Портфельдік инвестицияларда екі топқа бөлінеді.
1-топ. Бағалы қағаздар сатып алуға бағытталған инвестициялар, соның ішінде:
кәсіпорындардың акцияларын сатып алуға;
облигациялар сатып алуға;
басқа да бағалы қағаздар сатып алуға.
2-топ. Басқа кәсіпорындардың активтеріне жұмсалған инвестициялар, соның ішінде:
өндіруші-кәсіпорын активтеріне қаражат салу;
қаржы-несие мекемелерінің активтеріне салу;
басқа да коммерциялық ұйымдардың активтеріне салу.
2 сұрақ. Жобаны сараптау.
Жобаға жасалған шығын мен оны іске қосудың нәтижжесін салыстыру негізіне қарай салымның тиімділігін бағалау мақсатымен жобалық сараптаудың концепсиясын пайдаланады. Жобаларды сараптау деп капиталдық жобаның пайдалылығын сараптайтын процесті айтады. Инвестициялық жобаны дайындау және іске қосу кезінде жоба өмірлік циклді өтеді.
3 сұрақ. Қаржыландыру көздері: инвестициялық қызметтің құрамы мен құрылымы.
Әрбір жоба өз дамуында нақты жолдан өтеді. Жобаның пайда болуы мен аяқталуы кезеңдерінің арасындағы уақыт аралығы жобаның өмірлік циклы (немесе жобалық цикл) деп аталады. Өмірлік циклды жүзеге асыру үрдісінде келесі фазаларды бөлуге болады: инвестиция алдындағы фаза, инвестициялық фаза, пайдалану фазасы мен жобаны аяқтау.
Достарыңызбен бөлісу: |