30.Жаппай қырып жою қарулары
.Жаппай жою қаруы — жаппай шығынға ұшырату немесе қирату үшін қолданылатын жою қабілеті жоғары қару.
Жаппай қырып жою қаруларының 3 түрі бар. Олар: Ядролық қару Химиялық қару Бактериологиялық қару
31.Ядролық реакциялар энергрияның көзі
Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы.Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады.
32.Ядролық жарылыс түрлері
Ядролық жарылыс түрлері (Виды ядерных взрывов) — ядролық соққы арқылы орындалатын міндеттер мен объектінің сипатына байланысты ядролық жарылыс әуеде, жер үстінде, жер астында, су үстінде және су астында жүргізілуі мүмкін. Осыған сәйкес жер үсті әуе, биіктікті, су үсті, су асты және жер асты жарылыстары болып бөлінеді.
Ядролық жарылыстың әрбір түрінің басты ерекшеліктерінің бірі — жергілікті жердің радиоактивтік зақымдалу дәрежесі.
33.Химиялық қару
Химиялық қару - дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Улау заттары адамдарды, мал-жануарды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су коймаларын, сол ошақ төңiректерiн, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты закымдайды.
34.Биологиялық қару
Биологиялық қару, бактериологиялық қару - адамдарды, жан-жануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негiзделген жаппай зақымдағыш қару.
35.Аэс авария кезіндегі зақымдалған ошағына сипаттама
Атом энергетикалық станцияларын пайдалану кезінде бірқатар елдерде жүзден астам авария болып, қоршаған ортаға радиоактивті заттар шығарады. Радиоактивті заттардың ядролық энергетикалық реактордан тысқары шығуының нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіретін көтеріңкі радиациялық қауіп радиациялық авария деп аталады. Жалпы авариялар ішінде радиациялық салдары АЭС аумағының шекарасына таралады. АЭС-да авария болғанда радиоактивті заттар сыртқы ортаға шыққан кездегі халықтың іс-әрекеті:
1)«Баршаңыздың назарыңызға!» ескеру дабылы берілген бойда радионы, теледидарды қосып, радиоактивті заттар мен шығуымен болған авария туралы хабарды ести сала, екі нұсқадан тұруы мүмкін барлық ескерту шараларын тез, саспай және мұқият орындау қажет;Бірінші нұсқада көрсетілген уақыт бойында қажет шараларды орындау.
2)Тұрғын үй мен өндірістік ғимараттарды және сумен жабдықтау көздерін қамту жөніндегі жұмыстарды орындау;
3)Жеке қорғаныс құралдарын сауатты пайдалану;
4)Қозғалысты шектеу;
5)Цистамин таблеткасын қабылдау арқылы сәуле ауруынан сақтандыру;6)Йодтың немесе калий йодының 3-5 % тұнбасын пайдаланып, йодтық сақтандыруды жүргізу: қолдану схемасы екі жасқа дейінгі балаларды йодтың басымен жеті күн бойы үш рет тамақтан кейін 100 мл суға немесе шайға калий йодының 3-5 тамшысын қосып беру; екі жасқа дейінгі балаларға жеті күн бойында тәулігіне бір рет тамақтан кейін 40 мл 2 жастан жоғары балалар мен ересектерге 125 мл мөлшерде суға қосып ішкізу; судығ азық-түлікті қорғау, оларды шаң мен өтпейтін ыдысқа сақтау; тағам өнімдерін жуып шайып; мал қораларын қымтау; радио мен теледидарды қосып қою; ықтимал көшуге даярлану; (жеке қорғаныс құралдарын, азық-түлік қорын, дәрі дәрмекті, маусымдық киім мен аяқ киімді, іш киімд, құжаттарды, ақшаны, басқа құнды және аса қажетті) заттарды әзірлеу. Екінші нұсқада көшу шараларына қатысу қажет. Яғни шекті нормадан жоғары зақымдалуы мүмкін аймақтан кету. Ғимараттан шығар алдында көшу үшін мұздатқышты тазалап, барлық электр және газ приборларын ажыратып, қоқыс салғышқа жылдам бұзылатын азық-түлікті, сұйықты, қоқысты апару керек.
Достарыңызбен бөлісу: |