ауызша (экспедициялық). Ауызша бақылау тәсілі зерттеушінін немесе тіркеушінің қажетті адамдармен әңгіме өткізе отырып, қажетті сұрақтарына жауап алуын, содан кейін формулярларды толтыруын білдіреді.
корреспондентгік тәсілде бақылауды жүргізетін тіркеушілер қажетті адамдарға нақты сұрақтарды қоя отырып, оның жауаптарын жазып алады. Жазу құралы әр түрлі болуы мүмкін. Қазіргі жиі қолданатын жазба қүралдары, дыбыстық және дыбыстық-бейнелік кұралдар. Бұл тәсілдің ауызша тәсілден айырмашылығы, оның арнайы бағдарламасы болуында және жауап алынатын сұрақтар түрінің нақтылығында. Сондай-ақ, корреспонденттік тәсілде әрбір бақылауға алынған бірліктерге көп уақыт жіберілмейді, сондықтан бұл тәсілде адамдардың жеткілікті көлемін қамтуға болады
анкеталық бақылау тәсілі статистикада жиі қолданылатын тәсілдің бір түрі болып табылады және оның негізгі көрінісі, анықталуға жататын сұрақтар адамдарға анкетамен таратылып, соның нәтижесінде мәліметтер жинауды білдіреді. Анкетада жоғарыда қарастырылған бақылау тәсілдері тәрізді, сұрақтарды тізбекті түрде қояды. Анкеталар толтырылғаннан кейін жиналып, соның жауаптары нәтижесінде мәліметтер жиналады. Анкеталық тәсіл — қоғамның әр саласында колданылады және сұрақтардың түрі де саласына сәйкес түрде әртүрлі көлемде, мағынада бола алады. Ол сұрақтар өзара байланысты болып келеді, себебі анкеталық тәсіл бір құбылыс, мәселе туралы жан-жақты мәлімет алуды көздейді. Бір анкетада бір-бірімен байланысты емес әр салалы сұрақтар қойылмауы керек, себебі ол жеке-жеке анкеталарды білдіреді.
өзін-өзі тіркеу тәсілі респоденттердің өздерімен бақылау формулярларын толтыруы.
келіп тіркелу тәсілі керекті, тіркеуге жататын адамдардың бақылау жүргізетін органдарға өздерінің келіп, қажетті мәліметтерді беруін білдіреді. Адамдар кейде міндеттілігі немесе қажеттілігі бойынша тиісті органдарға келіп құжаттар тапсьіруға, ал кейде құжаттар алуға мүдделі болады. Осындай кезде, келген адамдарға тіркеу жүргізіліп, олардан керекті
Қажетті фактілерді тіркеу уақытына қарай бақылау үздіксіз (ағымдық), кезеңдік (периодты) және бірыңғай уақытта жүргізілетін бақылау деп бөлінеді.