1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу


Жер аударылған орыстардың (Г.С.Карелин, М.М.Муравьев-Апостол, Ф.М.Достоевский және т.б.) Қазақстан мәдениетіне қосқан үлесі



бет31/48
Дата14.03.2023
өлшемі230,37 Kb.
#74353
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48
47. Жер аударылған орыстардың (Г.С.Карелин, М.М.Муравьев-Апостол, Ф.М.Достоевский және т.б.) Қазақстан мәдениетіне қосқан үлесі.
56.1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық.
Екінші ашаршылық — 1921-1922 жыл. Оның үш себебі бар. Алғашқысы — Азаматтық соғыс салдарынан қазақ даласындағы шаруашылықтардың күйзеліске ұшырауы. Екіншісі – 1920 жылғы жұт пен 1921 жылғы құрғақшылықтың ауыл шаруашылығына келтірген зияны. Үшіншісі — жұқпалы аурудың тарауы. 1921 жылы Қазақстанның 5 губерниясы – Орынбор, Ақтөбе, Орал, Бөкей, Қостанай және Адай уезі ашаршылыққа ұшырады. 1920-1923 жылы жүргізілген ауыл шаруашылығы санағы және Қазақстандағы жерге орналастыру мөлшерін белгілеген экспедицияны басқарған профессор С.П.Швецовтың мәліметтері бойынша, 1921 жылғы қиын жағдайда Қазақстан халқы 30%-ке дейін азайған. Кейбір елді мекенде нәубет кесірінен халық түгелдей дерлік зардап шеккен, яғни не аштан өлген, не босып кеткен. 1922 жылдың қаңтарындағы мәлімет бойынша, Орынбор губерниясында – 437 776, Қостанай губерниясында – 252 816, Ақтөбе губерниясында – 359 326, Орал губерниясында – 277 835, Бөкей губерниясында – 100 мың, Адай уезінде – 75 мың адам ашаршылыққа ұшырады. ҚзОАК-нің Төрағасы С.Мендешевтің 1922 жылғы 8 шілдеде КазОАК-нің III сессиясында жасаған баяндамасында сол жылдың көктемінде алынған жартылай дерек бойынша Қазақстанда 2 832 000 адам аштық зардабын тартқаны жайлы айтылады. Ашыққан адамдарға көмек көрсету комиссиясының төрағасы Мұхтар Әуезовтың мәліметінше, сол жылдары 1 млн 700 мың адам аштықтан көз жұмған. Ата-анасы көз жұмып, қараусыз қалған балалардың күн сайын 50-60-ын жергілікті өкімет органдары балалар үйіне бөлді. 1921 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша қараусыз қалған аш-жаланаш бала саны Қазақ АКСР-і бойынша 128 000 болса, осы жылдың соңында бұл көрсеткіш 158 000-ға, ал 1923 жылғы 1 наурызға қарай 408 022-ге жетті. Сол жылдары сүзек, тырысқақ, оба, дінгене секілді жұқпалы аурулар тарай бастады. Бұл дертке шалдыққандар республиканың емдеу мекемелерінің мүмкіндіктерінен едәуір асып кетті. Ашаршылық, эпидемия, ауруханада орынның жетіспеуі өлім санын одан әрі көбейтті. Мысалы, Қостанай губерниясында аштар мен аурулардың 75%-ке жуығы көз жұмды. Республиканың Денсаулық сақтау халық комиссариатының деректері бойынша Орынбор, Орал, Ақмола және Ақтөбе губернияларында 1921 жылдың 1 қарашасы мен 1922 жылдың 1 шілдесі арасында 37 657 адам ашаршылық құрбаны болды. Малдың 80%-і кырылды. Ауылшаруашылық өнімінің 80%-ін Кеңес билігі орталыққа тасып, халық азық-түліксіз қалды. 1918 жылдың 13 мамырынан бастап азық-түлік диктатурасына сай «Азық-түлікті тәркілеу» науқаны басталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет