Сабақтың тақырыбы: Ғұн тайпаларының бірігіуі Оқу мақсаты: 5.3.1.3 – Картадан ғұндардың аймағын анықтау; 10.3.1.8 – Ғұндардың тұрмыс-тіршілігін сипаттау:
Бағалау критерийлері:
Ғұн тайпаларының орналасқан аймағын біледі;
Ғұн мемлекетінің құрылу тарихын түсіндіреді;
Деректер арқылы ғұндардың тұрмыс-тіршілігін анықтайды
Ғұн этнонимі алғаш рет б.з.д III ғ Қытай деректерінде «гун»,»хун»атауымен кездеседі.
Ғұндардың бастапқы мекендеген аймағы Солтүстік Қытай,Моңғолия,Байкал,Ордос
Қазақстанға қоныстанған ғұн тайпаларының аймағы
А дерегі
Ғұндар Қытайдың солтүстігін мекендейді.Су мен шөптің жағдайына байланысты бір жайылымнан екінші жайылымға көшеді.Үй малынан жылқы,ірі қара,қой,ешкі,кейбірі түйе өсіреді.Олар малдың етімен тамақтанып,терісі мен жүнін киім қылады,аң терісін жамылады.
Ғұндар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан
Ә дерегі Жылқы ғұндардың тұрмыс-тіршілігінде маңызды рөл атқарды
Б дерегі
Олар ертелі-кеш ат үстінен түспейді.Маңызды істер туралы кеңесетін болса,кеңесті де ат үстінде отырып өткізеді.Ат үстінде тамақтанады,тіпті ұйықтап алады
Солтүстік жерлерде суық ерте түсіп,тары себуге қолайсыз болса да,ғұндардың жерінде тары егілді
Қолөнер
Полихромдық стиль
1-тапсырма. Берілген ұғымдарды тұжырымдармен жікте 1. Құмыра,көзе,ат әбзелдері 2.Қоян,түлкі,елік 3.Олар бейбіт кезде мал бағып,аң-құс аулайды 4.Ғұндар қолөнердің барлық түрін жасады 5.Су мен шөптің жағдайына байланысты бір жайылымнан екінші жайылымға көшті 6.Жылқы,қой,ірі қара 7. Тары дәндері,дәнүккіштер 8.Ғұндар тарыны көп өсірген
Қорытынды Ғұн тайпалар бірлестігі Қытайдың солтүстігі,Моңғолия,Байкал мен Ордосқа дейінгі аймақты мекендеді.Ғұн мемлекетінің негізін Мөде құрды.Ғұндар туралы Қытай,Рим тарихшылары құнды мәлімет қалдырды.Ғұндар көшпелі мал шаруашылығы мен егіншілік,қосымша аңшылық, қолөнермен айналысқан.