134.Ұлтабар, дамуы, оның бөлімдері, топографиясы, құрылысы, ішастарға қатынасы.
Он екі елі ішек жіңішке ішектің басталар бөлімі. Пішіні таға тәрізді. I.Голотопиясы: оңжақ қабырға асты (regio hypoсhondriaca dextra), іштің оңжақ бүйір және кіндік (regio abdominis lateralis dextra et regio umbilicalis) аймақтарында орналасады;
II.Склетопиясы:
-жоғарғы бөлігі: I-ші бел омырқа деңгейінде проекцияланады;
-төмендемелі бөлігі: I-III-ші бел омыртқалар аралығының деңгейіне орналасады;
-горизонталді бөлігі: III-ші бел омыртқасының тұсында жатады;
-өрлемелі бөлігі: III-ші бел омыртқасы деңгейінен II-ші бел омыртқасына дейін көтеріледі;
-горизонталді бөлігінің артымен қолқа және төменгі қуыс вена өтеді, ал алдында – жоғары шажырқайлық артерия және вена орналасады; Он екі елі ішектің құрылымдары төрт бөлігі ажыратылады; 1.Жоғарғы бөлігі (pars superior): тірі адамда жоғарғы бөліктің асқазаннан басталатын аймағы кеңейген – оны он екі елі ішек буылтығы (bulbus duodeni) деп атайды: -bulbus duodeni: тірі адамда (рентгенограммада) – негізі асқазан қақпасынан басталатын үшбұрышты көлеңке түрінде көрінеді, ал мәйітте асқазанның valvula pylori-нен он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінің сілемейлі қабатындағы бірінші дөңгелек (циркулярлы) қатпар аралығына сәйкеседі. 2.Төмендемелі бөлігі (pars descendens); 3.Горизонталді бөлігі (pars horizontalis); 4.Өрлемелі бөлігі (pars аscendens); үш иіні болады: жоғарғы иін (flexura duodeni superior) – жоғарғы бөлігінің төмендемелі бөлігіне өткенде жерінде түзіледі; төменгі иін (flexura duodeni inferior) – төмендемелі және горизонталді бөлімдердің арасындағы иін; он екі елі-аш ішек иіні (flexura duodenojejunalis) – он екі елі ішектің аш ішекке өтер жерінде орналасқан: -flexura duodenojejunalis II-ші бел омыртқаның солжақ бетіне байламдармен (дәнекер тіндермен) бекіп орналасады;
135. Жіңішке ішектің шажырқайлық бөлігі, бөліктері қабырғаларының құрылысы, қызметі.
Жіңішке ішектің шажырқайлы бөлігі деп мықын және аш ішек, intestinum tenue mesen teriale, бөліктерін атаймыз.
Құрсақ қуысының төмендеген бөлігінде, көлденең жиек ішектен кейін орналасады. 2/5 бөлігі аш ішек, 3/5 бөлігі – мықын ішек құрайды.
Орналасуы: Flexura doadenojejunalis , он екі ішек – аш ішек иілімі мен angulus ileocaecale, мықын – соқыр ішек аралығында орналасқан. Іш қуысының mesogastrium, hypogastrium аймағында орналасқан.
Іш қуысының артқы бетіне шажырқайлар, mesenterium арқылы бекінген.