1. Статистикалық бақылау туралы түсінік, оны жүргізу кезеңдері


Статистикалық бақылаудың бағдарламалық-әдістемелік мәселелері



бет2/8
Дата16.02.2023
өлшемі67 Kb.
#68621
1   2   3   4   5   6   7   8
Статистикалық бақылаудың бағдарламалық-әдістемелік мәселелері

Статистикалық бақылаудың бағдарламалық-әдістемелік мәселелері келесі жағдайдарды қамтиды.

  1. Бақылау мақсатын анықтау. Кез келген статискалық бақылаудың бірден-бір мақсаты – бұл құбылыстар мен процесстердің даму заңдылықтарын анықтау үшін дәл, нақты, толық мәліметтерді жинау табылады.

  2. Бақылау объектісі мен бірлігін белгілеу. Есептік бірлік. Бақылауды дайындауда оның мақсатымен бірге, не зерттеуге жататынын, яғни бақылау объектісін дәл, нақты анықтау қажет.

Бақылау объектісі ретінде зерттелетін әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процесстер өтіп жатқан статистикалық жиынтық саналады. Бақылау объектісі ретінде жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың, заттардың жиынтығын алуға болады. Бақылау объектісін анықтау үшін зерттелетін жиынтықтың шекараларын белгілеу қажет. Бұл үшін оны басқа да ұқсас объектілерден бөліп көрсететін ерекшеліктерін көрсету керек. Мысалы, ауыл шаруашылығының рентабельділігін зерттеуді жүргізуден бұрын ауыл шаруашылық өндірушілерінің меншік формасын, ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын анықтап алу қажет.
Статистикалық бақылаудың кез келген объектісі бөлшектенген элементтерден тұрады. Статистикада бақылау бірлігі деп тіркеуге жататын белгілері бар объектінің құрамдас бөлігі аталады. Мысалы, бақылау бірлігі ретінде жеке тұлға, кәсіпорын, экономика саласы, аймақ және т.б. табылады.

  1. Статистикалық бақылау бағдарламасын қалыптастыру. Кез келген қоғамдық құбылыс көптеген белгілермен сипатталынады. Зерттелетін құбылысты сипаттайтын барлық белгілері бойынша туралы мәлімет жинаудың қажеттілігі жоқ, ал кейде мүмкін де емес. Сондықтан олардың ішінен ең мәндісін, елеулісін бақылау мақсатына қарай таңдап алу керек. Тіркелетін белгілердің құрамын анықтау үшін бақылау бағдарламасы құрастырылады.

Бақылау бағдарламасы – бұл бақылау процесінде тіркеуге жататын белгілердің тізбегі.
Негізінен бағдарлама сұрау бетіндегі сұрақтар немесе статистикалық формуляр формалары түрінде болып келеді. Жиналатын мәліметтердің біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында статистикалық бақылау бағдарламасы статистикалық формуляр ретінде қалыптастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет