1 сұрақ. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәнінің мәнін түсіндіріңіз Әдістеме дегеніміз методика. «Методика»


сұрақ. Бейнелеу тәсілдерінің түрлеріне сипаттама беріңіз. (кесте түрінде)



бет19/25
Дата21.06.2023
өлшемі0,64 Mb.
#102721
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
Байланысты:
тарихты оқыту

23 сұрақ. Бейнелеу тәсілдерінің түрлеріне сипаттама беріңіз. (кесте түрінде)

Бейнелеу тәсілдері туралы ұғымға негізделген мәліметтер

Бейнелеу өнері, оның кезеңдеріңе тоқталу

Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да Бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ, театр, кино, теледидардағы безендіруді, көркем дизайнды да Бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болған Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды.

Ежелгі дәуір өнерінің ірі орталығы — Алдыңғы Азиядағы Тигр мен Евфрат өзендерінің аралығы. Б.з.б. 3 — 1 мыңжылдықтарда мұнда шумерліктер мен аккадтықтар мәдениеті, кейінірек Бабыл, Миттани және Ассирия мемлекеттері мәдениеті өркендеді. Мүсін және кескіндеме туындыларымен көркемделген сарайлар мен ғибадатханалар маңызды рөл атқарады. Шумерліктер табынатын биік сатылы мұнара-зиккурат, “құдай үйі”, басқа да көптеген ескерткіштер дүниеге келді. Аккад патшалығы кезеңіндегі Бейнелеу өнерінің үздік үлгісі — 2 метрлік қызыл қыштан жасалған Нарамсин патшаның жеңіс тұғырындағы әскердің тауға көтеріліп бара жатқан сәті қозғалыс пен кеңістікте бейнеленген. Шумерлер мен аккадтықтар мәдениетін біріктірген Бабыл мәдениеті үлкен жетістіктерге жетті. Патша Хаммурапидің (б.з.б. 1792 — 50 ж.) заңдар жинағын оқып тұрған сәті ерекше көріністе бейнеленген.

Ежелгі Мысыр мәдениетінің классикалық, канондық үлгілері — адам тұлғасының тегістіктегі мүсіндері, монументальділігімен, сымбаттылығымен, зәулімділігімен таң қалдыратын Гизадағы пирамидалар, Карнак, Луксордағы ғибадатханалар кешені, т.б. Ежелгі Мысырдың Бейнелеу өнері әлемдік мәдениетке қосылған ірі үлес болып табылады. Эгей мәдениеті (б.з.б. 3000 — 1200 ж.) Жерорта т-нің шығыс бөлігінде, Эгей т-нің жағалаулары мен аралдарында өркендеді. Оның негізгі орталықтары Крит, Киклада аралдары, Микен, Пилос және Тиринф қ-лары болды. Крит-Микен мәдениетінің маңызды сәулет ескерткіші — әйгілі Кносс сарайы Б. Ө-нің түрлі жанрын бойына тоғыстырған туынды. Бояуға бай, түрлі түсті суреттер фрескаларымен сарайлардың, қоғамдық ғимараттардың және үйлердің қабырғалары безендірілген.

Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда Бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары типтік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі.

Кносс сарайының фрескалары арасынан криттіктердің шаруашылық өмірінде, діни және мифологиялық түсініктерінде маңызды рөл атқарған бұқаның бейнесі (“Акробаттар мен бұқа” фрескасы) ерекшеленеді. Сондай-ақ, оның тамаша фрескалары қатарында “Көгілдір киім киген әйелдер”, “Көк түсті дельфиндер мен түрлі-түсті балықтар”, “Абыз-балық”, т.б. бар. Микеннің қабырғаға салынған суреттері де криттік Б. Ө-мен ұқсас. Бірақ онда схемашылдық, шарттылық басым. Ежелгі Грекияның Б. Ө. Эгей мәдениетінің бай дәстүрлерін жалғастырды. Ол гомерлік кезең, ежелгі өнер кезеңі классика және эллинизм кезеңдері болып бөлінеді.

Ежелгі Грекия мәдениеті өзінің даму кезеңін көне грек қала-полистерінің өркендеген кезінде, құлиеленушілік демократия дәуірінде (б.з.б. 5—4 ғ-ларда) басынан кешірді. Грек шеберлерінің шығармашылығы мифологиялық түсініктерге негізделеді.

Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түрлі-түсті бояуды, графика түрлі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтың астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемді (биіктік, ендік және аумақтық) пайдаланады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді-сәндік және қондырмалы болып екіге бөлінеді. Қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді кескіндеме ғимараттардың ішкі қабырғаларында, интерьерде және экстерьерде жазылады. Монументальді мүсін архит. Кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады.

Олар сонымен қатар, болмыс шындығына, дүние-әлемнің үйлесімділігіне деген терең пайымдарға адамның тәни және рухани кемелденуі турасындағы идеяларымен де құнды. Әлемнің үйлесімділігінің өлшемі ретіндегі адам Ежелгі Грекиядағы Б. Ө-нің барлық саласына ортақ сарын. Көне грек мәдениетінің гуманистік бастаулары түрлі дәуірлердегі Еуропа Б. Ө-не өте ықпалды фактор ретінде әсер етті. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс тән.

Шығыс және батыс Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ.

Ашшурбанипал патша (б.з.б. 668 — 26 ж.) тұсында кемелдікке жеткен рельефтер патшаның ерлік істерін, аңшылық салтанатының көріністерін бейнелеген суреттерден тұрады. Ашшурбанипалдың Ниневиядағы сарайындағы рельефтер көркемдік қуатымен, ықшамдылығымен, динамикалық ырғағымен, шиеленіскен драмалық мазмұнымен әлемдік Бейнелеу өнерінің үздік шығармалары қатарында саналады. Бабыл патшалығының өнері Вавилондағы Навуходоносор ІІ сарайларының зәулімдігі және сән-салтанатымен әйгілі. Онда атақты ассирия патшайымы Семирамида салдырған әйгілі “аспалы бақтар”, қабырғалары арыстандардың, жабайы бұқалардың, фантастикалық жануарлардың қаракөк фонға ашық ақ, сары түспен қашалған ғажайып суреттері бар әйгілі “Иштар қақпалары” болған. Бейнелеу өнері Ежелгі Мысырда да (б.з.б. 4-мыңжылдықтың соңы б.з.б. 341) қарқынды дамыды. Ол дінмен, құдай дәрежесінде дәріптелген перғауындарға табыну ғұрпымен өте тығыз байланысты болды.

Жер шарының әр аймағындағы ежелгі адамдар тұрағынан Бейнелеу өнерінің алғашқы үлгілері табылған. [Альтамир (Испания), Ласко (Франция), Кимберли (Австралия) үңгірлері]. Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық өнердің ірі-ірі кешенді түрлері Тамғалыда, Ертіс аңғарында, Орталық Қазақстанда сақталған.

Бейнелеу өнері тарихы адамзат тарихымен қатар басталған. Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі жер бетінде болған небір өркениет пен мәдениеттің іздері осы өнер арқылы таңбаланып, бізге жеткен. Бейнелеу өнерінің даму жолы шартты түрде бірнеше кезеңге бөлінеді: алғашқы қауымдық өнер, ежелгі дәуір өнері, орта ғасыр өнері, қайта өркендеу дәуірі, жаңа дәуір өнері, қазіргі заманғы өнер.

Патшаның құдаймен байланысы, патша билігінің жаратушының тікелей қолдауымен болып отырғанын символды түрде бейнелеп көрсеткен. Ассирия өнері барлық көнешығыстық мәдениеттердегідей дінмен өте тығыз байланыстылығына қарамастан мейлінше зайырлы сипатта болды.

Шумерлер мен аккадтықтар мәдениетін біріктірген Бабыл мәдениеті үлкен жетістіктерге жетті. Патша Хаммурапидің (б.з.б. 1792 — 50 ж.) заңдар жинағын оқып тұрған сәті ерекше көріністе бейнеленген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет