1-тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы


-тақырып. «Қазақ тілі» пәні арқылы меңгертілетін құзыреттіліктер



бет4/25
Дата18.04.2023
өлшемі219,44 Kb.
#83896
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту әдістемесі

4-тақырып. «Қазақ тілі» пәні арқылы меңгертілетін құзыреттіліктер
Дәріс мақсаты: Тілдік, кәсіби, проблемалардың шешімін табу, ақпараттық, қатысымдық, танымдық, әлеуметтік-тұлғалық құзыреттіліктерімен таныстыру
Сұрақтар:
1. Тілдік құзыреттілік
2. Кәсіби құзыреттілік
3. Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі
4. Ақпараттық құзыреттілік
5. Қатысымдық құзыреттілік
6. Танымдық құзыреттілік
7. Әлеуметтік- тұлғалық құзыреттілік

Құзыреттілік – адамның әрекетке, оның пәніне деген жеке қатынасын қамтитын сәйкес құрауыштарды меңгеруі. «Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» -қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) –оқушылар және қоғам үшін күнделікті оқуда, қатысымдық міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі; қатысымдық мақсатты іске асыруда оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы. Тілдік, лингвистикалық құзыреттілік: сөздерді фонетикалық, лексикалық, грамматикалық нормаларға сай қолдана білуі, сөздің дұрыс айтылу, жазылу ережелерін білуі;мәтін түрлерін құрастыра білу дағдылары қалыптастырылады.


Əлеуметті-құқықтық құзырет – өз елінің азаматы ретінде өзнің жəне қоғам мүшелерінің əлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту.
Ақпараттық құзыреттілік – айрықша назар аударуды қажет етеді. Себебі ақпараттық қарым-қатынас технологиясын игеру әр маманнан талап етіледі. Ақпараттық ресурс – ақпарат көзін алу мультимедиялық, электрондық, жалпы ақпараттық технологияларды меңгеруі тиіс.
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары
1. Тілдік құзыреттілік деген не?
2. Кәсіби құзыреттілік деген не?
3. Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі деген не?
4. Ақпараттық құзыреттілік деген не?
5. Қатысымдық құзыреттілік деген не?
6. Танымдық құзыреттілік деген не?
7. Әлеуметтік- тұлғалық құзыреттілік деген не?
Әдебиет: [4,7, 20,15,39.]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет