1 сұрақ. Нарықтық қатынастар жүйесіндегі инвестиция


Инвестициялық жоба, оның құрылымы және өмірлік циклының алдындағы фаза



бет8/17
Дата06.01.2022
өлшемі70,33 Kb.
#16265
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
19-20 билет

Инвестициялық жоба, оның құрылымы және өмірлік циклының алдындағы фаза көбінесе жауапкершілікті болып табылады және келесілерді біріктіреді.

-инвестициялық мүмкіндіктерді талдау;

-болжамдық технико-экономикалық негіздеу (ТЭН);

-технико –экономикалық негіздеу мен инвестициялық салымдардың тиімділігін есептеу;

-инвестициялық мүмкіндіктер жайлы баяндама мен келесі фазаға өтудің мақсаттыллығы жайлы ұсыныс.

Инвестиция алдындағы фазада жоба концепциясын дайындау жүзеге асырылады-жобаның түпкі мақсаттарын және оларға жету жолдарын анықтау. Сонымен қатар жобаның өмір сүруге қабілеттілігін бағалау жүзеге асырылады, яғни оның технико-экономикалық негізделуі жүзеге асырылады. Осының барлығы болашақ бизнестің тиімділігін бағалау тұрғысынан жобаны болжамдық сараптау болып табылады. Нәтижесінде бәр баламаның басқаның алдындағы артықшылығы негізделеді және жоба бойынша жұмыстардың басталуы жайлы шешім қабылданады.

Осыдан кейін инвестициялық фаза басталады, ол жобаны жоспарлау кезеңінен –мақсаттардың кешеніне жетуге әкелетін жұмыстардың кезең тізбектілігін анықтаудан басталады. Жоба жоспары жұмыс істеудің құралы және осы жұмыстардың нақты күн тізбелік графигін құрастырудың және олардың құнын нақты бағалаудың алғы шарты болып табылады Техникалық талаптар тағайындалады, олар жоба объектлерінің басты пайдаланушылық сипаттамаларын (жұмыс көлемі, еңбек өнімділігі, өндірістің материал сыйымдылығы, экологиялық көрсеткіштер және т. б.) бейнелейді. Қажетті геодезиялық және инженерлі–геологиялық іздеулерді жүргізу мен жұмыстарды жүргізуге рұқсат беретін куәліктерді алу арқылы жер учаскелерін таңдау мен рәсімдеу жүзеге асырылады. Эскиздік жобалау жүргізіледі, мұнда жобалау бойынша жұмыстардың құрамы, жобалық- конструкторлық іс-әрекеттің басталуы, ТЭН түзету мен бекіту, жоба бойынша шығындарды бағалау анықталады. Келесі келісім-шарттық кезеңде жобаның потенциялды орындаушылары таңдалады және жобаны орындау жайлы келісім-шарт құрастырылады, мұнда жобалауға тапсырма, жұмыстардың орындалу графигі, олардың құны айқындалады. Осыдан кейін келісім-шарт негізінде подрядтық ұйымдармен қарым-қатынастарды рәсімдеу жүзеге асырылады. Сонымен еңбек сыйымды және шығындық кезең – жобаны жүзеге асыру фазасы болып табылады, мұнда жұмыстық жобалау мен құрлыс жүзеге асырылады.

Орта статистикалық деректер бойынша жоба кезеңдерінің пайыздық ара қатынасы келесідей болады:концептуалдық -3%; жоспарлау -5%; жобалау -20%; құрылыс -60%; аяқтаушы -12 %. Жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстардың негізгі түрлері: құрлыс-құрастыру жұмыстары; реттейтін жұмыстарды орындау; жобаны заказ берушіге тапсыру; жобаны іске қосу мен өнім шығару; құрал-жабдықты жөндеу мен өндірісті дамыту; нәтижелерді бағалау.

Жобалық циклдың бойында жобаны ұйымдық-экономикалық; құқықтық, кадрлық, қаржылық,материалды- техникалық, коммерциялық (маркетинг) ақпараттық қамсыздандыру қажет.

Жобаның өмірлік циклының құрылымын білу оның перспективалылығын; нақты кәсіпкер және мемлекет үшін мақсаттылығы мен мәнділігін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Мұнда жобаны ұқыпты экономикалық негіздеуге көп көңіл бөлу қажет, ал жобаны іске қосудың мақсаттылығын мақұлдау немесе мақұлдамауы қажет.

Жобалық несиелеуде жобалық айналым деген сөз қолданылады. Дүниежүзілік банкте қабылданған тәжірибеде жобалық айналымның өзіне тән кезеңдері болады (5-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет