1. Статистикалық бақылау туралы түсінік, оны жүргізу кезеңдері


Статистикалық бақылау мәліметтерінің сенімділігі



бет8/8
Дата16.02.2023
өлшемі67 Kb.
#68621
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 тақырып.1

Статистикалық бақылау мәліметтерінің сенімділігі

Бақылаудың негізгі мақсаты, тіркелуге алынатын жиынтық бірліктерін оның сапалық жақтарымен қоса қамту болғандықтан, статистиканың кейбір салаларында тіркеуге алынуға жататын құбылыстардың саны мен оның жаппай бақылау жүргізуде анықталған санының дәлдігі, яғни мәліметтің дәлдігі ұғымы қарастырылады. Бақылау мәліметтерінің дәлдігін, статистиканың кейбір салаларына байланысты ғана келтіруге болады. Бірақ ондай салаларда да, бақылаудың мәліметтері мен сол құбылыстың шын мәніндегі көрсеткішінің арасында айырмашылық болады.
Статистикалық бақылау мәліметінің дәлдігі – бұл белгілі болған сандық мәліметтің, оның түпнұсқасындағы мәліметімен жуық санда анықталуын білдіреді. Яғни құбылыстың шын мәніндегі мәліметіне бақылау мәліметі ханша деңгейде жақын келсе, сонша деңгейде дәлдік шамасы анықталады.
Зерттелетін шамалардың есептелген және нақты шамаларының арасындағы айырмашылықты бақылау қатесі деп атайды.
Пайда болу себептеріне байланысты тіркеу қатесі мен репрезентативні қате деп. бөледі.
Тіркеу қатесі дегеніміз статистикалық бақылауды жүргізуде алынған көрсеткіш пен оның нақты шамасы арасындағы ауытқу. Тіркеу қатесі кездейсоқ және жүйелік болып бөлінеді. Кездейсоқ қателер негізінен әртүрлі кездейсоқ факторлардың әсері нәтижесінде пайда болады. (Формулярды толтыруда цифрларды орындарымен ауыстырып алу, жолдарын ауыстыру).
Тіркеудің жүйелік қателері көрсеткіштердің шамаларының өсу немесе азаю тенденциясына ие болу нәтижесінде пайда болады.
Репрезентативтік қате таңдалынған жиынтықты сипаттайтын көрсеткіш шамасының бас жиынтықтықтағы шамасы арасындағы ауытқуды атаймыз.
Репрезентативтік қателер кездейсоқ және жүйелік болып бөлінеді.
Статистикалық формулырларды алғаннан кейін жинақталған мәліметтердің толықтығын тексеру қажет. Ол үшін арифметикалық және логикалық тексерулерден өткізу керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет