1 сұрақ Зат алмасу туралы жалпы түсінік және ондағы ферменттердің рөлі Зат алмасу


Тыныс алу тізбегіндегі байланысқан энергияның түзілу жолдары



бет20/48
Дата08.12.2022
өлшемі93,68 Kb.
#55792
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48
Байланысты:
Молек сессия жауаптары (2) (копия)

39 Тыныс алу тізбегіндегі байланысқан энергияның түзілу жолдары
Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.Ересек адам қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л., кейде 7 л. ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде су көптеп шығып, тершең болады.Кеуде қуысын кеңейту тәсіліне қарай дем алудің екі түрі бар:қабырғаларды көтеріп кеуде қуысын кеңейту арқылы дему алу - кеудемен дем алу (жас сәби мен әйел адамдар дем алысы) деп аталады;диафрагманың көмегімен кеуде қуысын кеңейту арқылы дем алу - ішпен дем алу (ер адамдардың тыныс алуы) деп аталады.
40 Электрондардың оттегі молекуласымен қосылғандағы АТФ синтезі
Оттегі молекуласы митохондрияның ішкі мембранасындағы катаболитикалық реакциялардың соңғы сатыларында ғана сахнаға шығады. Бұл реакциялардың барысында субстрат тотыққанда NAD+ пен FAD-қа көшкен электрондар оттегі молекуласымен байланыс түзіп, ал осы кезде босаған энергия АДФ пен Pi АТФ синтездеуге пайдаланылады. Осы процестің жиынтығы фосфорлану деп атайды. Тыныс алу тізбегіндегі тотығып фосфорлану кезіндегі АТФ синтезі хемиосмостық процеске тәуелді. Хемиосмостық гипотезаға сәйкес NADH және FADH2-қа көшкен жоғары энергетикалық электрондар митохондрияның ішкі мембранасыдағы электрон транспорттық тізбекпен яғни тыныс алу тізбегімен өткен кезде энергия босанып бұл энергия протондарды мембрана аралық кеңістікке ығыстырып шығару үшін пайдаланылады. Нәтижеде ішкі мембрананың екі жағының арасында электрохимиялық протон градиенті пайда болады. Бұл градиенттің өте жоғары деңгейге жеткен кезде протон матрикске қарай «кері» ағып, бұл кезде бөлініп шыққан энергия, мембранада орналасқан АТФ-ситетаза ферменті АДФ пен Фі АТФ синтезделуін катализдейді. Сонымен митохондрияның ішкі мембранасы NADH тотығуы кезіндегі бөлінген энергияны фосфат байланысындағы энергияға айналдыратын энергия түзуші машинаның рөлін атқарады. Тотығу кезіндегі фосфорлану процессінде бір жұп электронды NADH-тан оттегі молекуласына қарай тасымалдау кезіндегі бөлінетін энергиядан, шамамен үш АТФ молекуласы түзіледі (FADH2 екі электрон тасымалданғанда бұл электрондардан бөлінетін энергия аз болғандықтан АТФ-тің тек екі молекуласы түзіледі). Лимон қышқылының циклына түсетін әрбір ацетил СоА молекуласы 12 молекула АТФ береді. Демек бір молекула глюкоза тотыққанда АТФ-тің 24 молекуласы түзіледі. Егер ацетил-СоА түзілгенге дейінгі экзотермиялық реакциялар ескерілсе, глюкозаның бір молекуласы толық тотыққанда шамамен АТР 36 молекуласы түзіледі. АТФ түзуге сол сияқты май қышқылы-пальмитатта қатысады.NADH түзілетін реакцияларда NAD+-қа бірден екі атом сутегі қосылып бір гидрид-ион және протон түзіледі. Тыныс алу тізбегіндегі электрон транспорты NADH-ғы гидрид ионды қосып алудан басталады; бұл кезде NAD+ қайта түзіліп (регенерацияланып), ал гидрид-ион протонмен екі электронға жіктелінеді. Бұл электрондар митохондрияның ішкі мембранасында орналасқан электрон тасмалдайтын көптеген молекулалардың біріншісіне көшеді. NADH-тан берілген электрондар әр тасымалдаушы молекуладан электронмен байланыс орнату мүмкіндігі ең жоғары болатын ең соңғы акцепторға дейінгі аралықта электрондардың энергетикалық деңгейі төмендеп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет