1. Статика. Механикалыққозғалыс, күш, күштержүйесі, баламалыкүштержүйелері, теңәсерліжәнетеңгеретінкүштер


Теңгерілген күштер жүйесін қосу туралы аксиома және әсер мен қарсы әсер туралы аксиома



бет2/32
Дата21.10.2023
өлшемі71,71 Kb.
#120245
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
1. Статика. Механикалы оз алыс, к ш, к штерж йесі, баламалык шт

3. Теңгерілген күштер жүйесін қосу туралы аксиома және әсер мен қарсы әсер туралы аксиома.

Теңгерілген күштер жүйесін қосу және алып тастау аксиомасы.


Күштер жүйесінің қатты денеге әсерін өзгертпей, соған теңгерілген күштер жүйесін қосуға немесе алып тастауға болады. Салдары: АҚД-ге түсетін күштің әсерін өзгертпей, оны әсер ету сызығы бойымен дененің кез келген басқа нүктесіне көшіруге болады, яғни күш - жылжымалы вектор болып табылады.

Аксиома (әсер және кері әсер туралы заң). Екі дене біріне-бірі әр уақытта шамалары тең бір түзу бойымен қарама-қарсы бағытталған күштермен әсер етеді.


Кейде осы аксиоманы қысқартып «әсер кері әсер» деп те атайды.
4. Байланыстар және олардың реакциялары. Байланыстар туралы аксиома. Байланыстардың негізгі түрлері. Қатаю туралы аксиома.


Берілген дененің қозғалысын шектеп, онымен жанасатын дене байланыс деп аталады.Берілген дене байланысқа бір күшпен әсер етеді.Бұл күшті қысым күші деп атайды. Байланыс та берілген денеге бір күшпен әсер етіп, оның қозғалысын шектейді. Бұл күш байланыс күші немесе байланыс реакциясы деп аталады.


Байланыстар аксиомасы.
Байланыстар әсерлерін реакцияларымен алмастыру арқылы кез келген еркін емес денедегі байланыстарды алып тастауға болады, сондықтан да ол дене өзіндегі актив күштер мен байланыстар реакцияларының әсеріндегі еркін дене ретінде қарастырылады.


Сонымен, бұл аксиома әрбір еркін емес қатты денені еркін дене ретінде қарастыруға мүмкіндік туғызу үшін ол денедегі байланыстарды ойша алып тастап, олардын орынына өздеріне сәйкес келетін реакциялық күштерді алу керек екендігін көрсетеді.

Байланыстар туралы ұғым – механикадағы күрделі ұғымдардың бірі. Статикада қарастырылған байланыстар көбінесе қозғалмайтын қатты дене, жіп, сырық, материалық нүкте түрінде кездеседі.


Қатаю аксиомасы.


Күштер жүйесі әсер ететін кез келген деформацияланатын денені тепе-теңдіктегі абсолют қатты дене ретінде қарастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет