1 сұрақ Зат алмасу туралы жалпы түсінік және ондағы ферменттердің рөлі Зат алмасу


сұрақ Митохондрияның ішкі мембранасында орнаған электрохимиялық градиенттің негізіндегі энергияның қорлануы



бет21/48
Дата08.12.2022
өлшемі93,68 Kb.
#55792
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48
41сұрақ Митохондрияның ішкі мембранасында орнаған электрохимиялық градиенттің негізіндегі энергияның қорлануы
Митохондриялар (гр. μίτος — жіп және χόνδρος — түйіршік) — жіпше және түйіршік тәрізді органоид. Ол автотрофты және гетеротрофты организмдердің цитоплазмасында кездеседі.Метохондрияның ішкі мембранасында ақуыз 75%-ке дейін жетеді, мұның өзі оның басқа клетканың мембраналарына карағанда ерекшелігін көрсетеді.Ішкі мембранасында электрондарды тасымалдайтын тізбек және фосфорландыру процесіне қатысатын тасымалдау ферменттері (АДФ-тен АТФ) орналасады. Митохондрияда органикалық субстраттардың тотығуы және АДФ фосфорлануы нәтижесіндс АТФ синтезделеді, сондықтан да митохондрияны жасушаның күш беретін станциясы деп атайды. Клеткадағы тотығу және энергия жинау процестері бірнеше кезеңмен жүреді.
42сұрақ ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтер арасындағы байланыстар
Нуклеотидтер – нуклеин қышқылдарын(үлкен молекулалы полимер) құрайтын негізгі құрылымдық бірлік.Нуклеин қышқылдарының екі түрі бар: дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ), рибонуклеин қышқылы (РНҚ). ДНҚ өзінің репликациясын (екі еселенуін) қамтамасыз ете алады. ДНҚ ақпараттық РНҚ (аРНҚ) синтезделуін қамтамасыз етеді және аРНҚ арқылы нәруыз синтезін бақылайды.Нуклеотидтер - ДНҚ мен РНҚ-ның құрам бөліктері. ДНҚ молекуласындагы әрбір нуклеотид үш компоненттен тұрады: тимин, аденин, гуанин, және цитозин, азот қосылыстары, 5 мүшелі көміртекті көмірсулар, дезоксирибоза және фосфор қышқылының қалдығы. РНҚ, да көмірсулардан рибоза бар, ап азот қосылысынан тимин урацилмен алмасқан.
43 сұрақ Энергия алмасу кезіндегі жануарлар мен өсімдіктердің арасында орнаған циклды процестің механизмі
Тағамның құрамындағы күрделі ағзалық заттар ыдыраған кезде едәуір мөлшерде энергия бөлінеді. Ферменттердің қатысуымен күрделі ағзалық қосылыстардың ыдырауы кезінде энергия бөлінетін реакциялардың жиынтығы энергетикалық алмасу дейді
Энергетикалық алмасу кезінде бөлінген энергияның 30%-ы қоршаған ортаға жылу күйінде таралады. 60-70%-ы жасушадағы митохондрияларда қор ретінде жиналады. Ағзаның жұмсаған энергиясының мөлшері белгілі бір уақыт аралығында бөлінген жылудың мөлшерімен есептеледі. Жұмсалған энергия джоульмен, калориямен өлшенеді. 1 ккал 4,19 кДж-ға тең. 1 калория дегеніміз — 1 грамм суды 1°С көтеруге қажетті жылу мөлшері. Энергияны өлшеу бірлігі - джоуль
Энергетикалық алмасу үш кезеңнен тұрады. Бірінші - дайындық, екінші - оттексіз, үшінші - оттекті кезең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет