1 сұрақ. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәнінің мәнін түсіндіріңіз Әдістеме дегеніміз методика. «Методика»


сұрақ. Тарихты оқытудағы деректердің маңызына шолу



бет17/25
Дата21.06.2023
өлшемі0,64 Mb.
#102721
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
Байланысты:
тарихты оқыту

21 сұрақ. Тарихты оқытудағы деректердің маңызына шолу
Тарихи білім берудің ең басты элементі-ол білім.Білім адамзаттың әлеуметтік тәжірибесін жинақтаған тарих саласындағы мәлімет,танымдардан құралады.Білім қоғамның дамуы туралы ғылыми түсінік қалыптастырады,тарихи шындық және адамзаттың оған қол жеткізу жолдары туралы дүниетанымды негіздейді. Тарихи білімнің құрылымы тарих ғылымының өзін танудан басталады.Оқу мазмұны мыналар:ғылымның мазмұны,тарихи материалмен теориялық және әдістемелік (ғылыми танымның түрлері мен әдістері,құрылымының қағидалары туралы ғылым) негіздерімен жұмыс жасай алу.Оқу процесінде оқушылар дерек,құбылыс,оқиға процесс сияқты санаттарды қолдану арқылы тарихи білім элементтерін игереді.Олар,мысалы,оқиғаның мәнін анықтап,оларды салыстырады. Дерек деген сөз латын тілінен аударылғанда “жасалынған,іске асқан” деген ұғымды білдіреді.М.Горький “дерек үйретеді,тәрбиелейді” деген.Тарихта дерек нақты жағдайдың,тарихи шыдықтың фрагменті ретінде қарастырылады.Мысалы,1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы ұлт-азаттық қозғалыстың жеке дерегі.Дерек қайталанбайды,оны бақылау,қайта қалпына келтіру мүмкін емес.Бұл оның өзіндік ерекшелігі.Тарихты тану процесінде деректің маңызы зор,ол тарихи байланыстарды айқындау,салыстыру және жинақтауда аса қажет.Деректерді жинақтау және жүйелеу-тарихи танымның құралы.Нақты деректермен тарихи материалды баяндауда бейнелікке қол жеткіземіз.Деректерді маңыздылығына қарай негізгі және қосалқы деп бөлуге болады.Мысалы,Ұлы Отан соғысы-негізгі,Курск шайқасы-қосалқы дерек.Сабаққа дайындық барысында негізгі тірек болатын фактілерді анықтап,оны оқушы есінде сақтап қалатындай етіп көрсету керек.Негізгі деректер тарих пәні курсының негізгі идеясын көтеретін болғандықтан ол жан-жақты және толық қамтылып,түсіндірілуі керек.Олар маңызды оқиғаларды жақсы есте сақтау,өзгелермен байланыстыру қажет.Демек,деректі түсіндіру оның маңыздылығына байланысты. Сабақта деректі қолдану үшін оның ғылыми дәлдігін,нақтылығын,бейнелігін,эмоциялығын айқындап алған жөн.Орта буын сыныптарында дерек бейнелі,эмоциялы болса,жоғары сыныптарды ол құжатқа сүйенген,дәлелді болуы тиіс.Тарихты оқытуда дерек пен жинақтаудың арақатынасының жігін білген жөн.Бір-бірімен байланысы жоқ,жинақталмаған тарихи деректер басым болса,ол сабақ деректер жинағына,ал нақты дерекке сүйенбей жинақтау мен қорытынды пікірлерді негізге алған сабақ социологияға айналып кетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет