1-тақырып. 60 жылдардағы қазақ романы. Жоспары : 1



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата06.03.2017
өлшемі333,35 Kb.
#8450
1   2   3   4   5

«Ақ  Жайық»    романы    «Төңкеріс  үстінде»,  «Шыңдалу»,  «Тар  кезең»    атты  

үш  кітаптан құралған. Бұл  роман - сол  дəуірдің   талабына  орай  кеңестік  

қызыл  идеологияның  қағидаларын  басшылыққа  алып  жазылған  шығарма.  

Сондықтан    романның      тақырыптық-идеялық,  образдық,    көркемдік-

эстетикалық,  сюжеттік-композициялық  жүйесін  талдау  барысында қоғам-

саясат-əдебиет    арақатынасын    сыни  көзқарас  елегінен  өткізіп      алған    жөн. 

Əйтпесе,  сыңаржақты  жолмен  өткенге  күйе  жағуға  əкеп тіреуі  мүмкін.                                                   

     Романға  арқау  болған  оқиға – Батыс  Қазақстан  өңірінде  жаңа  өкімет  

орнату  кезеңі,    азамат    соғысы.  Тарихи  кезеңнің  көркем    əдебиетте 

бейнеленуінде  орталықтан  шет  аймақтарға    революционерлердің    келіп,    ел  

ішінде  революциялық    идеяларды    таратуы,    «ескі    жүйенің»    өкілдері    бай-

кулактарға  қарсы  күресіп, «жаңа  сананы»  қалыптастыруы  секілді  дəстүрлі  

схема    бой    көрсеткені  ашық    мəселе    болғанымен,    автор    туындысын    осы  

жалаң  схема  деңгейінде  қалдырмаған. 

     Ел    ішіндегі    Хакім,  Ехлас,  Минхайдар,  Жүніс  қажы,  Сəлмен,  Мүкарама, 

Меңдікерей,    революционерлер    Дмитриев,  Əйтиев,  Червяковтар    мен    ақ 

генералдары  Мартынов,  Акутин,  Михеевтер    арасындағы  қақтығыстар  

арқылы Оралда  жаңа үкімет орнату оқиғасының  табиғатын  ашады. 

     Социалистік  релизм    үлгісімен    «пішілген»  туындылардағы  қоғамдық-

саяси бағыттағы  қаһармандардың  көркем  образын талдауда  ескірген ұғым  

деп сыра  салу, күні  өткен   қоғамның кезеңдік құндылықтары  деп  тереңдеп 

қазбаламау    əдетінің  де  санамызға    сіңісті    болғаны  жасырын  емес.  Бүгінгі  

мерзімді  баспасөз  бетіндегі    «кешегі  əдебиет»,  «əдебиет  өлді»,  «нағыз 

əдебиет енді туады»  деген дау-дамайлардың  бəрі бастауын осыдан  алғаны  

сөзсіз. 

      Романдағы  оқиға – тұтас бір  дəуірдің  шындығы жəне  біз  оны  тарихтан  

сызып    тастай    алмаймыз.  Туынды    қызыл  идеологияның      қалыпты 

шеңберінің  аясында жазылғанымен,  біз  одан  отаршылдықтың  құрбанына   

айналған    халықтың    трагедиясын    аңғарамыз.  Күштеу    арқылы    орнаған  

кеңес  үкіметінің  мақсат-мүддесін қазақ  қоғамы  бірден түсініп  кеткен  жоқ. 



Əскери    күші    бар    революционерлер    мен    ақгвардияшылдардың    талауына  

түскен    қазақтың    басына    аласапыран  заман    туды.  Міне,    осы    нəубет  

тұсындағы  трагедия    табиғатын  ашуға    партиялық    құрсау  қарымды 

қаламгерді жібермеді.  Ел  ішін  жайлаған  əділетсіздікті  автордың сезінбеуі  

мүмкін    емес    еді.    Өкінішке    орай,    роман    тап    тартысы  канонының  

өлшемімен жазылды. 

     Ғалым    Т.Сыдықов  революциялық    тақырыптағы    романдарды    сынай  

келе,    кеңестік    тоталитарлық    зорлықшыл  үкімет    идеологиясының  

схемасына  шақталған  образдарды  атайды.          «…«Жабайы»  қазақты   ел  

қатарына    қосу    тек    орыстың    «пешенесіне    жазылған».    Сондықтан  

Виноградов,  Емельевсіз  Тоқаш  Бокин,  Петр  Дмитриев,  Червяковтарсыз  

Əбдрахман    Əитиев,  Хакім,  Кузнецовсыз    Асқар,    Ознобин,  Дьяковсыз  

Еламан  –  көзі    бітелген    бұлақ,  қолтығы    жазылмаған    асау»    (24,129). 

Қазақтың  «көзін  ашқан, бақыт  таңын  əкелген»  орыс  революциясы  деген  

жалаң    трактовка    тарихты    көркем    бейнелеудің    ұзақ    жылдарғы    үрдісіне  

айналғаны рас. 

     Романда жаңа қоғамдық істерге енді араласқан жас Хакімнің өмір жолын 

суреттеудегі,    бүкіл  бір  ұрпақтың  тағдырын  тарихи  оқиғалар  аясында  алып 

көрсетудегі  автордың  көркем  концепцияларын  саралауды  басты  назарда 

ұстаған абзал. 



     Бұл  шығарманы  қарастырғанда    бірсыдырғы  сынамай,    образдардың 

табиғатына  үңіле  отырып,  таптық  канондардың  көркем  характердегі  ізін 

ажырата  білу  қажет.  Сонымен  бірге  аталмыш  кезең  жайында  жазылған 

қазіргі романдармен салыстыра келе көркем танымдағы айырмашылықтарды 

бағамдатуға бағыттаған дұрыс. 

 

Негізгі



 əдебиеттер: 

1.

 



Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы.-Алматы,1994. 

2.

 



Бердібаев Р.Қазақ романы.-Алматы,1975. 

3.

 



Елеукенов Ш. Əдебиет жəне ұлт тағдыры.-Алматы, 1996. 

4.

 



Дəдебаев Ж. Өмір шындығы жəне көркемдік шешім.-Алматы,1991. 

5.

 



Сыдықов т. Қазақ тарихи романы.-Алматы,1996. 

6.

 



Рахымжанов Т. Романның көркемдік əлемі.-Алматы, 1994. 

7.

 



Майтанов Б. Қазақ романы жəне психологиялық талда.-Алматы,1996. 

8.

 



Хамзин М. Қазіргі қазақ романы.-Қарағанды, 2002. 

 

 



4-тақырып. Мұқағали Мақатаев (1931-1976). 

 

Жоспар



 

1.

 

«Аққулар  ұйықтағанда»,  «Бəсіре»,  «Жырлайды  жүрек»,  «Қош, 

махаббат

», 

«Өмір 

өзен

», 

«Өмірдастан», 

«Соғады 

жүрек

», 

«Шолпан» жыр жинақтары, 

2.

 

 «Өмірдастан», «Аққулар ұйықтағанда», «Моцарт.Жан азасы». 

 

Лирикадағы  адам  жəне  табиғат.  Ой  мен  сезім.  Суреттеу  мен 

сипаттау.Өлеңдегі  поэзияға  тəн  серпінділікті    ұйқастан  емес,    сөздің  түп 

төркінінен,  мазмұндағы  таным  мен  сөз  қуатынан    іздеу.  Толғаулардың 

сезімнен  гөрі  даналық  ойды  жеткізетін  оңтайлы  тəсіл  екендігі.  Мысалы, 

Қ.Мырзалиевтің,  Т.Айбергеновтің  шығармалары.  Классикалық  шығыс 

поэзиясының 

кейбір  иірімдерінің 

сезілуі. 

М.Шаханов, 

М.Мақатаев, 

Ф.Оңғарсынованың  лирикалары.  Ж.Нəжімеденов  лирикасындағы  ойлылық, 

сыршылдық.  Жанды  динамика,  асқақ  романтика,  нақты  суреттің  бүгінгі 

лирикада  келісім  табуы.  Философиялық  тереңдік.  Арнау  өлеңдері. 

Композициялық  құрылымындағы  риторика,  арнай  айту  элементтері. 

М.Мақатаевтың «Арулар, қош болыңдар», «Сағындым ғой», «Саржайлауым» 

өлеңдеріндегі арнау сарынды, риторикалық қара өлең ұйқасы. 

Жоғарыда  аты  аталған  бүгінгі  талантты  ақындарымыздың  өзіндік 

эстетикалық бағыты бар екенін,  олардың поэзияны бір-бірімен тығыз ұштаса 

отырып дамытқанын айтуымыз керек. Əсіресе, қара өлең үлгісін М.Мақатаев 

ерекше  дамытты.  Сонымен  бірге  лирикада  баллада,  сюжеттік  өлең  көбейіп, 

лирика композициясы жаңаланды.                         

Қазақтың 

талантты 

тарлан 


ақындарының 

қатарында 

тұрған  

М.Мақатаевтың  қазақтың  поэзия  əлеміне  қосқан  үлесі  сүбелі.  Оның 

«Аққулар  ұйықтағанда»,  «Жырлайды    жүрек»,  «Қош,    махаббат»,  «Өмір  -

өзен»,  «Өмірдастан»,  «Соғады  жүрек»,  «Шолпан»  атты  өлең  жинақтары  – 

қазақ əдебиетінің табысы. 

              Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып 

              Тастағысы  келеді  күресінге    -  дей  келе,  лирик  Мұқағалидың 

«Жаралмаған жан едім күресуге» деуі - өзін-өзі қапысыз тануы. Бұл ақынның 

əлсіздігі  мен  жігерсіздігін  емес,  жан  дүниесінің  нəзіктігін,  сезімталдығын 

аңғартса керек. 

Сондықтан  да  ол  өзінің  жан  сырын  қазақтың  қара  өлеңінің  құдіретімен 

жеткізді. 

              Қазақтың қара өлеңі құдіретім, 

              Онда  бір  сұмдық  сыр  бар  естілмеген  –  деп  сырлы  лирикаға 

қызмет етті. М.Мақатаев поэзиясының арқауы - əн. 

              Осы бір боздау үнді естігенде, 

              Əн болып көкейіме есті жел де. 

              Ойыма ойран салып, осы бір үн, 

              Бауырымды ұстарамен кескілеуде. 

              Апыр-ай, қайдан шықты, қайдан келді? 

                             - 

 -  



              О, муза, 

              Тағдырыма иембісің? 

              Күрсініп, көкірегім, күйеді ішім. 

              Мен сені жаңартам деп келгенім жоқ, 

              Сен мені жаралғансың сүйеу үшін –  

деген  жолдар  ақын  болмысын,  кредосын  танытады.  Мұқағали  жырлары 

пафосты  келеді.  Тілдік  ерекшелікке  талдай  келгенде,  халықтың  ауызекі 

сөйлеу тіліне бас игізеді. 



              Ақынның: 

              Ақынмын деп қалай мен айта аламын, 

              Халқымның өз айтқанын қайталадым. 

              Күпі киген қазақтың қара өлеңін 

              Шекпен жауып өзіне қайтарамын, - деуі содан. Оның поэзиясына 

батырлық беретін де осы ақиқатшылдығы. Мұқағали өлеңдерінің драматизмі 

де күшті шыққан. 

              Қасқа бұлақ басынан неге кеттім? 

              Не деген жел айдаған көбелекпін. 

              Еркіндік, еркелікті місе тұтпай, 

              Тасқа əкеп өзімді-өзім шегелеппін. 

              Пай, пай, пай, 

              Сағындым-ау, сағындым-ау! 

              Талықсып тар төсекте таңылдым-ау! 

Өлеңдегі  драма,  трагедия  аңғарылады.  Енді  ақын  тіліндегі  шешендік, 

көсемдік, ақындық пафос басқа арнаға ауысады. 

Мұқағали – лирик.  Ол  бар  мүмкіндігін  осы  жанрда  ашты.   

              Сүйгісі  келе  берер  сүйген  ерін 

              Сүй,  жаным, 

              Сүйкімді  бір  күйге  енемін. 

              Жүрегіміз жақыннан бірге соқсын, 

              Ағытшы бешпентіңнің түймелерін. 

Автор  өз  сезімін,  сырын  əдемі  жеткізген.  Дөрекілік  жоқ.  «Ағытшы 

бешпентіңнің түймелерін»  деген жол ұлттық инабаттың символындай. Еркін 

сезім, еркін ой кідіріссіз төгіледі.  

Қиынның  қиыны  -  өмір  құбылыстарының  мəн-мағынасын  жанмен  ұғып, 

жүрекпен  тануда.  Жан  мен  жүрек  өзі  сүймеген,  өзі  ардақ  тұтпаған 

құбылыстарды тануға да ешқашан ықтиярлы болған емес. Өлең жолдарынан 

ақынның,  я  лирикалық  кейіпкердің  жан  жылуы  есіп  тұру  керек.  Сонда  ғана 

ол адам сезіміне əсер етеді.  

Дүниеде  болып  жатқан  құбылыстардан  көп  нəрсені  түйген  ақын  жаны 

сəбилік пəктікке ұмтылады.  

              Сəби болғым келеді, сəби болғым, 

              Бұл дүниеден хабарсыз жаңа туған. 

Ақын осы тазалық, пəктікке ұмтылу арқылы өзінің де ішкі əлемінен хабар 

береді.  Бұл    екі  жол  ақынның  өмірдегі  аса  қымбат  бағалайтын  қастерлі  ой-

сезімдерімен, танымдармен байланысты болуы керек.Сүйіспендік, ғашықтық 

тақырыбына  арналған  өлеңінде  адамды  сүю  сезімі  сан  қырлы  сырмен,  сан 

түрлі  құбылып  көрінеді.  Адам  өмірінің,  сезімінің  бағалылығы  оның 

тазалығында. Махаббат сезімінің қуат күші де оның кіршіксіз пəктігінде.  

Автордың  махаббат  тақырыбындағы  өлеңінде  лирикалық  кейіпкер 

күйдім-жандым  деуден  аулақ,  лап  еткен  сезім  жоқ.  Сүю  сезімі  аңсау  мен 

сағынуға ауысып отырады.  

Ақындардың  көбі  ғашықтық  сырларды  табиғат  құшағында,  табиғат 

көріністерімен  бірлікте  ашуға  бейім.  Бұл  тəсіл  –  Мұқағали  ашқан  жаңалық 

емес.  


                             «Жүр қалқам!» 

              Шайқалып нұр,  

              Маужыраған мамырдан май тамып тұр, 

              Жайқалып қыр,  

              Тауға соққан боз сағым қайта ағып тұр. 

              Айталық сыр,  

              Серуендеп, жүр, қалқам, қайталық бір. 

              Жырақ барып,  

              Серуендеп қайтайық сыр ақтарып. 

              ...Бара жатыр жанымды бір от қарып, 

              Жастығым ба, тірілген құлап барып?... 

Лирикалық қаһарманның жастық өмірінің мəніне айналған ұлы сезім сыр 

береді.  Ақын  оны  табиғаттың  əсем  сəтімен  параллельді  ала  суреттеген. 

Ұшқыр, лап еткен сезімнен гөрі, өз отына шарпылу бар. Кейіпкер өзі жайлы  

ашық сыр ашпауды қалайды. 

Жұмекен

  Нəжімеденов  (1935-1983).  Лирикасы.  Тұңғыш  жинағы 

«Балауса». «Даңқ пен дақпырт» романы. «Ақ шағыл», «Гүл туралы баллада», 

«Кішкентай»,  «Менің  топырағым»,  «Ұрпағым,  саған  айтам»,  «Қасірет  пен 

қайсарлық»  жинақтары.  Поэмалары:  «Көзсіз  батыр»,  «Қанды  сүт»,  «Тамыр 

мен жапырақ».  

Ж.  Нəжімеденов  -  əдебиетімізге  өз    үнімен    келген    ақын.  Ол  -  бірден  

ұғыла  қоймайды,  өйткені  ашынғанын  да  айқайламай  жеткізетін,  қатпар-

қыртыстардан  тұратын  күрделі  ақын.  Оның  дүниетанымы,  көркем-

эстетикалық концепциясы, образды ойлау жүйесі өзгеше. 

Ол қазақ өлеңіне контрасты бояулар, драмалық тартыстар алып келді. 

                   Ақ бұлақ көрпесін ысырып, 

                   Көк тасқа ұйқтады жалаңаш. 

 

                   Ұрды шапақ қара бұлтты қан қылып. 



                   Кесті сəуле жапырақты пышақпен. 

Бұлар  тек  табиғат  драмасының  көрінісі  ғана  емес,  бұл  адам  жанының 

драмасы. Өйткені ақын табиғаттың сұлулығына сұқтанғаннан гөрі, оның ішкі 

арпалысына үңіліп тұр. 

Ж. Нəжімеденов өлеңдерінде философиялық ой бар. 

«Өз көзіммен»: 

                   Əлі жүрмін. Түк бітірген жоқпын мен, 

                   Іш қазанын жалайды ыза от тілімен. 

                   Алып-алып көп үмітті көп күннен 

                   Деп кетем бе, түк бітірмей өттім мен? 

 

                   Жоқ, өткем жоқ, өтпегенде қалды нем! 



                   25-те өттім елдің алдымен. 

                   Туған едім ең соңынан бұл жұрттың, 

                   Ең соңынан соғар ма екем санды мен. 

 

                   Осы ойлармен атты, əнеки, таң дағы 



                   Тағы бір күн келе жатыр жанғалы... 

                   Мен өткем жоқ, өтеді екен жылдар тек 

                   Бірақ менде қалады екен салмағы. 

Өзін-өзі  жаныштап,  тергеген  ақын  уақыт  алдындағы  өзінің  миссиясын 

ауырлатып тұр. 

Ж.Нəжімеденовтің  «Келін»,  соғыс  тақырыбындағы  «Көзсіз  батыр», 

«Қанды сүт», «Соңғы махаббат» поэмалары бар. 

«Күй  кітабы»  -  күйдің  мазмұнын  мақамдап,  баяндап  беретін  өлеңдер 

жиынтығы  емес,  күй  рухының  поэтикалық  галереясы.  Əр  өлеңнің  бойында 

тартысқа толы тұтас бір дəуір бар, заман үні бар. 

Ж.Нəжімеденовтің  өлеңдерінде  адам  бойындағы  қайшылықтар  көрніп 

отырады.  Адам  мен  адам  арасын  былай  қойғанда,  бір  адамның  бойында 

итжығысқа түскен қаншама қайшылық бар. 

«Мезгіл  əуендері»,  «Ұлым,  саған  айтам»,  «Қызғалдақ  туралы  баллада» 

атты кітаптардан өлеңдерден осы құбылыс аңғарылып отырады. 

                   Жауыздық пен арамзалық бүгінде 

                   Əр есіктің түбінде, 

                   Аузын аңдып əр іннің 

                   Əр елдің бір сылдыратып бұтасын 

                   Аш мысық боп дүниені кезіп жүр. 

«Қожа Ахмет Яссауи мешіті» өлеңінде: 

                   Тас байлауы – байлауындай жұмбақтың, 

                   Шеше алмайтын секілді ме оны ешкім? 

                   Үнсіз жырды қалдым мен де тыңдап бір, 

                   Бірақ... түк те түсіне алар емеспін. 

                   Ұлылық деп осыны айтса – көнем де, 

                   Сұлулық деп осыны айтса – сыятын. 

                   Қарап тұрып жеті ғасыр төменге. 

                   Сүйсінуге ғана жетті қуатым. 

                              «Өзіңе» 

                   Білсең егер қастерлей, 

                   Қастерлей гөр даланы. 

 

*** 



                   Тауларынан жат жердің. 

                   Өз жерінде таңдап шығар қыр артық. 

Ж.Нəжімеденовтің  өлеңдерінде  ұлы  халқымыздың  ұлылығы,  құнды 

қасиеттері философиялық астармен беріледі. 

                   Талай майдан, қан төгіс тұсында да, 

                   Не көп болса – жер көп, ел қысылмаған. 

                   Бəрін беріп, даланы сақтап қалған, 

                   Ерлігіне мақтану үшін бабам. 

                   ... 

                   Сенім үшін семсерін ауыстырып. 

                   Серті  үшін  бесіктегі  қызын  берген,  -  дей  келе  ұлттық  рухтың 

өзгешелігін,  ренжітіп  алса  «ат  шапан,  айып  төлер»  мінезін,  «сыйлағанының 

құлы  болып, атынан  түсіп,  шапанын  шешіп берер» мəрттігін  əдемі  образбен 


жеткізеді.  Тұтас  шығармада  бірден  көзге  ілінетіні  -  дала  бейнесі,  кең  дала 

тарихы. 


«Кеңдік»  өлеңінде    жауын  да,  досын  да  сыйғызған  кең  даласын  жырлай 

келе, 


                   Дастарқаны көңіліндей толы ортаға. 

                   Кінə тақты талайлар. 

                   тағар тағы 

                   Кір жаулығын əжемнің жамандапты  

                   Қымызына қызып ап Сарыарқаның, - дейді. 

«Асын  ішіп,  аяғын  тепкен»,  «бесікті  отын  қылған»  дəуірдегі  адамның 

бойындағы рухсыздану апатын ащы үнмен жеткізе алған. 

Дала  төсіндегі  небір  дүрбелеңді  айта  келе,  көркі  көз  тартқан  тауларды 

тарихтың  жазбаларына,  талай  аласапырандардың  куəгеріне  теңейді. 

Халқымыздың өз жамандығымыздың құрбаны болған арыстарын, асылдарын 

еске алып, жаны ауырады. 

                   Барлық жүйрік бір туды, бір-ақ өлді, 

                   Бір-бір ауыз əрқайсы мұра берді; 

                   Дала саған болады көңіл айтса, 

                   Ажалы үшін кешегі «Құлагердің». 

                   Сарқынды, сап ойларын ішіндегі, 

                   Тұрған шақта ел енді түсінгелі... 

                   Дала саған болады көңіл айтса, 

                   Кешегі өткен Мұқаңдар үшінде бір. 

                   Кеткен орнын бəрі де қоңырайтса... 

                   Тарих-ата толтырар оны қайтсе, 

                   Дала саған болады көңіл айтса, 

                   Дала саған болады көңіл айтса.  

Далаға қатысты өлеңдерінде көбіне көңілсіз сарын аңғарылады. 

Жалпы  Ж.Нəжімеденов  творчествосындағы  ең  басты  доминант-

философиялық ой, қара бұйра топырақ иісі аңқып  тұрған табиғи философия. 

Табиғат пейзажы уақыт пейзажына айналып кеткен, ұлы Дала табиғаты – 

тарихқа айналып кеткен. 

 

Негізгі

 əдебиеттер: 

1.

 



Кəрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы.-Алматы,1988. 

2.

 



Кəрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасы.-Қарағанды,1990. 

3.

 



Егеубаев А. Сыр мен сымбат.-Алматы, 1981. 

Қосымша

 əдебиеттер: 

1.

 



. –Алматы,1990. 

2.

 



Базарбаев М. Қазақ поэзиясы: көркемдік ізденістер.-Алматы,1995. 

3.

 



Дəрібайұлы С. Қияға самғаған қыран ақын.//Қазақ елі,№33, 1992. 47  

4.

 



Қуандық 

Мəшһүр-Жүсіп. 

Қазақ 

лирикасындағы 



стиль 

жəне 


бейнелілік. 

 

 

 

5-тақырып.  Жұмекен Нəжімеденов (1935-1983).  

 

Жоспары



1.

 

Лирикасы

.  Тұңғыш  жинағы  «Балауса».  «Даңқ  пен  дақпырт» 

романы

.  «Ақ  шағыл»,  «Гүл  туралы  баллада»,  «Кішкентай», 

«Менің  топырағым»,  «Ұрпағым,  саған  айтам»,  «Қасірет  пен 

қайсарлық

» жинақтары.  

2.

 

Поэмалары

:  «Көзсіз  батыр»,  «Қанды  сүт»,  «Тамыр  мен 

жапырақ

».  

 

Ж.  Нəжімеденов  -  əдебиетімізге  өз    үнімен    келген    ақын.  Ол  -  бірден  

ұғыла  қоймайды,  өйткені  ашынғанын  да  айқайламай  жеткізетін,  қатпар-

қыртыстардан  тұратын  күрделі  ақын.  Оның  дүниетанымы,  көркем-

эстетикалық концепциясы, образды ойлау жүйесі өзгеше. 

Ол қазақ өлеңіне контрасты бояулар, драмалық тартыстар алып келді. 

                   Ақ бұлақ көрпесін ысырып, 

                   Көк тасқа ұйқтады жалаңаш. 

 

                   Ұрды шапақ қара бұлтты қан қылып. 



                   Кесті сəуле жапырақты пышақпен. 

Бұлар  тек  табиғат  драмасының  көрінісі  ғана  емес,  бұл  адам  жанының 

драмасы. Өйткені ақын табиғаттың сұлулығына сұқтанғаннан гөрі, оның ішкі 

арпалысына үңіліп тұр. 

Ж. Нəжімеденов өлеңдерінде философиялық ой бар. 

«Өз көзіммен»: 

                   Əлі жүрмін. Түк бітірген жоқпын мен, 

                   Іш қазанын жалайды ыза от тілімен. 

                   Алып-алып көп үмітті көп күннен 

                   Деп кетем бе, түк бітірмей өттім мен? 

 

                   Жоқ, өткем жоқ, өтпегенде қалды нем! 



                   25-те өттім елдің алдымен. 

                   Туған едім ең соңынан бұл жұрттың, 

                   Ең соңынан соғар ма екем санды мен. 

 

                   Осы ойлармен атты, əнеки, таң дағы 



                   Тағы бір күн келе жатыр жанғалы... 

                   Мен өткем жоқ, өтеді екен жылдар тек 

                   Бірақ менде қалады екен салмағы. 

Өзін-өзі  жаныштап,  тергеген  ақын  уақыт  алдындағы  өзінің  миссиясын 

ауырлатып тұр. 

Ж.Нəжімеденовтің  «Келін»,  соғыс  тақырыбындағы  «Көзсіз  батыр», 

«Қанды сүт», «Соңғы махаббат» поэмалары бар. 

«Күй  кітабы»  -  күйдің  мазмұнын  мақамдап,  баяндап  беретін  өлеңдер 

жиынтығы  емес,  күй  рухының  поэтикалық  галереясы.  Əр  өлеңнің  бойында 

тартысқа толы тұтас бір дəуір бар, заман үні бар. 



Ж.Нəжімеденовтің  өлеңдерінде  адам  бойындағы  қайшылықтар  көрніп 

отырады.  Адам  мен  адам  арасын  былай  қойғанда,  бір  адамның  бойында 

итжығысқа түскен қаншама қайшылық бар. 

«Мезгіл  əуендері»,  «Ұлым,  саған  айтам»,  «Қызғалдақ  туралы  баллада» 

атты кітаптардан өлеңдерден осы құбылыс аңғарылып отырады. 

                   Жауыздық пен арамзалық бүгінде 

                   Əр есіктің түбінде, 

                   Аузын аңдып əр іннің 

                   Əр елдің бір сылдыратып бұтасын 

                   Аш мысық боп дүниені кезіп жүр. 

«Қожа Ахмет Яссауи мешіті» өлеңінде: 

                   Тас байлауы – байлауындай жұмбақтың, 

                   Шеше алмайтын секілді ме оны ешкім? 

                   Үнсіз жырды қалдым мен де тыңдап бір, 

                   Бірақ... түк те түсіне алар емеспін. 

                   Ұлылық деп осыны айтса – көнем де, 

                   Сұлулық деп осыны айтса – сыятын. 

                   Қарап тұрып жеті ғасыр төменге. 

                   Сүйсінуге ғана жетті қуатым. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет