А.Өнімі лактатболатын процесті атаңыз, неге лактат асқазанда жиналады және оның қатысуын қандай сапалы реакциямен анықтауға болады? Лактат анаэробты гликолиз арқылы өндіріледі.
Лактат асқазан сөлінде асқазан ісігінде ахлоргидрия (асқазан сөлінде тұз қышқылы жоқ жағдай) және тамақ өнімінің асқазанға кешеуілдеуімен жүреді. Мұндай науқастарда асқазанның жұмысы тоқтап қалады, сүт қышқылының түзілуімен көмірсулардың тотығуы жүреді. Уфельман реакциясы арқылы анықтайды. Бұл әдіс сүт қышқылдарының темір (III) фенолаттың қатысуымен төмен диссоциацияланатын сары-жасыл темір лактат тұзын түзу қабілетіне негізделген.
В. тұз қышқылының рөлін, түрлері мен асқазан қышқылдығының қалыпты мәнін көрсетіңіз? Тұз қышқылының рөлі: - асқазанда оның әсерінен ақуыздар ісінеді, олардың беті көбейеді, бұл оларға асқазан сөлінің ферменттерінің әсер етууін жеңілдетеді
- оның әсерінен пепсиноген проферментінен белсенді пепсин ферменті түзіледі. Прогастриксин пепсинмен белсендіріледі.
- бұл бактерицидтік әсер етеді
- асқазандағы тағамның қорытылуын қамтамасызз етіп отырады.
-ұйқы безінің белсенділігін ынталандырады
Асқазан қышқылдығының түрлері: 1. Жалпы қышқылдылық - бұл барлық қышқылмен әрекеттесетін (бос және байланысқан НСl, орган.к-сіз, қышқыл фосфаттар) - 100 мл асқазан сөлінде. нормасы= 40-60 (титрлеу бірліктері)
С.Неліктен асқазанда өт пигменттері пайда болады, оларға сапалы реакция. Өт пигменттері өтпен бірге асқазанда қышқылдығы төмен немесе қышқылдың толық болмаған кезде пайда болады. Бұл жағдайда асқазанның қақпашасының қызметі бұзылады, ол босаңсып, ішектің бөлімі асқазанға тасталуы мүмкін.
Нәтижесінде өт пигменттеріне байланысты: асқазан сөлінде HCl болған кезде оның түсі жасылға айналады, өйткені билирубин биливердинге дейін тотығады. HCl болмаған кезде асқазан шырыны сары болады.
Сапалы реакция: ПЕТТЕНКОФЕРдің өт қышқылдарына реакциясы! Күкірт қышқылының әсерінен сахароза моносахаридтердің оксиметилфурфуралға айналуымен гидролизденеді. Өт қышқылдарының оксиметилфурфуралымен конденсациясы қызыл заттардың пайда болуына әкеледі.
63 СҰРАҚ.Асқазан жарасы бар науқасқа асқазанның бір бөлігін алып тастау арқылы операция жасалды. Бірақ операциядан кейінгі тексеру кезінде пациенттің ақуызды қорыту процесі айтарлықтай өзгермегенін көрсетті. Нәтижесін түсіндіріңіз?