«Өзіңе»
Білсең егер қастерлей,
Қастерлей гөр даланы.
***
Тауларынан жат жердің.
Өз жерінде таңдап шығар қыр артық.
Ж.Нəжімеденовтің өлеңдерінде ұлы халқымыздың ұлылығы, құнды
қасиеттері философиялық астармен беріледі.
Талай майдан, қан төгіс тұсында да,
Не көп болса – жер көп, ел қысылмаған.
Бəрін беріп, даланы сақтап қалған,
Ерлігіне мақтану үшін бабам.
...
Сенім үшін семсерін ауыстырып.
Серті үшін бесіктегі қызын берген, - дей келе ұлттық рухтың
өзгешелігін, ренжітіп алса «ат шапан, айып төлер» мінезін, «сыйлағанының
құлы болып, атынан түсіп, шапанын шешіп берер» мəрттігін əдемі образбен
жеткізеді. Тұтас шығармада бірден көзге ілінетіні - дала бейнесі, кең дала
тарихы.
«Кеңдік» өлеңінде жауын да, досын да сыйғызған кең даласын жырлай
келе,
Дастарқаны көңіліндей толы ортаға.
Кінə тақты талайлар.
тағар тағы
Кір жаулығын əжемнің жамандапты
Қымызына қызып ап Сарыарқаның, - дейді.
«Асын ішіп, аяғын тепкен», «бесікті отын қылған» дəуірдегі адамның
бойындағы рухсыздану апатын ащы үнмен жеткізе алған.
Дала төсіндегі небір дүрбелеңді айта келе, көркі көз тартқан тауларды
тарихтың жазбаларына, талай аласапырандардың куəгеріне теңейді.
Халқымыздың өз жамандығымыздың құрбаны болған арыстарын, асылдарын
еске алып, жаны ауырады.
Барлық жүйрік бір туды, бір-ақ өлді,
Бір-бір ауыз əрқайсы мұра берді;
Дала саған болады көңіл айтса,
Ажалы үшін кешегі «Құлагердің».
Сарқынды, сап ойларын ішіндегі,
Тұрған шақта ел енді түсінгелі...
Дала саған болады көңіл айтса,
Кешегі өткен Мұқаңдар үшінде бір.
Кеткен орнын бəрі де қоңырайтса...
Тарих-ата толтырар оны қайтсе,
Дала саған болады көңіл айтса,
Дала саған болады көңіл айтса.
Далаға қатысты өлеңдерінде көбіне көңілсіз сарын аңғарылады.
Жалпы Ж.Нəжімеденов творчествосындағы ең басты доминант-
философиялық ой, қара бұйра топырақ иісі аңқып тұрған табиғи философия.
Табиғат пейзажы уақыт пейзажына айналып кеткен, ұлы Дала табиғаты –
тарихқа айналып кеткен.
Негізгі
əдебиеттер:
1.
Кəрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы.-Алматы,1988.
2.
Кəрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасы.-Қарағанды,1990.
3.
Егеубаев А. Сыр мен сымбат.-Алматы, 1981.
4.
Қуандық
Мəшһүр-Жүсіп.
Қазақ
лирикасындағы
стиль
жəне
бейнелілік. –Алматы,1990.
5.
Базарбаев М. Қазақ поэзиясы: көркемдік ізденістер.-Алматы,1995.
6.
Дəрібайұлы С. Қияға самғаған қыран ақын.//Қазақ елі,№33, 1992.
Қосымша
əдебиеттер:
1.
Дəдебаев Ж. Қазіргі қазақ əдебиеті.-Алматы, 2002.
2.
Кəрібаева Б. Қазіргі қазақ əдебиетінің көркемдік даму арналары.-
Астана, 2002.
3.
Хамидуллаев К. М.Мақатаевтың ақындық шеберлігі.-Алматы 1993.
1990-жылдардағы қазақ романы.
Жоспары
:
1 М.Мағауиннің «Шақан шері» (1984), «Сары қазақ» (1991), 2.
Т
.Əбдіковтің «Өліара» (1985), С.Елубаевтың «Ақ боз үй» (1989),
«Мінажат»
(1993),
Б
.Қыдырбекұлының
«Алатау»
(1986-1991),
О
.Сəрсенбайдың «Шеңбер», Ə.Таразидің «Қорқау жұлдыз» (1995),
Б
.Мұқайдың «Өмірзая», Б.Тілегеновтің «Қара жел»(1990), «Сексен
алтыншы
жыл» (1990), К.Ахметбековтің «Қасірет» (1991), З.Жəкеновтің
«Зұлмат» (2000)
Еліміз егемендігін алғаннан бері қазақ əдебиеті көркем дамудың
жаңа дəуіріне аяқ басты. Жарты ғасырдан астам уақыт ұлттық
əдебиетімізден
аластатылған
М.Жұмабаевтың,
А.Байтұрсыновтың,
Ш.Құдайбердіұлының, М.Дулатовтың, Ж.Аймауытовтың əдеби мұралары
ақталып, халқымыздың рухани игілігіне айналды. Бұл процестің қазақ
əдебиетінің дамуына тигізген əсер-ықпалы зор болды. Осыған жəне қоғамдық
дамуға орай қазақ əдебиетінің тарихын қайта қарау проблемалары бой
көтерді.Тұтас ХХ ғасырдағы қазақ əдебиетінің даму тенденцияларын
айқындау, кезеңдерге жүйелеу-бүгінгі күннің үлесіндегі салмақты проблема.
Жазушыларымыз бен тарихшыларымыз қазақ тарихының бұрын
жабулы болған немесе социалистік реализм қағидасымен тек жылтырап
көрсетілген қаралы беттеріне үңіле бастады. Суреткерлер ұлтының өткеніне
назар аудара отырып, оның рухани болмысын жаңаша пайыммен тануға бет
алды.Бұл бағыттағы алғашқы бастамалар да жоқ емес.
Əдебиеттегі осы бір жаңа серпіліс 1980 жылдардың ортасынан бастау
алады. Заман ағымының өзгеруіне байланысты əдебиет кеңістігінде жаңа
сипаттағы шығармалар пайда бола бастады. М.Мағауиннің «Шақан шері»
(1984), «Сары қазақ» (1991), Т.Əбдіковтің «Өліара» (1985),
С
.Елубаевтың
«Ақ
боз
үй
»
(1989),
«Мінажат»
(1993),
Б
.Қыдырбекұлының «Алатау» (1986-1991), О.Сəрсенбайдың «Шеңбер»,
Ə
.Таразидің
«Қорқау
жұлдыз
»
(1995),
Б
.Мұқайдың
«Өмірзая»,
Б
.Тілегеновтің «Қара жел»(1990), «Сексен алтыншы жыл» (1990),
К
.Ахметбековтің «Қасірет» (1991), З.Жəкеновтің «Зұлмат» (2000)
романдары – бүгінгі ұлттық сананың, танымның, пайым-парасаттың
көркемдік көрінісі, ата-баба аруағына деген ыстық ықыластың белгісі.
Бұл романдарда қаламгерлер кеңес өкіметінің тоталитарлық жүйесін
сынға ала отырып, оның қазақ халқына тигізген зардабын көркем оймен
түйіндеп, жеткізе білді.
С.Елубаевтың «Ақ боз үй» романы байларды тəркілеу,
ұжымдастыру кезіндегі тарихи оқиғаларды қамтыса, «Мінəжат» – «Ақ боз
үйдің» жалғасы ретінде сол кезеңнен кейінгі дəуірдің шындықтарын
баяндайды. Екі романды көркем сабақтастырып тұрған қаһармандар –
Шеге, Хансұлу, Ждақай, Сұр Жекей, Бұлыш, Балқия, Пахраддин, Сырға,
Мажан.
«Ақ боз үй» романында Пахраддин, Мажан байлардың елімізде
болған саяси науқанның құрбандығына айналдырған, сүттей ұйыған, табиғи
тіршілігін кешіп жатқан халықтың арасына іріткі салып, дала төсін
аласапыран еткен жаңа қоғамдық жүйенің антигуманистік тұстарына
үңілген автор қоғам жəне адам қарым-қатынасына өзгеше көркемдік
концепциямен қараған. Ақ боз үй – бұрыннан құлағымызға сіңісті болған
ұғымдағы халқының қамынан гөрі қара басын көбірек күйттеген
«мыңғырған», «шіріген» байлардың үйі емес, ата салтын аяққа баспай,
елінің елдігін, іргесінің беріктігін, ұрпағының қамын ойлаған
Пахраддиндердің үйі.
Саяси дүрбелең тұсында шекара асуға беттеген халықтың тонауға,
талауға түсіп, тоз-тоз болған күйі, Пахраддин мен əйелі Сырғаның
айдалада көмусіз қалуы («Ақ боз үйде»), артынан қалған ұрпақтары
Хансұлу мен Шегенің 1933-1937 жылдардың нəубетіне тап болып, тартқан
азаптары, көрген қорлықтары, ақыр соңында «халық жауы» атанып, тас
түрмеде жапа шеккен Шегенің кеудесінде жаны бар құр сүлдеге айналуы
(«Мінəжатта») – жеке адамның басындағы ғана қасірет емес, сол кезеңде
ғұмыр кешкен халқымыздың да трагедиясы.
Роман композициясында орын алған даланың жолдары мен
жондарында ізі қалған түйе - Шойынқараның образында астарлы, мағыналы
терең ой бар. Шойынқара романда көркемдік шарттылықтың компоненті
ретінде ғана емес, образдардың психологизмін тереңдету үшін , сюжет
қозғалысын өрістету үшін алынып отыр. Табиғат көрінісі, Шойынқара-
туындының көркем айшықтары ғана емес, сан қилы тағдырлардың
куəгерлері де. Шойынқара – символ-образ. Романда ол шығармашылық
тəсілден гөрі тұтас авторлық концепцияны білдіріп тұр. Қоғамдық дүрбелең
мен Шойынқара үйіріндегі толқуды тұтастырып тұрған жағдай -
үйреншікті ортадағы үндестіктің бұзылуы.
Ш.Айтматовтың Гүлсарысы («Қош бол, Гүлсары!»), Қаранары
(«Ғасырдан да ұзақ түн»), Қ.Жұмаділовтің Ақбас атаны («Дарабоз») секілді
Шойынқара да адам тағдырымен сабақтаса келе, адамның рухани
болмысындағы тоқырауды танытып тұр. Ждақай, Сұржекейлер үшін
«киелі», «обал» деген ұғым жоқ. Ата-баба моласы олар үшін үйілген бір
топырақ. Сондықтан да Ждақай Шойынқараны Барақ ата бейітінің
басындағы киелі сексеуілге байлап, қамшының астына алады. Ждақайдың
ішкі əлеміндегі тоғышарлық, қатыгездіктің шегінен шыға көрінетіні де осы
тұс. Жұртқа биіктен шолып қарайтын нарбура артқы жіліншігі омырылып,
шарасыз тағдырына мойынсұнады. Автор нарбура образына көркемдік-
идеялық мəн бере отырып, кейіпкер мінезінің қатпарларын, тоғышарлық
табиғатын шеберлікпен аша алған.
Туындыда айдалада аштықтан өзегі талып, құм жуаның ылғалды
сабағын талғажау еткен, жарық дүние көздеріне сағым болып елестеген
Пахраддин мен Сырғаның ғаріп күйі əсерлі суреттелген. Қаһармандардың
психологиялық күйзелісінен қастерлейтін ештеңе қалмаған, азғындаған,
адамшылық арды күйреткен қоғамның тұрпатын танимыз.
« – Мылқаусың … қатыгезсің безерген? Опасызсың сұм жалған?
Ақыры жетіп тындың ба дегеніңе? Жынға тойған иттерге қойдай қоңыр
халықты тақымдатып, талатып, тырқыратып торғайдай тоздырдың
ба?…Судың да сұрауы болар! Елдің обалы жібермес, бала-шағаның көз-
жасы жібермес! Ыбылыс иектеген кер заман!» (43,316). Бұл – Пахраддиннің
өз заманына берген бағасы. Ең асылы – адамын тоз-тоз еткен заманның
қалпын автор жалаң баяндамай, мінез психологиясы мен оқиға
логикасынан туындатқан. Пахраддиннің өлер шағында көзіне елес болып
көрінген ақ боз үйі де символдық сипатқа ие. Осы сəттегі Пахраддиннің
трагизмі мен сексеуілге таңулы Шойынқараның ауыр күйін беруде
қаламгер табиғат пейзажына сүйенген. Пейзаж Пахраддин күтіп жатқан
ақтық сəттің хабаршысындай. Автор пейзажды өлімнің символына
айналдырған.
Тұтас екі романның өн бойында автор «ақ таңдақ» кезеңнің
қоғамдық, əлеуметтік мəн-жайын терең ашып, «жабық» тақырыптың
көркем əдебиеттегі жаңа үрдісін танытты.
Ал К.Ахметбековтің «Қасірет» романында да осы жылдардағы
тарихи кезең оқиғалары сөз болады. Қарашаш, Ескермес, Ошақбай,
Қалдықыз – қасіретті тарих беттерінің куəгерлері. Романда қазіргі кезең
мен өткен дəуір оқиғалары қатар өріле келе, адамдардың сана-
сезіміндегі, психологиясындағы, рухани болмысындағы өзгерулерге
бойлай алған.
Роман Сүткенже мен Ертағының қаладағы өмірін суреттей келе,
авторлық шегіністер, еске түсірулер арқылы қазақтың басына түскен қилы
заман келбетін танытқан. Сүткенженің əкесі Ошақбай, атасы Тəңірбергеннің
байларды
тəркілеу,
ұжымдастыру
кезіндегі
тағдыр
талайына
ортақтастырады. Ошақбай отбасының ашаршылық жылдары көрген
зардаптары сезімді сілкіндірер поэтикалық бояулармен айшықталған.
Ошақбай ашарашылық жылдарынан кейін үкімет тарапынан қуғындалып,
Орал тауының маңындағы кен орнында қара жұмыста болады, түрмеге
айдалады. Осының бəрі де сол дəуірдегі саяси науқанның зардабынан болып
жатады.
Ашаршылық жылдары көбінесе Мөрше мен Қалдықыз əңгімелерінде
көрініс табады. Ошақбайдың баласы Сақыпкерейдің өмір тарихы- оның шын
мəнінде далада аштан өлген əйелдің баласы екендігі романда əсерлі
суреттермен берілген.
Автор өткенді суреттей отырып, бейбіт замандағы қазақтардың
бойында, тұрмыс-салтында кездесетін келеңсіз сəттерді де (өлік жөнелту
үстінде арақтың ішілуін, ата-ана алдындағы парызын түсінбейтін Онласын
(Ошақбайдың келіні) секілді жастарды, оң босағада отырып жүкті болған
Зайраны т.б.) ашық сынға алып отырады.
Б.Қыдырбекұлы
«Алатау»
роман-дилогиясында
1920-40
жылдардағы аштық, колхоздастыру, 1937-жылғы қаратүнек мəселелерін
көтереді. Осы оқиғалардың бəріне бірінші жақтан баяндаған Абақтың
əңгімелері арқылы куə боласыз. Ораз Жандосов пен Тоқаш Бокиннің
бейнелері, жалшылық өмірді бастан кешіп, жаңа заманға бет алған Абақ,
Мақпыруза образдары кезең тынысын танытуда иланымды мінездерімен
көрінеді.
1920-30-жылдардағы қазақ аулындағы қоғамдық-саяси, əлеуметтік
жағдай көрінген романдардың бірі – Т.Əбдіковтің «Өліарасы». Бұл дəуірде
жаңа экономикалық, қоғамдық-саяси өзгерістер қазақ даласында күштеу
жолымен
жүрді.Ұжымдастыру
саясаты
жойқын
күшпен
жүзеге
асырылды.Əміршілдік-əкімдік жүйе тек жоғарыдан қаулы-қарарлар жіберіп,
оны жергілікті басшылық органдарда жүрген сауатсыз жетекшілер асыра
сілтей орындады. Зорлық-зомбылықпен байлардың мал-мүлкін талан-таражға
салып қана қоймай, өздерін «жер аударып», жазалады. Бай болғаны үшін
қылмысты адам саналды.
«Өліарада» байларды тəркілеу, ұжымдастыру кезеңінің осындай
көлеңкелі тұстары суреттелген. Назар, Нұрбек, Ыбыш Қалтаңбаев секілді
шолақ белсенділер үкіметтің тапсырмаларын асыра сілтеп жүргендер ретінде
көрінеді. Қоғам істеріне енді араласа бастаған Бəйтеннің көзін көп нəрсеге
ашатын адам - кезінде онымен бір пəтерде тұрған Оймауыт Жаңбырбаев. Ол
халықтың
трагедиясының
саясаттан
хабарсыз,
сауатсыз
жергілікті
басшылардың сорақылықтарынан екендігін айтып, түсіндіреді. Бəйтеннің
Назарлардан жеңіліс табуы өзінің əрекетсіздігінен екендігін дəлелді
жеткізеді. Ел ішін жайлаған əділетсіздіктерді көріп отырса да, оған жаны
ауырғанымен де, күрескерлік əрекеттің жоқтығы етегінен тартады. Назар,
Нұрбектер шен үшін өзінің ауылдастырының басына қамшы үйіреді.Олар
тоталитарлық жүйенің тетіктері іспеттес. Өздерінің қара бастарының қамы
үшін ар-ұятты жиып қойып, өз қандастарын жаныштайды, өздерінің шала-
шарпы түсініктерін, қате көзқарастарын саяси науқанды жүргізудің
қағидаларына айналдырады.
Бай тұқымынан болғаны үшін Асқар, ақылды, сауатты болғандығы
үшін
Асқардың
немере
інісі
Бəйтен
қуғын-сүргінге
ұшырайды.
Əсіребелсенділер өздерінің зұлымдық əрекеттерін ағайынның, туған-туыстың
арасына жік салу арқылы жүзеге асыруға машықтанған. Хадиша мен Бəйтен,
Бəйтен мен Асқар арасындағы жағдайдан осыны көреміз. Автор бұл
жағдайларды көркем шындық деңгейінде ашып көрсете алған.
Асқар өзіне-өзі қол жұмсап, у ішіп өлгісі келгенде, бұл жолдан оны
Өлместің баласы жынды Қамза тоқтатады. Асқар өз тағдырының шешімін
тек өлімнен ғана көреді, өйткені рухани тоқыраған адамдар да, адамгершілік
нормалар аяқ асты етілген қоғам да оған жат болып көрінеді. Асқар образын
өзгелерден биіктендіріп тұрған – оның рухани дүниесінің тазалығы. Тіпті
оның ішкі əлемінен өзгелер тірек іздейді. Мола басында Қамзаның Асқарға
айтқан сөздерінде өмірдің ақиқаты жатыр. Асқардың өзінің ауыр ойынан бас
тартуы оның əлі де болса жақсылықтан үмітсіз емес екендігін аңғартады.
Егер Асқар тура жолдан тайса, онда өзгелердің күні қараң болғандай. Асқар
тек қатардағы кейіпкер ретінде ғана дараланбаған, адамгершілік, адалдық, ар
ұғымдарының аяқ тірер негізі секілді. Асқар образын жасаудағы авторлық
концепцияның өзгешелігі осында.
Бірақ тоталитарлық жүйе өзінің дегеніне жетіп, Бəйтенді өз ағасы
Асқарға қарсы қояды. Бұл–замана тынысынан алыс кетпеген көркемдік
шешім.
Жаңаша көркемдік танымның көкжиегін кеңейтетін туынды-
О
.Сəрсенбайдың «Шеңбер» романы. Романның бұлай аталуы негізсіз емес.
Шығармада адамның ой еркіндігін, сөз еркіндігін, санасын тежеген шектеу-
шеңбер – партиялық басшылықты ұстанған тоталитарлық жүйе. Ондағы
ауылшаруашылық басқармасының бастығы Тоқтарбай, облыс прокуроры
Хансейітов, облыстың бірінші хатшысы Құснидинов, Тоқтарбайдың
орынбасары Шерəлі образдары 70-жылдардың бас кезіндегі қоғамдық-
əлеуметтік оқиғаларға негізделіп жасалған. Сол дəуірдің қоғамдық
құбылысына айналған əміршілдік, өтірік ақпарат беру, əлеуметтік
əділетсіздіктер, бір орталыққа—Мəскеуге бағындырылған жүйе, кеңестік
сананы қалыптастыру үшін алдын-ала сызылған «жоба-шеңберді» көркем
түйіндей отырып, ұлттық сананы, тарихи жадыны соғыссыз, қан төгіссіз-ақ
тегеуріні мықты саясаттың күшімен өшіруге бағытталған социалистік қоғам
шектеулерінің астарындағы халықтың шерін айқын таныта алған.
Қайшылы тұлға Құснидинов, əділеттік іздеген Арыстанбеков, арызқой,
жалақор, имансыз Арысбаев характерлері əміршіл-əкімшілдік жүйе
«шеңберінің» ішіндегі оқиғалар үстінде ашылады.Автор іргесі алыстай
қоймаған кешегі қоғамның жат көріністерін өзінше салмақтай алған.
Белгілі бір көркем туынды төңірегінде сөз қозғағанда біз оның
көркемдік сапасынан гөрі тақырыбының «сенсациялық» əсеріне, оның
əдебиеттің
дамуындағы
орнына,
уақыт
рухымен
диалектикалық
байланысына, өмір шындығының терең ашылуы деген мəселелерге көбірек
мəн береміз де, көпшілік жағдайда автордың бейнелеу тəсіліндегі сапалық
ізденістерін шығарманың «ішкі» заңдылықтарынан, көркемдік түйіндеуінен,
философиялық толғаныс тереңдігінен іздеудің орайы келмей жатады.
Бұл, біздіңше, əдеби процесті зерттеудің ғылыми-əдіснамалық
принциптерінің бір жүйеге түспегендігімен түсіндіріледі. Соңғы жылдары
жарық көрген ғылыми-зерттеу еңбектеріне қарап осыған көз жеткізуге
болады.
Қазіргі əдебиетті бұрынғы кеңестік сыңаржақты үрдіспен тақырыбына
қарай жүйелеу де үстірттікке ұшыратып жатады. Өйткені көркемсөз өнерін
белгілі бір тар аядағы тақырып қазығына байлаудың жөнсіздігін уақыт өзі
дəлелдеп отыр. Ендеше тұтас бір дəуір əдебиетінің даму тенденцияларын
айқындайтын тақырыптың өзектілігінен де бұрын оның көркемдік сапасы
болмақ. Ал көркемдіктің өлшемі - кейіпкер мінезінің даралығы мен
шынайылық сипаты, адам жанының диалектикасын ашу. Əдебиеттің
көркемдік-эстетикалық, философиялық, психологиялық категорияларындағы
бүгіндік үрдісті тап басып айту – биік талғамның ісі. Қоғам, уақыт, адам
жаны суреткердің эстетикалық концепциясында тұтаса келіп, өзгеше бір
үйлесімге түседі. Көркем əдебиет туралы сөз сабақтаудың қашан да
қиындығы осыдан болу керек.
Бүгінгі əдебиеттің адам, қоғам танудағы көркемдік бағытына айналған
психологизм мəселесін айналып өту мүмкін емес. Адам жанының
сұлулығын, рухани күш-қуатын немесе ішкі əлеміндегі қарама-қайшылықты
ашу күрделі көркемдік-эстетикалық, əлеуметтік-психологиялық талдауды
қажетсінеді. Адам танудың кеңестік канондарын, шаблондық үлгілерін
бүгінгі жұртшылық қабылдамайды.
90-жылдары жарық көрген шығармалар жаңа көзқарас, таным,
пайымдаудың жемісі екені сөзсіз. Өйткені ұзақ жылдардағы тоталитарлық
құрсауды бұзып шыққан ұлттық рух өзінің күш-қуатына арна іздеді.
Жаралы жылдар зардабын тартса да, талай жаныштауларды бастан
өткізсе де, ұлттық болмыс өзінің саналы табиғатын жоғалтқан жоқ.
Осындай сан қатпарлы тарихымыздың тағдырлы тұсы, əлемдік,
ғасырлық трагедияға айналған оқиға – Семей полигонында өткен қырық
жылдық тарихы бар термоядролық сынақтар. Бір кезде дүниені дүр
сілкіндірген, ҒТР дəуірінің кемел жетістігі мен мақтанышына айналған
бұл тарихи оқиғаның адамзатқа тартқызған қасіреті шексіз еді.
Қазақтық кемел жазушысы Бекежан Тілегеновтің «Қара жел»
романы осы бір трагедияны өзінің өзегіне арқау еткен. Роман жарық
көрген кезеңде кеңес өкіметі жүйесінің іргесі сөгіле, шаңырағы шайқала
бастаса да, бұрынғы қатып қалған қағидаларға сүйенген санадан ажырай
қоймаған едік.Сол тұста ұлттық мүддені көздеген, халқының жан айқайын
жетізген «Қара желдей» романның жарық көруі өшпеген ұлттық рухтың
белгісіндей. Семей полигоны «жабық» мəселелердің бірі болды да,
жазушылар бұл тақырыпқа бара алмады.
Келешекке, сана еркіндігіне, азаттыққа көш түзеген туынды - «Қара
жел» романы ХХ ғасырдың геноцидтік бағыттағы оқиғасы, қазақты ғана
емес, адамзат баласын ауыр қасіретке ұшыратқан экологиялық апаттың
табиғатын ашуды мақсат тұтқан. Адам айтқысыз апатты басынан өткерген
Дегелең тауының баурайындағы халық – романның негізгі қаһарманы.
Оқиға осы өлкеде өтпек алғашқы термоядролық жарылыс алдындағы
дайындық жұмыстарынан басталады. Қайрақты ауылында қоныстанған
қазақтарды атамекенінен қуып, орнын полигон алаңына айналдыру
процесі жүріп жатады. Ештеңеден хабарсыз халық орталықтың іс-
əрекеттеріне көнбістік танытады, өйткені тоталитарлық жүйенің жылдар
бойғы жұмыс тəсіліне – науқаншылдыққа əбден үйренген. Романнан адам
факторы аяқ асты етілген қоғамнан əділдік іздеуге талпынған қаһарманды
да көрмейсіз. Бəрін де солай болу керек нəрседей қабылдайды.
Тіршілікке жасалған алғашқы қиянат - əскери машина басып кеткен
көгендегі жазықсыз кішкентай ақ лақ. Мұхтар Мағауин алғашқылардың
бірі болып осы роман туралы жазған «Зұлымдық шежіресі» мақаласында
ақ лақты «атом апатының əуелгі құрбаны» (44,118) деп көрсеткен.
Шынында автор да осы ақ лақ өлімі арқылы адамзат əлеміне төніп келе
жатқан зұлматты меңзегендей. Дəстүрлі көркемдік тəсілде бұл миссияны
көбіне пейзаж атқаратын. Б.Тілегенов жан иесі- ақ лаққа салмақ салған.
Романда кейіпкерлер қатары көп емес. Туынды негізіндегі оқиға
желісі Түсіп, Жұман қойшылардың отбасына қатысты өрбіп отырады. Екі
отбасының қиямет-қайымға толы тағдыры арқылы қазақ даласындағы
экологиялық, рухани апатты аңдатады.
Ақ лақ, жас қыз Мөлдір (Түсіп қойшының қызы), Ақтөс ит, есі ауған
Жұман қойшы, емі жоқ, жазылмас дертке шалдыққан жас бала Қайрат
(Түсіптің немересі), сал ауруға айналған Түсіп қойшы – жойқын жарылыс
апатының құрбандары. Тіршілік атаулының бəріне қырғидай тиген жойқын
күш адам мен табиғатты аяусыз қызыл өртке орады.
Сəкеннің сұлу жырында «сахараның ботакөзіне» айналған
ақбөкендердің жаппай қырылуы Дегелең өлкесінде бұрын тарихта
болмаған «Киікқырған» жер атауын дүниеге əкелді. Айналасында
жыбырлаған құрт-құмырсқасы жоқ, ішінде жүзген тірі жəндігі жоқ «Атом
көлі» - тажал көлі пайда болды.
Ал, керісінше, кең дала төсіндегі алқадай болған сұлу да кербез
Дегелең тауы ғасырлар бойғы жаңбыр мен қар – мұзға төтеп берген күш-
қуатынан айрылып « шыңы қалтырап, дір-дір қағатын» ( 45,129) жағдайға
жетіп, алып тұлғасы үрей, қорқыныш белгісін береді. Жазушы контрасты
суреттерді өмір шындығын танытудың көркемдік тəсіліне айналдырған.
Автор ақ лақ, Ақтөс ит, ақбөкен, Дегелең тауын, «Атом көлін»
символдық образдар ретінде алып отыр. Шығармада суреткер алапат
жарылыс пен Адамзатты, Табиғатты диалогқа түсіреді, бір-бірімен
теңдесе алмайтын екі құбылысты тілдестіреді, бетпе-бет кездестіреді.
Оның бірі – адам ойлап тапқан, адамның ақыл-ойының жемісі – жер
үстінде жасалған термоядролық жарылыс та, екіншісі – табиғат-ананың
жаратылысы – Адамның өзі – жас қыз Мөлдір.
Суреткер осы оқиға алдында Мөлдір мен Арманның арасындағы
сүйіспеншілікті, махаббат сезімін баяндау арқылы Мөлдір образына
пəктікті, тазалықты, нəзіктікті, сұлулықты дарытады. Адамдықтың тірегі –
махаббат əлеміне енді енген сəби сезімнің оты жанбай жатып өшеді.
Қаламгер тазалықтың, пəктіктің белгісі етіп жазықсыз жануар ақ
лақ пен үлкен өмірдің табалдырығын əлі аттап үлгермеген жас Мөлдір
қызды алуында үлкен мəн бар секілді. Өйткені екеуі де – болашақтың
символы. Онда болашаққа балта шапқан ғылыми жаңалықтың мəні неде?
Антигуманистік ғылымның болашаққа берері не? Адамзатқа қарсы жасалған
əрекетке неге тоқтау жоқ? Халықтың жан айқайын жеткізетін ұрпағы қайда?
Қоғамды басқару жүйесі неге алып машинаға айналған? Оның дөңгелегінің
астында жаншылған «ақ лақтарды», Мөлдірді кім жоқтайды? Осы үшін кімді
кінəлаймыз?
Достарыңызбен бөлісу: |