1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу


Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан. Бейбіт құрылысқа көшудің қиындықтары. Қазақстанның халық шаруашылығындағы мәселелер мен қиындықтар



бет33/48
Дата14.03.2023
өлшемі230,37 Kb.
#74353
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48
68. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан. Бейбіт құрылысқа көшудің қиындықтары. Қазақстанның халық шаруашылығындағы мәселелер мен қиындықтар.
¥лы Отан соғысы аяқталғаннан кейін еліміэдің экономикалық жағдайы өте қиын болды. Жау қолында болған қалалар мен селолардың тек қирандылары ғана жатты. Кеңес Одағы байлығының үштен бірі жойылып кетті. 1710 қала, 70 мыңнан астам деревнялар мен селолар, көптеген зауыттар мен фабрикалар, шахталар, мыңцаған шақырым теміржолдар және т.б. істен шығып қалды. Соңғы тарихи деректер бойынша, Кеңес Одағынан соғыста 30 млн-ға жуық адам қаза болды Бұл елдеп адам ресурстарының тапшыл-ығына алып келді. Осынау қиындықтарға қарамастан қысқа мерзім ішінде халық шаруашылығын қалпына келтіру керек болды. Қазақстан халқы халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру ісіне белсене араласты. Ондаған қала-лар мен аудандарға туысқандық көмек жасады. Мыңдаған қазақстандық жұмысшылар мен мамандар Ленинград пен Сталинградта, Брянск пен Донбаста, Солтүстік Кавказда, Украинада, Белоруссияда және Кеңес Одағының басқа да аудандарында аянбай еңбек етті.
Ал Қазақстанда ел экономикасын бейбіт өмірге қайта бейімдеу шаралары жүргізілді. Әсіресе өнеркәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Болат өндіру, цемент, қара және түсті металл өндірісі жабдықтарын шығару, кемір және тау-кен кәсіпорындарын дамыту жақсы жолға қойылды. Өйткені Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті дамыту басты назарда болып, негізгі күш осы са-лағажұмсалды. Бүған елдің қорғаныс күшін арттыру бағыты қосылды. Қазақ-стан Кеңес Одағының әскери-енеркәсіптік кешенінің ірі ошағына айналды.
Республикада, бүкіл елдегі сияқты, бір адамның -И. В. Сталиннің жеке басына табыну үстемдік тұрды. Қандай табыс болсын, соның басқару қабілетіне байланысты дәріптеліп, кемшіліктер мен өрескел қателіктерге көз жұма қаралды. Осының бәрі Қазақстаның қоғамдық-саяси дамуына теріс әсер етті. 50жылдардың басында сталинизом идеологиясы әбден асқынды. 1946жылғы наурызда өткен КСРО Жоғарғы Кенесінің сессиясында Жоспарлау Комитетінің төрағасы Н. А Вознесенскийдің төртінші бесжылдық жоспар туралы баяндамасында осы қағида жетекші партиялық бағыт деп жариялады. Көз жетерлік тарихи кезенде коммунизмді орнату болады деген қағида кеңес басшылығы тарапынан жиі-жиі айтылатын болды және ол дайындалып жатқан коммунистік партияның үшінші бағдарламасының жоспарында өз көрінісін табуға тиісті деп есептелді.Өзгерген өмірдің жаңа талаптарына қарамастан, соғыстан кейінгі кезенде де ауыр өнеркәсіпті бұрынғыдай тез қарқынмен дамыту экономикалық саясаттың басты принцпы болып қала берді. Ал халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі, соғысқа дейінгі кезеңдегідей, екінші кезектегі мәселе болып саналды. Қазақстан — лагерьлер өлкесі. 30-шы жылдардың өзінде ақ жазықсыз жазаланған, саяси қудалаудың құрбаны болғандарды қоғамнан бөліп ұстау үшін Қазақстан лагерьлер өлкесіне айналдырылған еді. Олардың ең үлкені Қарағанды лагерьлері жүйесі болды. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және соғыс жылдары Қазақстанға көптеген халықтар күшпен көшіріліп келгені белгілі. Олардың қатарында кәрістер, немістер, поляктар, қалмақтар, қарашайлар, балқарлар,литвандар болды. Қазақстанда арнайы жер аударылғандардың ішінде орыстар да аз болған жоқ.Соғыстан кейінгі он жылдан астам уақыт бойы қазақтың кең сахарасының айтарлықтай бөлігі лагерьлер өлкесі болып қала берді. Соғыстан кейінгі жылдарда республика эканомикасын қайта құру. Кеңес Одағының эканомикасы соғыстан айтарлықтай әлсіреп шықты. Соғыс жылдарында 1710 қала және 70 мыңдай ауыл қирады. Тек қана Беларусьте 300 мың отбасы, ал бүкіл ел бойынша 2 мил. 32 мыңнан астам өнеркәсіп орындары мен 100 мыңнан астам ауылшаруашылық кәсіпорындары орасан зиян шекті, олардың бір бөлігі түгелдей жойылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет