2) Нақты капитал (капитал жасайтын) инвестициялар – материалдық өндіріске материалдық-заттай қызмет түрлерін ұзақ мерзімді қаражат салу немесе басқаша айтқанда, жұмыс жасап отырған кәсіпорындарды қайта құру және техникалық жағынан қайта қаруландыруға, жаңа кәсіпорындар салуға жұмсалған инвестициялар. Бұл жерде инвестор-кәсіпорын өзінің капиталын, соның ішінде негізгі өндірістік қорларын ұлғайту мақсатында жұмыс жасайды.
3) Материалдық емес активтерге салынған инвестициялар – кәсіпорынға, жобаларға және қандай да бір істі бастауға қажет құқықтарға, лицензияларға, ноу-хау, мүлікке және басқа да ғылыми-техникалық өнімдер нысанындағы ақшалай емес инвестициялар.
Нау-хау – патенттелмеген өндірісті ұйымдастыруға қажетті өндірістік тәжірибелер мен ілімдерді техникалық құжаттар түрінде көрсететін техникалық, технологиялық, коммерциялық және басқа да білімдердің жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |