсаған етті-жарғақты түтікше ағза. Ол ауыз қуысын өңешпен жалғастырып, ауыз қуысында өндеуден өткен асты (азықты) өңешке еткізеді. Жұтқыншақтың қабырғасы үш қабық тан: ішкі - кілегейлі қабық тан, ортаңғы — етті қабық тан, сыртқы - адвентиция кабығынан құралған. Жұтқыншақ — ас қорыту және тыныс алу жүйелеріне ортақ мүше. Оның ішкі кілегейлі қабырғасында ас (азық) және ауа жүретін екі жол айқасып орналасады. Ас (азық) жолының кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен, ал тыныс жолы — бірқабатты кепқатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған. Ас (азық) жұтылған кезде тыныс жолы — мұрын қуысы жағынан жұмсақ таңдаймен, көмекей тесігі — көмекей бөбешігімен (тілшікпен) жабылады. Ас (азық) жұтылғаннан соң, жүмсақ тандай төмен түсіп, бөбешік (бөбешіктің негізін серпімді шеміршек құрайды) алға қарай серпіліп, ауа жүретін тыныс жолы ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет