26.Реанимация туралы түсінік
Реанимация – (лат. re – қайта және animation – жандандыру) организмнің тіршілік етуіне қажетті ең маңызды органдар қызметінің бұзылуын не тоқтауын қалпына келтіруі. Организмді тірілту терминальдық жағдайларда, оның ішінде клиникалық өлім кезінде қолданылады. Әдетте, организмнің тіршілігі біртіндеп барып тоқтайды. Бұл кезде ми және орталық жүйке жүйелері тіршілігін толық жоғалтпайды. Физиологиялық зерттеулер нәтижесінде өмір мен өлім арасында белгілі бір аралық жоғалтпайды. Мұны клиникалық өлім деп атайды. Бұл кезде тыныс алуға жүрек соғысы, шартты және шартсыз рефлекс байқалмайды, клиникалық өлім 5-8 минутқа созылады. Организмді тірілту үшін ең алдымен қолдан тыныс алдыру мен жүрекке массаж жасалынады. Сондай-ақ, қан құю, жүректі электрмен дефибрилляция жасау шаралары да жатады.
27..Реанимацияның негізгі шаралары
Реанимацияның негізгі шаралары Жүректі жансандыру соққысы: соққыны кеуде сүйегі аяқталатын түсындағы төс шеміршегінен 2-3 см жоғары кеуденің ортасынан сәл төмен орналасқан нүктеге жұдырықпен соғады.Соққыны дұрыс және өз уақытында жасаса жүрек соққысы қалпына келіп, адамның есі кіреді. Есінізде болсын! Осындай соққы жүрегі соғып тұрған адамды өмірден алып кетуі де мүмкін.
28.Көлік иммобилизациясве жүргізу тәртіптері
Иммобилизация — аяқ- қол немесе басқа ағзалардың қатты жарақаттануларында және оларды тыныштық жағдайда тасымалдау кезінде қозғалыссыздықты қамтамасыз етеді. Иммобилизацияның екі түрі бар: транспортық (уақытша) емдік (тұрақты). Емдік иммобилизацияны дәрігер, кейде фельдшер гипстік таңғыш түрінде орнатады. Транспорттық иммобилизация – алғашқы көмек көрсетуде аяқ-қол сынығында және басқа жарақаттарда қолданылады. Транспорттық иммобилизацияны апат орнында орнатады, ол емдеу мекемесіне жеткізу кезінде сынған сүйек жарықшақтарының жарақаттанған жұсақ тіндерге енуіне кедергі болады, кейін уақытшаны тұрақты иммобилизацияға ауыстырады. Транспорттық иммобилизация кезінде келесі ережелерді сақтау керек:
1. Аяқ-қол жарақаты иммобилизациясы жарақат алғаннан кейін жедел жасалуы керек.
2. Шинаны жұмсақ мақтамен немесе матамен орап, науқасты шешіндірмей, ол жаңа жарақаттар салуы мүмкін, шинаны киімнің үстінен саламыз.
3. Егер шинаны жалаңаш денеге орнататын болсақ, ойықтардын алдын алу үшін жарақаттың үстіне жұмсақ мата нмесе дәке қойып орнатамыз.
4. Шинаны таңардың алдында, жарақатты асептикалық өңдеу жүргізіп, таңамыз.
5. Егер қан тоқтату үшін жгут салынса, шинамен оны жаппай, дәкемен орамау керек, дәптерге жгут салынған уақытты міндетті түрде көрсету керек.
6. Шина орнатқан жағдайда, ораған дәке жолақтарымен жарақатты қатты тартып, қан айналымына кедергі жасауға болмайды, егер науқас аяғының ұйығанын, көгеріп келе жатқанын және сезгіштігі төмендегеніне шағымданса, шинана босатамыз нмесе толығымен алып, қайтадан орнатамыз. 7. Шинаны суық кездерде орнатса, жылы орап тастау керек, және кәдімгі қателіктерге жол бермеу керек, ол қысқа шиналарды қолдану, шина салғанда жарақаттанған жерге жақын екі буынды қоса шиналау қажет, сонда ғана толық иммобилизция болды. Шинаны дұрыс орнатпаған жағдайда, ол орнынан тайып, қосымша жарақаттар келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |