1. Статистикалық бақылау туралы түсінік, оны жүргізу кезеңдері



бет6/8
Дата16.02.2023
өлшемі67 Kb.
#68621
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 тақырып.1

Үздіксіз бақылау — статистикалық зерттеуге жататын құбылысты пайда болу уақытына қарай есепке алуды білдіреді және бақылаудың бұл түрі пайда болу кезінен-ақ міндетті түрде тіркелуге жататын, халықтың туылуы, өрт, медициналық, неке — тәрізді кұбылыстарға колданылады. Демек, үздіксіз бақылау — үнемі тіркеуге алынуға жататын құбылыстар бойынша жүргізіледі. Үздіксіз бақылаудың өмір сүру себебі, ол біріншіден сол сала бойынша тұрақты есеп берудің жүргізілуі, яғни мұндай үнемі бақылауда болатын құбылыстарға ай, тоқсан, жыл сайын есеп беру жүргізіледі. Сондықтан бұл бақылаудың түрін кейде «ағымдық» (текущее) деп те атау кездеседі. Екіншіден, мұндай бақылаудың болуы құбылыстың динамикасын анықтауға ыңғайлы. Ағымдық бақылауда зерттелетін құбылысқа байланысты өзгерістер олардың туындағанынан бастап жүргізіледі.
Кезеңдік немесе дискреттік бақылау — бақылауға жататын құбылысты белгілі бір кезең өткеннен кейін бақылауға алуды білдіреді. Кезеңдік деп аталу себебі, ол нақты қоғамдық құбылыстың түріне бақылау өткізілгеннен кейін, оған келесі бақылау жүргізу уақыты да анықталады. Уакытына қарай бақылаудың бұл түрінің мысалына халық санағы жатады. Халық санағы әрбір он жылда өткізіліп отыруы керек, яғни халық санағы өткізілгеннен кейін, келесі халык санағы 9 жыл өткеннен кейін өткізіледі. Демек, мұндай бақылаудын өткізілу кезендері белгілі болады.
Бірыңғай уақытта жүргізілетін бақылау белгілі бір құбылыс немесе процесстің сандық сипаттамасы туралы мәліметтерді, оны зерттеу моменті уақытына қарай береді. Яғни, бір рет бақылау жүргізіліп, мәліметтер алынады. Үзілмелі бақылау зерттелуге жататын құбылыстарды пайда болу уакытына қарай емес, сандық жағы аныкталуы керек деген уақытына карай бақылаудың жүргізілуін білдіреді. Үзілмелі бақылауда бақылау жүргізудің келесі мерзімі анықталуы да, анықталмауы да мүмкін. Ол, зерттеуге жататын құбылыстың сандық жағында елеулі өзгерістер орын алатын себептер, уақыттар болды дегенде жүргізіледі.
Әлеуметтік-коғамдық құбылыстардың жиынтығына жататын бірліктерді қамту шамасы бойынша, бақылау — толық (немесе жаппай) және толық емес деп бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет