1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу


Білім мен ғылымдағы оң өзгерістер. Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы



бет34/48
Дата14.03.2023
өлшемі230,37 Kb.
#74353
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48
69.. Білім мен ғылымдағы оң өзгерістер. Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы.
Соғыстан кейінгі кезенде білім, ғылым және әдебиетпң дамуында бірқа-тар жетістіктерге қол жеткізілді. 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясы ашылды, оның ұйымдастырушысы әрі тұңғыш президенті Қ. Сәтпаев болды. 1950 жылдың соңында Қазақ КСР-ның Ғылым Академиясы жүйесінде 19 ғылы-ми-зерттеу институты жұмыс істеді. 1947 жылы М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясының екінші кітабын жазып бітірді, ал 1949 жылы оған КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақ әдебиетінде бұл жылдары С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Мил-лионер» және И. Шуховтың романдары, Т. Жароковтың шығармалары және т.б. құнды еңбектер жарық көрді. Соғыстан кейінгі жылдарда, бір өкініштісі, зиялы қауымға қарсы сталиндік қуғын-сүргін саясатының жаңа толқыны басталды. Ленинград пен Мәскеуде идеологиялық тапсырма непзшде қолдан жасалған «Ленинград ісі", «Дәрігер-лер ісі», ал Қазақстанда «Бекмаханов ісі» ұйымдастырылды. Е. Бекмаханов талантты тарихшылардың бірі еді. Соғыс жылдарында белгілі ғалымдармен, тарихшылармен бірге ғылыми шығармашылық жұмыспен белсенді айналыс-ты. Мысалы, соғыс жылдары А. Кучкин, А. Панкратова, Б. Греков, Н. Дружи-нин сынды белгілі ғалымдар енген авторлық ұжымның құрамында «Қазақ КСР тарихын» жазуға қатысты. Бұл аса құнды еңбек 1943 жылы жарық көрді. 1947 жылы Е. Бекмаханов «XIX ғасырдың 2о10 жылдарындағы Қазақстан» атты іргелі ғылыми монографиясын дайындады. Алайда еліміздің идеоло-гия саласын басқарып отырған адамдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық кетеріліске қатысты ғалымның көзқарасы ұлтшыл әрі саяси зиянды деп бағалады. Сол себепті 1952 жылы Е. Бекмаханов 25 жылға сотталып, тек И. Сталин өлгеннен кеиін ғана, 1954 жылы көктемде ақталды. Саяси айып тағылып, ғалымдар қатарында А. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Қ. Мұхамедханов, жазушы Ю. Домбровский және т.б. қудаланды. Қ. Сәтбаев пен М. Әуезов саяси қысымның нәтижесінде еріксіз Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды.
70.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға немістердің депортпциясы:тарихы және тағдырлары.
Депортация латынша «deportatio» – «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп түсіну қажет.
Еділ немістерінің автономиялық республикасын жою, Еділ бойындағы, Украинадағы, Әзірбайжандағы, Ленинград облысында және басқа жерлерде неміс ауылдарын қирату, мыңдаған жазықсыз адамдарды жер аудару болды. Ресейлік немістерді Кеңес Одағының Еуропалық бөлігінен және Кавказдан депортациялау 1941 жылдың шілдесінде басталды. Неміс халқы Украина мен Еділден жер аударылды. 1941 жылы 28 тамызда «Еділ бойында тұратын немістерді қоныстандыру туралы» Жарлық жарияланды. Калинин мен Горкин Еділ немістерінің арасында мыңдаған деверсанттар бар деген құжатқа қол қойып, Немістерге жаза қолданып, оларды жер аудартты. Еділ немістерін «қоныстандыру» орындары «Новосибирск пен Омбы облыстарының, Алтай өлкесінің, Қазақстан мен басқа да көрші аудандардың егістік жерлерге толы аудандары» болды. Ресейлік немістердің тағы бір бөлігі Вермахт басып алған территорияға түсіп, Германия мен Польшаға апарылды. Соғыстан кейін олардың көпшілігі Кеңес Одағына оралды, сонымен бірге Сібірде, Қазақстанда және басқа да жер аударылғандарда, НКВД-ның бақылауымен «арнайы қоныста» болды. Мәліметтер бойынша 1945-1946 жылдары Қазақстанда 530 мыңға жуық немістер өмір сүрді. Немістердің Қазақстандағы тұрғылықты жері негізінен Қарағанды, Қостанай, Целиноград, Павлодар, Семей, Көкшетау, Жамбыл облыстары болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет