1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу


Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбекккерлерінің жанқиярлық ерлік көрсетуі



бет32/48
Дата14.03.2023
өлшемі230,37 Kb.
#74353
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары

66.. . Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбекккерлерінің жанқиярлық ерлік көрсетуі.
Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты.
Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға шақырылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті.
67.. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халыққа білім беру және ғылым, мәдениет.
Ұлы Отан соғысының зардабы халықтың ағарту ісіне, совет мектебінің өміріне әсер етпей қойған жоқ. Соғыс жылдары мектепте мұғалімдердің және оқу құралдарының жетімсіздігіне қарамастан, балаларды жаппай оқуға тарту жұмыстары тоқтатылған жоқ, жеке пәндерді оқытуда балаларды патриоттық идеяда тәрбиелеу мәселесіне көп көңіл бөлінді, дене тәрбиесі дамытылды, жастарға ауыл шаруашылығына араласу мәселелеріне жете көңіл бөлінді. 1944-1945жж оқушылар мектепке 7 жастан алына бастады. Мектепті тастап, еңбекке араласқан жастар үшін кешкі мектептер ашылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында мектеп өміріне аздаған өзгерістер енгізілді. Бастауыш кластарда тарих, география, жаратылыс пәндері жеке оқытылмай, оқу сабағына қосылды. Мeктeп жұмысында біршама кемшіліктер де орын алды. Оқытуда формализмге жол берілген жағдайлар да болды. Әсіресе орыс тілін оқытуда елеулі кемшіліктер кездесті, оқыту өмірден алшаң, мектеп бітірген жастардың практикалық даярлығы шамалы болды. Оқытуда социалистік жарыстың орын алуы балаларға көтерме баға қоюға әкеп соқты. Сондықтан оқу жұмысында социалистік жарысқа тыйым салынды. 1944 жылдың январында балалардың сабақ үлгіріміне 5 балдың баға қою жүйесі енгізілді. Бұл жаңалық мұғалімдерден баға қоюға жауапты қарауды талап етті. 1943 жылы енгізілген ер балалар мен қыз балаларды бөлек мектептерде оқыту 1954 жылы қате шешім ретінде өзгертілді.Бастауыш және 7 жылдық мектепті бітірушілер мектеп бітіру емтихандарын, ал мектепті бітірушілер кәмелеттік аттестат алу емтихандарын тапсыруға міндеттелді.
Ұлы Отан Соғысындағы жеңіске Қазақстанның мәдени қызметкерлері үлкен үлес қосты. Ғылым және өнер адамдарының шығармашылық еңбегі майдандағы кеңістік әскерлердің ерлігімен, жұмысшылар мен колхозшылардың тылдағы даңқты істерімен қатар Ұлы Отан соғысының ерлік тарихына өзіндік жарқын із қалдырды. Бұл кезеңдегі әдебиеттің негізгі тақырыбы патриотизм және Отанды қорғау. Ж.Жабаевтың Ленинградтық өренім, Ә.Тәжібаевтың Ленинград өлеңдері, З.Шашкин, Қ,Аманжолов, Ә. Сәрсенбаевтың шығармалары көпке бегілі болды. Қазақстан өнер шеберлерінің бригадалары майданға аттанды 11 бригада майданда болып 870 концерт қойды. Госпитальдарда, шақыру пункттерінде, әскери бөлімшелерде, шекаралық заставаларда концерттер берілді. Жалпы 36,5 мың концерт қойып, оларды 9 миллионнан астам көрермендер тамашалады. «Екі жауынгер», «Майдан», «Ол Отанын қорғайды», «Күт мені» және т.б миллиондаған адамдарды патриотизмге тәрбиелеуге үлкен ықпал жасаған, кинолар түсірілді.Қазақ халқының музыкалық мәдениетінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан композиторлары 300-ден астам музыкалық шығармалар: опералар, симфониялар, әскери-патриоттық әндер жазды. Соғыс жылдарында опера өнері дами түсті. «Гвардия, алға!», «Абай» опералары қойылды. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңестік ғылым орасан зор рөл атқарды.Соғыстың бірінші күндерінен бастап əскери техника саласында жұмыс істейтін ғалымдар техниканың жаңа түрлерін шығарып, ескі түрлерін жетілдіре бастады, мысалы, авиаконструкторлар С.Ильюшин, А.Микоян, С.Лавочкин өздерінің истребительдері мен штурмовиктерін жетілдіріп, жаңа деңгейге жеткізді, ал конструкторлар В.Климов, А.Микулин, А.Швецов авиамоторларды жетілдіру жағынан көп жұмыс атқарды, соның нəтижесінде əскери ұшақтардың жылдамдылығы жəне соғыс қабілеті өсіп, олар шайқастарда жақсы нəтижеге жете бастады. Конструкторлар мен инженерлер соғыс қарсаңында шығарылған Т-34 жəне КВ танкілерін жетілдіре түсті, сонымен қатар теңіздік миналарды жəне кемелерді магнитсіздендіретін құралдарды шығару қолға алды.Осы кезеңде көптеген ғалымдар мартен пештерінің жұмысын жақсарту, металдың жаңа түрлерін шығару, жарылғыш заттарды шығаратын конвейерлерді жетілдіру жəне т.б. жұмыстармен шұғылданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет