1-тақырып. 60 жылдардағы қазақ романы. Жоспары : 1



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата06.03.2017
өлшемі333,35 Kb.
#8450
1   2   3   4   5

     Романда  суреткер  осындай  риторикалық  сұрауларды  қояды.  Ол 

тікелей авторлық баяндауда емес, қаһармандар сөзінде көрінеді. 

     Бұрын  ақыл  есі  дұрыс  болған,  сынақ  зардабынан  жан    дертіне  тап 

болған  Жұман  қойшының  сөзінде  сұраулы  сөйлемдер    жиі  кездеседі.  Бұрын 



да мінезі сабырсыздау Жұман бұл дертке шалдыққаннан бері аузына сəл арақ 

тисе болды өз «философиясына» басатын əдет шығарған. Бірақ оның сөзінде 

қисынға (логика) келмейтін,  жүйесіз сөздің тасқыны жоқ. 

     «…  бейшара  жандар-ау,  осының  бəрі  жалғыз  маған  ғана  керек  пе? 

Басқа  жұрт  неге  жұмған  аузын  ашпайды,  неге  айтпайды?  Неден  қорқады? 

Елім  деп  еңірегенде  етегі  толады,  сол  елдің  болашағын  ойламағандары 

несі?…  Сонда    шетке  шыққан  жалғыз  есуас  мен  болғаным  ба,  шынымен-ақ, 

осының  бəрін    нақұрыстықпен  жасап  жүр  ме  екенмін.  Өз  жеріне  …  ие  бола 

алмай қалғаннан аянышты жағдай жоқ екен. Нағыз жетімдік осы емес пе?… 

Отансыз қалған адам ең сорлы, ең бақытсыз жан емес пе?» (46,92) 

     Расында, есі ауған адамның сөзінен гөрі, елім деп еңіреген азаматтың 

жан сырына ұқсайды. Біздіңше, автордың осы ойлы жолдарды есуас адамның 

аузына  салуы  келмеске  кете  қоймаған  қоғамдық  жүйеден  əлі  де  болса 

қаймығудан  туындаған  секілді.  Бұл  біздің  есмізге  Оралхан  Бөкейдің 

«Атаукере»  повесіндегі  Тағанның  «мас»  идеяларын  түсіреді.  Осы  көркемдік 

тəсілдің  астарында  реалистік  шындық  бары  сөзсіз.  Жұман  мен  Тағанның 

əрекеттерінде  елдігіміздің  белгісі,  ұлттық  сана-түсінігіміздің  белгісі 

жатқандай.  Романда  авторлық  позицияның  кейде  Жұманның  сөздерімен 

үндесіп кететін тұстары бар. 

     Туындыда  дəстүрлі  ұғымдағы  диалог  ауқымына  сия  бермейтін  үш 

эпизод  бар.  Ол  -  бейкүнə  Мөлдірдің  алғаш  рет  ядролық  жарылыспен  бетпе-

бет  кездесуі  де,  екіншісі-Мөлдір  мен  Ақтөс  иттің  «тілдесуі»,  үшіншісі  

Дегелең  тауы  мен  Адам  ойлап  тапқан  жойқын  күштің  тіресуі,  яғни  тұтас 

алғанда Жер-Ана мен термоядролық  жарылыстың  «күш сынасуы». 

Мөлдірдің  жаны  мен  тəні  кешкен  азапты  терең  психологизммен  ашқан. 

Тосыннан  болған  оқиғадан  есін  жиып  та  үлгермеген  Мөлдірдің  жан 

арпалысын  «жүрегі  де    көкірегіндегі  орнынан  ауысып,  басқа  жаққа  ығысып 

кеткен  сияқты»,  «тұла  бойын  ағыл-тегіл  тер  басып»,  «əлде  ұйқысы  қысқаны 

ма,  кірпігі  айқаса  береді»,  «аспандағы    күн  дірілдеп,  төбеден  түсіп  кете 

жаздап  тұр»,  «етінен  ет  кесіп  алса  да,  сезетін  емес»  (46,37)  т.б.  детальдар 

арқылы  əйгілейді.  Ал  жарылыс  суретін:  «жердің  астынан  сұрапыл  күш 

қопарылып, өзімен бірге алапат құйынды, апат өрт-жалынын ала шыққандай  

болды.  …  қатты  екпін  əлемді  тұғырынан  шайқап,  қозғағандай  болды. 

Гуілдеген  үрейлі  дауыс  жеті  қабат  жердің  астынан  да,  үстінен  де  қатар 

шығып,  дүниені  тегіс  теңселте  жөнелді.  …  жердің  беті  шоқтың  табындай 

қызып…  жер  қатты  тепкіні  ауырсынып  ыңырсығандай»  (46,34-35),-  деп   

«ақырзаман»   образында  берген. 

Бейкүнə,    əлсіз    Мөлдір    тұрмақ  Жер-Ананы    тізе  бүктірген   

қопарылыстың    жойқын    күшін  суреткер    бүкіл    тіршілік    атаулының 

тажалындай  етіп суреттеген. Ақтөс  ит  пен  Мөлдірді ортақтастырып  тұрған  

-    жарылыстың    қырсығынан      тартқан    тəн    азабы.  Иттің    «қыңсылауынан»  

оның    қыздың    жан      күйзелісін    түсінгендей  сыңай    аңғарылады.  Иттің  

«адамданған  дауысын»      естігендей    əсерде    қаласың,  өйткені    автор      оның  

қимыл-əрекетін    «шешен    сөйлете»    алған.  Тілсіз    мақұлық    ит    пен 

табиғаттың    перзенті-  Адамның    осынау    алапат    күштің    алдында    еш  

айырмашылығы  жоқ  еді, екеуі  де  тең. 



Əміршілдік-əкімдік  жүйенің    тетіктері  –  бұйрықты    бұлжытпай  

орындайтын    адамдардың    образы    романда    əскери    адамдар,    майор,  Ідіріс  

Тұрысбекович  т.б. бейнелерінде  көрінген. Олар  үшін  адам  факторы  жоқ,  

тек  орталықтан    түскен    бұйрық  бар,  ұғымдарында    ұлт,    салт-дəстүр, 

руханият  деген    нəрселер  жоқ,  тек    сол    бұйрықты    бұлжытпай    орындау  

міндеті    бар.  Жұманның    шешесін,    Мөлдірді    жерлеуге    байланысты  

көріністер осы  сөзіміздің  айғағы. Олар  кір  жуып,  кіндік  кескен  жерінен  

айырылған    халықтың    зарынан,    сағынышынан,    ыза-наласынан  

қорықпайды,  «жоғары жақтың»  жазасынан  қорқады. Бұл – құрсауы  қатты,  

кері  кеткен  қоғамның  азып-тозған  санасының  көрінісі. 

Жұман    өзінің    анасын,  Түсіп    қызы  Мөлдірді    ата    жолымен    арулап 

жерлей    алмайды,  оң    босағада    бір    түнетпей,    жаназасыз    жер    бесігіне  

бөлеуге    мəжбүр    болады.    Адам    санасындағы    ең    киелі    ұғым    өлілер  

алдындағы    парыз  емес  пе?  «Өлі    риза    болмай,    тірі    байымайды»    деген  

ұстанымды    өмірінің    кредосына    айналдырған  халықтың    құндылықтары  

саясаттың    құрбанына    айналды.  Жергілікті  адамдардың      аяғы    баспайтын  

полигон    зонасына    айналған  атажұрттағы    бабалар    аруағына    құран  

бағыштай    алмаған    халықтың    санасын,  рухын    жаныштаған    зұлмат  

тірілермен  бірге  өлілерді  де күңірентті. 

Есуас  күйге түскен  Жұманның, қызын  жоқтап  зар  шеккен Балқияның 

(Мөлдірдің  шешесі)    жанын    жегідей    жеген,    санасына    сіңбейтін    мəселе-

осы.    Қоғам    мен    адамның    арасына    түскен    жарықшақ    та    осыдан  

туындайды.  Автор    халқымыздың    басына    тап    болған  ғасыр    трагедиясын  

бейнелеуде  адамның  ішкі жан  дүниесіне  үңілудің  ұтымды  тəсілі  монолог 

пен диалогқа  күш  түсірген. 

Жазушы Б.Тілегенов  ғасыр  трагедиясының   табиғатын  Түсіп,  Жұман  

есімді екі  қойшының  «қарапайым»  ой-түсініктері,  сана-сезімдері  арқылы-

ақ  ашады.  Романның    көркемдік    құны    мен    қуаты    характер    табиғатын 

қоғам дамуындағы  қайшылықтарды  көрсету арқылы  бейнелеуінде. 

«Қара  жел»    романы  –  қызыл    империяның    отарлау    саясатының, 

геноцидтің,  тоталитаризмнің    əдебиеттегі  көркем   шежіресінің  бастауы. 

З.Жəкеновтің  «Зұлмат» (2000) романы қазақ тарихының 1925-34 жылдар  

аралығын  қамтиды.  Ұжымдастыру  кезеңіндегі  Қазақстанның    тұтас 

даласының  тарихы емес, Семейдің  Аршалы  өңіріндегі  қазақ  ауылдарының  

өмірі суреттелген.  Романға  арқау  болған ұжымдастыру, байларды тəркілеу 

науқаны  тұсында    қаламгердің  ата-анасы  да  көппен    бірге  Қытай  ауып 

кеткендердің бірі болды. Автор  сол  оқиғаны көзімен  көрмесе де, тарихтың 

көнекөз  тамыршылары  –  қариялардан  естіп-білгенінің  бəрін  жиып-теріп, 

жинақтап кесек туындыға айналдырыпты.  

Романның сюжеттік-композициялық тұтастығын құрап тұрған -қанды қол  

Голощекиннің  қазақ  даласында  жүргізген,  ұлтымыздың  тұнығын  лайлаған, 

халқымызды  қойдай  қырған    зұлмат  саясаты.  Оқиға  өткен  жер  -    Аршалы 

тауының  бөктеріндегі  Қайыңды  ауылы.  Шығармадағы  оқиғалар  тізбегі  – 

Голощекиннің  «кіші  октябрь»  төңкерісінің  Аршалы  өңіріндегі    көрінісі, 

байларды  тəркілеп,  тап  ретінде    жою,  елді  зорлықпен  ұжымдастыру,  қазақ 

елінің Қытайға шекара асуы, ел ішін жайлаған алапат аштық. Автор осындай 



ірі  оқиғалардың  қазақ  топырағында  қалай  өткенін  көркем  образдар  арқылы 

шебер  суреттеген.  Роман  оқиғасына  Голощекин  тікелей    араласпағанымен, 

қазақ  даласына  жасаған  ойранынан,  сұрқия  саясатынан  оның  кім  екендігі 

айқын  танылады.  Голощекиннің  образын  ашып  тұрған  бейнелер  –  ГПУ 

өкілдері мен ел ішіндегі əсіребелсенділер мен əпербақандар. 

 «Зұлмат»  романы  Жүрсін  деген  қаһарманның  атынан  баяндалады. 

Шығарманың  сюжеттік-композициялық  бітімі  осы  көркемдік  тəсілге 

бағындырылған.  Оқиғалар  мен  кейіпкерлер  қатары  Жүрсіннің  көзқарасымен 

бағаланып,  соның  ой  сүзгісінен  өтіп  отырады.  Яғни  ол  –  бастан-аяқ  бүкіл 

оқиғаның  куəгері.  Романның    көркемдік  тəсілі    тарихи  оқиға  шындығын  

жеке  адамның  тағдыры  арқылы  ашуға  негізделген.  Бұл  –күрделі 

тəсіл.Өйткені  суреткердің  айтпақ  ойының  бəрі  де  бас  қаһарман  Жүрсіннің 

дүниетанымы,  көзқарасына  тəуелді.  Шартты  түрде  айтқанда,    автор  сырт 

қалады  да,  орталық    қаһарманның  қабылдауы  мен  түйсінуі  сюжеттік  желіні 

дамытып отырады. 

 Ел ішіне келген ГПУ басшылары қазақ  даласында өз үстемдігін жүргізу 

үшін,  алдымен,  шаш  ал  десе,  бас  алатын  Усойқы,  Сайтанкөз,  Боранбайдың 

Қалақайы,  Бəкір,  Қаулан,  Оспандарға  аяқ  тіресе,  екінші  жағынан  Жұман, 

Жүрсін,  Түйебай  сынды  оқығандарды  да  өз  істеріне  тартады.Қырағы  ГПУ 

өкілдері жергілікті ұлт адамдарын шыққан  тегіне қарай бай-кулак, кедей деп 

екі тапқа бөліп, негізгі күресті ауқатты байларға қарсы жүргізеді. Халқының 

рухани  ұйтқылары  болған  Қыдыролла,  Шəпиғолла  қажылар  бай,  діндар 

адамдар  болғандықтан коммунистердің  күрес нысанына айналады. 

Автор  даралаған    характерлер    бірін-бірі  қайталамайды.  Дегенмен 

солардың бірқатарын ортақтастыратын қасиеттер бар. Қалақай, Бəкір,Қаулан, 

Оспандардың  басын  біріктіретін  –  сатқындық,  жағымпаздық,  арсыздық.  Ал 

Ғабдолла,  Жұман,  Жүрсіндерді  ортақтастыратын  –  олардың  халқының,  өз 

арының алдындағы тазалығы. Екі топты бір-бірінен  алшақ етіп тұрған нəрсе 

де - осы. 

Қазақ  оқығандарының  қадамын  аңдытып  қойған  тыңшылардың  кəсібі  – 

аңқау  қазақтардың  ісі  мен  сөзінен  «саяси    қателік»  тауып,  əшкерелеу, 

зорлықшыл  үкіметтің  өкілдеріне  жағыну,  ағайынды  бір-біріне  айдап  салу. 

Усойқы,  Сайтанкөз,  Қауландардың  əрекеттері  осы  деңгейден  көрініп  

отырады.  Ғабдолланы  алашордашыл,  Шəпиғолла  қажыны  қарақшы, 

Қыдыролла қажыны түрікшіл, Жұманды контр атандырып жүрген де осылар-

ГПУ-дің құйыршықтары. 

Кеңес  үкіметі  өзінің  күресін  қазақ  халқының  рухани  құндылықтарын 

талқандаудан  бастайды.  Қалақайдың  Қыдыролла  қажының  мешітіне  «кеңес 

үкіметінің  қас  жауы-  молда,  қожаның  ұясы»  деп  өрт  салуы,  Ғабдолла 

салдырған  қазақ  мектебінің  жабылуы  –  ұжымдастыру  науқаны  кезіндегі 

ұлтымыздың  трагедиясы.  Бұған  қарсы  шыққан  халық  өкілдерінің  əрекеті 

дəрменсіз еді. Шəпиғолла қажының коммунистерге жинаған қолы қаруланған 

ГПУ солдаттарына төтеп бере алатын жағдайда емес еді. 

Байларды  тəркілеу  – оның мал-мүлкін,  жер  –суын  тартып алу  ғана  емес, 

шаңырағын  шағып,  бала-шағасын  тоз-тоз  етіп,  итжеккенге  жер  аудару,  түп-

тұқиянын  тап  ретінде  жойып  құрту  екендігін  автор    көркем  суреттей  алған. 



Романдағы  байлығы  таланған,  ішкі  дүниесі  тоналған  қазақ  байларының  

алдында  бір-ақ  жол  қалды.  Ол  –  шегара  асып,  шетелдерге  кету.  Шығармада 

бұл Кергентастағы қанды оқиға үстінде көрінеді. 

Кергентас шатқалындағы  Қытайға бет алған, іргесі бұзылған, шаңырағы 

шайқалған,  ырыс-берекесі  талан-таражға  түскен,    кіндік  қаны  тамған  

топырағынан  еріксіз  кетуге  мəжбүр  болған  ел  көшінің  суреті-  романның 

мазмұнды беттерінің бірі. Қазақтың əйелдері мен он екіде бір гүлі ашылмаған 

қыздарының  абыройларын  айрандай  төккен  орыс  солдаты  Мишаның  жан 

түршігерлік  озбырлығына  шыдамаған    қазақ  жігітінің  оны  өлтіруі, 

Түйебайдың он төрт-он бестегі бүлдіршін қызының Бəкірдің қорлауына төзе 

алмай  өзіне-өзі  қол  жұмсап,  асылып  өлуі  «арым-жанымның  садағасы» 

қағидасын  ұстанған  ата  салтты  аяққа  таптаған,  əділетсіздік  жайлаған 

қоғамның бет келбетін танытады. 

Автор  1932-33  жылдардағы  ашаршылықты    Қауланның  Жүрсінге  айтқан 

əңгімесі түрінде жеткізген. Шала көмілген, көмілмей қалған адам өліктерінен 

аяқ  алып  жүргісіз  Қайыңды  ауылының трагедиялық  күйін  суреттеу    арқылы 

алапат аштықтың тұтас халықтың басына төнген нəубет екендігін айта алған.       

90-жылдардағы  қазақ  прозасы  дамуының  бір  сипаты    ғұмырнамалық 

(мемуарлық)  романның   жазылуымен  ерекшеленеді. Б.Тілегеновтің «Тұйық 

өмірдің  құпиясы»,    М.Мағауиннің  «Мен»,  Ə.Нұрпейісовтің  «Соңғы  парыз»,  

Қ.Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние», Ə.Əбішевтің «Айтпай кетті демеңдер»  

романдарының    С.Мұқанов,  С.Сейфуллин,  Ғ.Мұстафин    шығармаларынан  

соң ұзақ жылдарды араға  салып қайта түлеуі қоғамда болып  жатқан  елеулі 

өзгерістермен,  əсіресе,  адамға    бет    бұрған    дəуірдің    басталуымен  тығыз  

байланысты.  Ғұмырнамалық    роман  жанрының    негізгі    белгілерінің    бірі  – 

онда  баяндалған жағдайлардың автордың  өзіндік дүниетанымына, басынан  

өткергендеріне,  ол  жайлы  түйген  ой-тұжырымдарына,  өмірлік  тəжірибесіне  

негізделетіндігі.  Онда    қаламгердің  тарих,  қоғам,  адам  т.б.  жайлы  ой-

толғақтары,  түйіндері  нақты  тұлғаларға  қатысты    көрінеді.  Бұл  тұста  

авторлық «мен» үстемдік алады. Өмірдегі жолы мен  өнердегі  жолын қатар 

түзген  суреткер    өзінің    адамдық,    шығармашылық    портретін    жасайды. 

Өткен    өмір  мен  қазіргінің    арасындағы    ішкі    байланыстарды  іздеп  табуға  

тырысады. 

Ғұмырнамалық    романдардың    көркемдігімен    бірге,  танымдық    мəні  де 

ерекше.  Қандай    қиын-қыстау  замандарды  басынан    өткізсе  де,  мұқалмаған  

суреткерлік қалам, жеңілмеген  ұлттық, адамдық рух  жазушының  тұлғасын  

биіктететіні  сөзсіз.  

Тəуелсіз  ой  мен  сөздің  көркемдік  көрінісі  ретіндегі    бүгінгі  қазақ  əдеби 

процесі туралы салмақты сөз алда. 

  

 



Негізгі

 əдебиеттер: 

1.  Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы.-Алматы,1994. 

1.

 

Бердібаев Р.Қазақ романы.-Алматы,1975. 



2.

 

Елеукенов Ш. Əдебиет жəне ұлт тағдыры.-Алматы, 1996. 



3.

 

Дəдебаев Ж. Өмір шындығы жəне көркемдік шешім.-Алматы,1991. 



4.

 

Сыдықов т. Қазақ тарихи романы.-Алматы,1996. 



5.

 

Рахымжанов Т. Романның көркемдік əлемі.-Алматы, 1994. 



6.

 

Майтанов Б. Қазақ романы жəне психологиялық талда.-Алматы,1996. 



7.

 

Хамзин М. Қазіргі қазақ романы.-Қарағанды, 2002. 



 

Қосымша

 əдебиеттер: 

1.

 



Дəдебаев Ж. Қазіргі қазақ əдебиеті.-Алматы, 2002. 

2.

 



Кəрібаева  Б.  Қазіргі  қазақ  əдебиетінің  көркемдік  даму  арналары.-

Астана, 2002. 

3. Əшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. –Алматы, 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет