Негізгі
əдебиеттер:
1.
Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы.-Алматы,1994.
2.
Бердібаев Р.Қазақ романы.-Алматы,1975.
3.
Елеукенов Ш. Əдебиет жəне ұлт тағдыры.-Алматы, 1996.
4.
Дəдебаев Ж. Өмір шындығы жəне көркемдік шешім.-Алматы,1991.
5.
Сыдықов т. Қазақ тарихи романы.-Алматы,1996.
6.
Рахымжанов Т. Романның көркемдік əлемі.-Алматы, 1994.
7.
Майтанов Б. Қазақ романы жəне психологиялық талда.-Алматы,1996.
8.
Хамзин М. Қазіргі қазақ романы.-Қарағанды, 2002.
2-тақырып. Б.Соқпақбаев (1924-1992).
Жоспары
:
1.
«Менің атым Қожа», «Қайдасың, Гауһар?» повестері,
2.
«Өлгендер қайтып келмейді» романы.
«Өлгендер қайтып келмейді» романы 1967 жылы жазылды. Романның
тақырыбы – соғыстың өзі емес, оның алыс қазақ ауылындағы жаңғырығы.
Соғыстың тек оған қатысушылар үшін ғана емес, тылдағы ел үшін де үлкен
апат, дүрбелең болғанын, сол тұстағы жоқшылық, қысаңшылық өмірді
жазушы кең суреттейді.
Роман оқиғасы қазақ ауылында өтеді. Ауылдың бас көтерер азаматтары
əскерге алынғандықтан, көбінесе, ауылшаруашылығы жұмысын атқару
əйелдер мен жас балалардың мойнына түскендігі көркем суреттеледі.
Романдағы оқиға негізгі кейіпкер Еркіннің əңгімесі арқылы өрбиді.
Романның үш дəптері (əр бөлімі бір-бір дəптер) оның өмірінің үш кезеңі
ретінде алынып, негізгі сюжет Еркіннің тіршілік-тартысын бейнелейді.
Романда Еркіннің ағасы Сəрсебек соғысқа кетіп, артында Қаныша деген
əйелі қалады. Бірінші дəптерде Еркін мен Ғалия (Қанышаның туысқан апасы
Балжанның қызы) арасындағы сүйіспеншілік сезім суреттеледі. Шешесі –
Бибісара. Ауылсовет председателі Нұралымен алғашқыда Еркіннің қарым-
қатынасы жаман болмайды. Нұралы – білімі жоқ, дүмшелігі басым, зорлығы
мол, қолындағы билікті жұртқа қамшы етіп жұмсайды. Ер-азаматы соғысқа
кеткен ауылдың əйелдеріне үстемдік етеді. Еркіннің жеңгесі Қанышаға
зорлық көрсетпек болады. Осы əрекеттің бəрі Нұралының адамгершілік
болмысының таяздығын көрсетеді.
Бірінші дəптерде образдар жүйесі Еркін–Ғалия, Нұрəлі– Қаныша,
Нұрəлі–Зейнекүл–Сəуле,
Еркін–Нұрымбай–Ілияс
желілерінен
тұрады.
Еркіннің ФЗО-ға оқуға кетуі – Қарағандыда оқуы, сол кезде басынан кешкен
оқиғалар суреттелген. Соғыс кезіндегі елдің жүдеу жағдайы бедерленген.
Нұралы ақыры ерегісіп, Қанышаны мектептен қуғызады, Еркінді жұмыс
істетпей қудалайды.
Екінші дəптерде Еркіннің өмірі мүлде басқа ортада өтеді. Ол көрші
ауылда мектепте сабақ береді. Көп ұзамай ауылына қайтып келеді. Нұрəлінің
Еркіннің шешесі мен əкесіне көрсетпегені болмайды, колхоздың ең ауыр
жұмыстарына салады. Еркін КазПИ-ге оқуға түседі. Алматыда Ғалиямен
кездеседі, бірақ ол күйеуде еді, сөйтіп Еркін Зағипаға үйленеді.
Үшінші дəптерде Еркіннің сергелдеңге толы өмірі қамтылған. Мектепте
тартыс Əлібеков (мектеп директоры), Жақыбаев (зав.уч.) пен Еркін арасында
өтеді. Олар мұның ашық сынына төзбейді. Ақыры «Қазақ əдебиеті»
редакциясына
келіп,
сонда
жұмыс
істейді,
көркем
əдебиетпен
айналысады.Романның басынан аяғына дейін көрінетін образ Еркін
болғандықтан, үш дəптерде де кейіпкерлер Нұрəлі, Ғалия, Қаныша т.б. түрлі
желілерімен дамып отырады.
Романдағы образдар жүйесі оның негізгі идеясын жүзеге асыруда қызмет
көрсетіп тұр. Алдымен, соғыс кезіндегі ауыл өміріндегі қиыншылықтар,
екінші, сондай тар кезеңде көрінген адамдардың ішкі болмысы. Ел басына
күн туған заманда да Нұрəлілердің тасы өрге домалайды, өйткені ел ішінде
бас көтерер ешкім жоқ. Əйел, баланы ол місе тұтпайды. Оған қарсы тұрар
Еркіндер аз. Оның өзін қудалап, ауылына сыйғызбай, ел кездіріп жібереді.
Қаныша күйеуі өлсе де өз босағасына адал, сол үйде қалады.
Жазушы соғыстың адамға, адамдыққа сын болғанын көрсетеді.
Кейіпкердің бəрі де осы сыннан бірдей өте бермейді. Онда адамдық пен
арамдық, ар мен намыс, намыссыздық тартысқа түседі.
Романның алғашқы нұсқасы «Жұлдыз» журналында жарияланған
болатын. Ол кезде роман туралы жылы сөздермен қатар сын пікір де
айтылған еді. Шығарманың ортасында кейіпкерді кездейсоқ оқиғаларға көп
ұшыратушылық, оқиға тізбегінің жете екшелмегендігі, кейіпкер Еркіннің
тым көрсеқызарлау болып шығуы ескертілген.
Романның жаңа нұсқасында елеулі ерекшеліктер бар. Онда кейіпкердің
балалық, жасөспірім шағын ашарлық оқиға жүйесі іріктелген. Соғыс
кезегіндегі қазақ аулының нағыз шындығы кең берілген.
Орталық қаһарман – Еркіннің өмір жолын, адам, азамат ретінде
қалытасуын көркем бейнелеуі – романның табысы. Біз оның оқушылық,
жұмысшылық,
мұғалімдік,
студенттік
өмірінен
толық
хабардар
боламыз.Оның алғыр ойы, биік арманы, қызба мінезі, намысшылдығы,
мақсаттылығы, сезімге құлай бергіштігі қалтарыс қалмайды.
Қаһарманын мінсіз етіп көрсетуге тырыспайды. Оның ФЗО- дан қашуы,
жолда ұсталып, сотталуы, кейіннен колхоз бастығы Нұрəліні ұрып, тағы да
жазаға тартылуы, кешіріммен босап шығуы- бəрі де шығарманың арқауын
құраған эпизодтар.
Романдағы толыққанды шыққан бейне – ел азаматтары майданға жаппай
аттанған кезде колхоз тізгінін қолына алып, халыққа қатал тиген, жұрт
таршылықта жүргенде тұрмыс молшылығына шалқыған Нұрəлі. Бұл бейнеге
көп шындық сыйыстырылған.
Ел барлық күшін колхоз ісіне жұмсап жатқанда, Нұрəлі қара басының
қамын ойлайды. Ол өзіне үлкен үй салдырып алады, жас əйелдерге
қырындайды, бас көтерер жастарды қуғындайды, маңайына жағымпаздарды
жинайды. Ол шалқып өмір сүреді. Ел көрсе де, тіс жарып ештеңе айта
алмайды. Мұндай сорақылықты сезетін Еркін секілді жастарды қуғындауға
Нұрəлінің құрығы ұзын, айласы жеткілікті. Еркінді қудалап, талай тізесін
батырады. Еркіннің қолдан келер дəрмені, күресер қауқары жоқ. Ол Нұрəліні
көрмеу үшін əскерге сұранады. Оның Нұрəліні таяқтауы – көп жылғы
дəрменсіз кектің көрінісі.
Шығарма бірінші жақтан баяндалатындықтан, көп құбылыс қаһарман
түсінігімен жетеді. Романдағы басқа кейіпкерлерді де Еркіннің бағалауымен
танып білеміз. Көбісі эпизодтарда қосылып, қалып қойып отырады.
Солардың ішінен анығырақ елес беретін – Еркіннің жеңгесі Қаныша. Ол –
инабатты, əдепті. Пединститут мұғалімі Дəулетбаев, мектеп директоры
Жақыбаев, министр Жақыпов т.б. Мінез-қылықтары қысқа да болса,
нанымды көрсетілген.
Жазушының суреттеу құралдары мен тəсілі бай. Ол кейде кейіпкердің
портретін, кейде жалпы сипаттамасын шебер бейнелейді. Еркіннің өз ісіне өзі
талдау жасауы, монологтары, əзілі, мысқылы аралас жүреді.
Мысалы: бастық Сегізбайдың салмақтануының себебі оның ерекше
пайдалы қызметіне байланысты. Сегізбайдың байлыққа желігіп, тоқал алуы
шығармада қызғылықты əңгімеленеді. Пединститут мұғалімі Дəулетбаевтың
білімсіз, мылжыңдығы, іші нəрсіздігі ұтымды көрсетілген. Бірақ, кейде
автордың адам бойындағы міндерді тізуге көбірек ойысып кететенін көреміз.
Мұндайда, əрине, өмір құбылысы бір жақтылау, жартылай шықпақ.
Мысалы: Еркіннің институт бітіріп, алыс ауданға келгенде бойында
жақсылық нышаны бар бір адам таппауы осы ойымызға дəлел. Қонақүй
қызметшісін суреттеуі: «Жалпақ, жуан бөксе (əйел) қара əйел жүк артқан
өгізше пышылдап еден жуып жатыр» десе, аудандық оқу бөлімінің бастығын:
«Əміров жастау екен. Сөзі де, мінезі де ұшқалақ. Астынан су шыққандай
ұшып-қонып отыр. Сабалақ елтіріге ұқсайтын бұйра шашын əлсін
тарағыштап, көзін жыпылық еткізіп қояды. Бір сөз айта бастасаң, соңына
дейін тыңдамай, өз сөзін өзі қызықтап лағып кетеді».
Ал мектеп директорын: «Орта бойлы шақша бас, жыланның көзіндей
кішкене көздерімен суық үңіле қарап қарсы алды» деп суреттейді.
Ауатпортком қызметкерін: «Стол иесі қара костюм киген, қара галстук
таққан, шашын қисайтып, жылтыратып тараған, кертпек мұрын, жалпақ сары
жігіт. Мынадай ыстық күнде мен ол сияқты киінсем, пысынап, терлеп өлем.
Галстукті жаз түгіл қыста тақсам, қылқынып жүре алмаймын. Ал жалпақ
сары былқ етпейді».
Мектеп директоры Жақыбаев: «Жақыбаев дейтін қартаң, сары, семіз
адам. Мұрнының ұшына қондырылған көз əйнегі түшкірсе ұшып кетейін деп,
əрең ілініп тұр. Ол бізді көз əйнектің үстінен ит көрген текеше сүзе қарап
қарсы алды».
Бұл мысалдарды жазушыны сыпыра сынау мақсатында келтіріп отырған
жоқпыз. Автор кейіпкерді қай тұрғыдан танытамын десе де еркі. Бұл өмірді
тұтас қалпында танытуға мүмкіндік бермейді, жасандылыққа əкелуі мүмкін.
Егер автор Қорған ауданының күллі адамын осы аспектіде суреттемей, 1-
2-ін көрсетсе, көркемдік шындық талабына жақын келер еді.
«Менің атым Қожа» повесінде əкесі майданда қайтыс болған Қожа
есімді баланың өмірі сөз болады. Əңгіме Қожаның атынан баяндалады.
Жазушының шеберлігі сол, ол əңгімелеуші баланың психологиясын,
оның таза да пəк болмысын беруге тырысқан. Повестегі көзге бірден
шалынар юморлық стильге көңіл аудармау мүмкін емес. Шығарманың
сюжеттік арқауын құрап тұрған барлық оқиға Қожаның көзқарасы,
дүниетанымымен баяндалады.
Қожа үнемі өзіне-өзі сынмен қарап, іс-əрекеттеріне, болмысына, сырт
пішініне баға беріп отырады. Əсіресе сыртқы портретіне үлкен мəн
берген. Повестің басында өзінің есімінен бастап барлық жақсы жəне
жаман жақтарын тізіп шығады. Бəрі де 5-кластың оқушысының
түсінігімен, таным деңгейімен бейнеленген.
Мысалы, бетіндегі меңінің өзін былай сипаттайды: «Сол жақ
құлағымның астында бір түйір қалым бар. Бəтшағардың бітпейтін-жерге
бүтуін қарашы. Бетімнің ұшына таман бітсе, əдемірек көрінер ме
едім...». Қожаға өз бойынан ештеңе ұнамайды. Комбайншы Қаратай мен
шешесінің арасындағы қарым-қатынасқа балалық қызғанышпен қарауы
нанымды шыққан. Өйткені ол қызғаныш өз əкесінің орнын ешкімге
басқызғысы келмеген балалық таза сезімнен туындап тұр.
Қожаның баяндауында өзін көркем повесть жазушы ретінде
көрсетеді, сондықтан əрбір кейіпкеріне баға беріп, оны не үшін алғанын
түсіндіріп отырады.
Қожаның ызасын туғызатын оқиға – оның кластасы Жантасқа пионер
лагеріне жолдама беріліп, өзіне берілмеуі. Оқиға жазғы каникул кезінде
болады. Қожаның мінез қырларын ашқан оқиғалар - жайлауға шөп
шабуға баруы, Сұлтанмен кездесуі, Жанарға көзқарасы, өзімен-өзі құпия
жиналыс өткізуі т.б.
Қожа – жағымсыз қылықтары көп, тентек бала секілді көрінгенмен,
сол əрекеттері таза сезімнен туындағандықтан да сүйкімді, адам көңіліне
жылылық ұялатады. Бір қарағанда, балаларға үлгі етерлік еш қылығы
жоқ секілді. Соған қарамастан шешесі, əжесіне қатысты ішкі болмысы
ашылатын тұстардан оның бойындағы мейірімділікті аңғарасың.
Социалистік реализм принциптерінен өзгеше жазылған бұл шығарма
не жағымды, не жағымсыз ғана кейіпкерлердің қатарына өзгеріс əкелгені
сөзсіз. Жантас - қанша жақсы оқығанымен тəртіпті болғанымен,
адамгершілік жағынан Қожамен теңесе алмайды. Ал Қожа болса, класс
жетекшісі Майқанованың сумкасына бақа салса да, қойшы ауылға
барып, Сұлтанмен бірігіп, Дəулетті алдап қымызын ішіп, қаракөлін
ұрласа да – оқырманын тартар жылылығы басым. Ақыр соңында ол
өзімен-өзі кеңесіп, тəртіпті болу үшін шешім қабылдайды. Кейіпкер өзінің
істеген істерінің дұрыс-бұрысын таразылай алған. Повестің ерекшелігі –
автор бүкіл оқиғаны баланың ойлау, сезімімен, таза жан дүниесімен
суреттегені.
Негізгі
əдебиеттер:
Рүстембекова Р. Қазіргі қазақ əңгімелері.-Алматы,1988.
Əшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік.-Алматы,1985.
Елеукенов ш. Əдебиет жəне ұлт тағдыры.-Алматы,1996.
Ыбырайымов Б.Көркемдік көкжиегі.-Алматы,1981.
Қосымша
əдебиеттер:
1. Кəрібаева Б. Қазіргі қазақ əдебиетінің көркемдік даму арналары.-
Астана, 2002.
2. Нағыметов Ə. Қазіргі повесть жəне көркемдік ізденіс.-Алматы,1985
Сөзстан.-Алматы, 1985.
3-тақырып. Əбдіжəміл Нұрпейісов.
Жоспар
:
1.
«Қан мен тер» роман-трилогиясы. Поэтикасы, образдар жүйесі.
2.
«Соңғы парыз» романы.
«Қан мен тер» роман-трилогиясының алғашқы кітабы 1961 ж., соңғы
томы 1969 жылы шықты. Роман-трилогия тұтас күйінде 1970 жылы жарық
көрді.(«Ымырт», «Сергелдең», «Күйреу»).
Роман жайындағы ««Қан мен тер» қалай жазылды?» деген мақаласында
(1976 «Жұлдыз» №3) автор былай дейді:
«Бағзы бір замандағы байырғы қазақ пен кешегі революция
қарсаңындағы қазақ тірлігінде салт-сана, əдет-ғұрып, дəстүр жағынан түк
айырмашылық
болмаса
да,
ұлттық
сана-сезімінде
күрделі
өзгеріс
байқалатын... Сонымен бірге 16-жылғы қанды оқиға тұсында кешегі мал
соңында күн кешкен жалшылардың ойы, санасы өсіп, оңы мен солын тани
бастады. Сөйтіп шым-шытырық өмірден өзіне сүрлеу жол іздеп табатындай
парасатқа көтеріліп қалып еді...
Менің есебім бойынша Еламан да... дəл осы дəрежеге көтерілуге тиіс
қаһарман еді... Кешегі мал баққан жалшының саналы жолға түсіп, қызыл
жалаулатып революционер болғанын көрсеткеннен гөрі, оның осы жолға
қалай келгенін, себебі мен салдарын көрсеткім келді».
Осы мақсатты жүзеге асыру жолында жазушы Еламан характерінің
эволюциясына, əсіресе, осындай қарапайым адамның жан дүниесіндегі
қайшылықтарға көп көңіл бөледі. Жазушы осы тақырыппен 15 жылға таяу
уақыт айналысты. Роман тарихи-революциялық тақырыпқа жазылған.
(С.Мұқанов «Ботагөз», Х.Есенжанов «Ақ жайық», З.Шашкин «Токаш
Бокин» романдары да осы тақырыптас).
Романда қазақ даласындағы əлеуметтік шындықтар – капиталистік
қарым-қатынастың тереңдей түсуі, Ақпатшаның қазақтан «қара жұмысқа»
əскер алу туралы бұйрығының шығуы, осыған байланысты 1916 жылғы
дүрбелеңнің басталуы, февраль буржуазиялық революциясынан кейінгі ел
ішіндегі қиын жағдайлар, қазақ төңкерісі, патша генералдарының жанталаса
бас көтеріп, совет өкіметіне қарсы шабуылға шығуы, азамат соғысының
басталуы жəне т.б. күрделі жайлар кеңінен суреттелген.
Романның
басты арқауы – қазақ даласының рухани өмірі,
халықта
əлеуметтік-саяси сезімнің пайда болуы. Бұл жайт Арал
маңындағы
балықшы ауылдың өмірі арқылы көрінеді. Роман
қазақ
жерінің бір бөлігін қамтып-ақ, бүкіл Қазақстанның
əлеуметтік
өмір шындығын көз алдыңа елестетеді. Дəурені
бітіп
, дəм-тұзы таусылып бара жатқан қоғам тарих сахнасынан
оңайлықпен
түспегені мəлім. Үш кітап бойы Тəңірбергендер
əулетінің
дəуірлеп тұруы да тарихи шындыққа қайшы емес.
Тəңірбергендер
əлсіз болса, төңкеріс, күрес қажет болмас еді.
Жаңа
қоғамның оңай құрылмағандығын жазушы дұрыс
көрсеткен
. Еламан, Қалендерді ширықтырған да
Тəңірбергендер
.
Романдағы характерлер арасындағы тартыс көкейде қалып қояды. Ол –
Еламан мен Тəңірбергендер тобының арасындағы бітіспес тартыс, яғни
жекелеген адамдардың, сонымен бірге белгілі бір семья басындағы тіршілік
тыныс арқылы бүкіл бір дəуір келбетін танытып тұр. Қален, Еламан,
Тəңірбергендер
əдебиеттің
образдар
галереясына
қосылған
соны
характерлер. Рай, Дос, Мөңке, Кенжекей, Айғанша, Ақбала, Сүйеу, Судыр
Ахмет, Қарақатын, Құдайменде, Ебейсін т.б. өзіндік мінездерімен көрінген
бейнелер.
Негізгі орталық тұлғалар – Еламан, Қален, Тəңірберген. Сұлу мұртын
кербездікпен ширата отырып, төңірегін бағдарлап, жұрттың көңіл-күйін
барлап барып қана сыздап сөйлейтін Тəңірберген, алмастай өткір, қайсар
мінезді Қален, сабырлы, нені болса да ақылмен істейтін Еламан нағыз ұлттық
характерлер дəрежесінде шыққан. Автор өзінің философиялық толғамдарын
осы үш кейіпкердің ішкі толғаныстары арқылы береді. Еламан образы
əлеуметтік оқиғалар үстіндегі іс-əрекеттен гөрі, ішкі монологпен берілген ой-
толғаныстар арқылы тереңірек ашылған.
Еламанның Федоров (тантек Шодыр) атты бай орыстың Арал теңізі
жағасынан ашқан просолына кетуіне себеп болған оқиға – Құдайменде бай
мен екеуінің арасында болған жағдай. Жеті жыл байдың малын бағып,
Еламан қайын атасы Сүйеудің үйіне кеткен түні байдың жылқысына қасқыр
шауып, бір жүйрік ат шығын болады да, Құдайменде оны қамшымен соққыға
жығады. Осы оқиға оның жанын жаралап, бойында кек ұшқынын тудырады,
намысын оятады. Еламанның Құдаймендеден кетуі, кейін Федоровтың
озбырлығына төзбей «темір сүйменді құлаштай сермеуі» оның санасының
өсуін танытады. Сібірге айдалар алдында Еламан осылай көрінеді. Түрмеден
қашып келгеннен кейін де ел ішіндегі ауыр жағдайды көрген Еламан бірден
күреске бастап кетпейді. Бұл жолға бірте-бірте келеді. Қол жинағанмен де
ойы жүзеге аспайды, өйткені болыс астыртын жіберген Ебейсін мен екі жігіт
Еламанды қапылыста қолға түсіреді. Ақырында інісі Рай екеуін түрік еліне
əскерге жібертеді. Осындай өмір сергелдеңнен кейін ол жаңа өмірді
орнықтыру жолындағы күреске белсене араласады.
Трилогияда образы барынша ашылған бейне – Тəңірберген. Оның
адаммен күрделі қарым-қатынасы, адамға сергек, секемшіл көзқарасы, бəрі
де жан-жақты бедерленген. Еламанды ағалап отырып Ақбалаға жауықтырып,
араларына от салуы, Дос сияқты əлжуаз жанды тобынан бөліп алып,
балықшылардың арасын екіге бөлуі, Судыр Ахмет, Ебейсін, Қалауларды
пайдаланып, кісі қолымен от көсеуі, болыс ағасы Қаратазды қақпақылдай
қағып, алақанында ұстауы – Тəңірбергеннің зұлымдығына құрық
бойламайтын адам екенін, күрделі мінездің иесі екенін танытса керек. Автор
бұл образды тек қаралау жолымен жасамаған, күнгейі де бар. Оның бойынан
адамшылық ұшқынын көресіз. Тəңірбергеннің серілігі, сұлулыққа іңкəрлігі,
намысқойлығы оның характер сырын тереңдете түседі. Генерал Беловтың
əскері өз ауылын тонаған кезде ағасының əйеліне ара түсуі осыған дəлел. Ол
– ашынған намыстың көрінісі.
С.Əшімбаев: «Тəңірберген образы Құнанбай мен Игілік сынды сом
бітімді образдардың қатарында тұратындай əлеуметтік тип дəрежесінде
шыққан».
Жазушы детальді ұтымды пайдаланады. Мəселен Тəңірберген мен
Ақбаланың арасындағы сезімнің шыншылдығы, немесе Тəңірбергеннің
Ақбаладан суынуының дəлелі, оның Айғаншаны көрген сəттегі сезімінің
нанымдылығы психологиялық детальда жатыр.
Романда ақтардың генералдары Колчак, Дутов, Белов, Мюлгаузендердің
характерлері де шынайы дараланған.Роман революция тақырыбына жазылса
да, революцияның атыс-шабысты, даңғазалы, шулы көрінісіне арбалмай,
адам санасының ояну эволюциясына бойлатады, əлеуметтік, философиялық,
моральдық проблемаларға көңіл аудартады.
Романның алғашқы кітаптары жарияланғаннан кейін сын жазған
сыншылардың біразы осындағы Ақбала характері əлі де айқындала келіп, бас
кейіпкерінің бірі болуға тиіс деген айтқан-ды. Автор оны бұл деңгейде
тұлғаландыра алмаған. Ақбала күйкі-күйбең іс-əрекет үстінде, от басы, ошақ
қасы төңірегінде ғана қалып қояды. Бірінші кітапта Еламан айдауда
жүргенде, бауырындағы алты айлық нəрестесін əке-шешесіне тастап,
Тəңірбергенге тоқалдыққа қашып кетеді де, екінші кітапта Тəңірберген оны
қоя беріп, Ақбала Шалқарға келеді де, Əнуар деген əлжуаз біреумен қол
ұстасады. Шалқарда кездейсоқ Еламанға жолығып, ол Ақбаланы жұмысқа
орналастырады. Романдағы Ақбалаға қатысты оқиғалар осы ғана. Романда
оның ішкі толғаныстары, күйініш-күйзелісі, психологиясы сараң беріледі.
Жан дүниесінде өтіп жатқан өмір соққыларынан кейінгі құбылыстарды
көрсету жағы жұтаң. Шындығында, оның басынан өткендері бір адам үшін
осал жағдайлар емес. Сөйтсе де, Ақбаланың жан дүниесі бір қалыпта қалады.
Əр түрлі ситуациядағы характер құбылысын байқау қиын.
Роман туралы сын жазған С.Əшімбаев:«Қазақ əйелінің рухани күшін
басқаларға Қарақатындар емес, Ақбала, Айғанша сияқты образдармен
танытуға болмас па еді? Романда жазушы қазақ əйелінің рухани
мықтылығын, өз мəнінде толық көрсете алмаған», - деп сынайды.
Ал Еламан күресуді кітаптан оқып емес, не болмаса орыстан /Селиванов,
Ознобин, Мюлгаузен тəрізді социалистік-демократиялық ойдың сабағын
алған жұмысшы революционерлер/ үйрену арқылы емес, өмірдің тауқыметін,
азабын бастан кешіп, əлеуметтік теңсіздіктің сырын ұғып барып, қоғамдық-
саяси аренадан өз орнын тапты. Халық қамын жеген Еламан, Қален ұлты
үшін аянбай еңбек етеді.
З.Қабдолов: «Қан мен тер» романын... Тəңірбергендер тағдырына
құрылған трилогия деп ұғу керек... Жаңа дүние орнатушылар алысқан ескі
дүние өкілдері , яки Еламандар алысқан Тəңірбергендер «шыбын құрлы
көрінбейтін» əлденелер емес, азу тісі балғадай аш бөрілер екенін, олардың
тісін сындырып, тізесін бүктіру адам айтқысыз қиян-кескі шайқас екенін айта
қалғандай көркем күшпен суреттеп көрсетеді» (Жебе, Алматы, 1977, 163-
164).
Романда 1913-1921 ж. аралығындағы сахарада өткен оқиғалар қопарыла
көрінген. Сол кезеңдегі қазақ даласының панорамасын жайып тастаған:бір
жағы Арал балықшылары болса, бір жағы Шалқар алпауыттары, бір жағы
дала кедейлері болса, бір жағы қала саудагерлері, бір жағы Абыралы əулеті
болса, бір жағы Колчак династиясы, бір жағы қызыл комиссар болса, бір
жағы ақ генералдары. Осылар арқылы азамат соғыс жылдарындағы тарихи
шындық аса шебер шешімін тапқан.
Достарыңызбен бөлісу: |