1-тақырып Балалар мен жасөспірімде


- тақырып Жасөспірімдердің ауытқушы мінез-құлқының негізгі түрлерінің психологиялық сипаттамасы



бет8/10
Дата25.11.2023
өлшемі293,5 Kb.
#126487
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
УМК девиантология лекция

10- тақырып Жасөспірімдердің ауытқушы мінез-құлқының негізгі түрлерінің психологиялық сипаттамасы
Қазіргі таңда әрқайсысымыз күн сайын агрессия, зиянды әдеттер, заңға қайшы әрекеттермен тұспа тұс келіп жатамыз. Осы мәселелермен айналысатын мамандар көптеген жылдар бойы сұрақтарға жауап іздеп келеді.
Еліміздің нарықтық қатынастар кезеңінде болашақта бүкіл әлемдік өркениет аясында өз орны бар мемлекет деңгейінде дамуы халқымыздың ұлттық менталитетінің болмысына әсіресе жаңа жас ұрпақтың сындарлы тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты. Дегенмен бүгінгі таңда ұлттық болмысымызға жат құбылыстардың жастар арасында кең етек алуы жас ұрпаққа қажетті заман талабына сай тәлім-тәрбие жүйесін жаңартуға, мектеп алдында жаңа міндеттер қояды.
Бұл міндетке халқымыздың ғасырлар бойғы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие дәстүрлер тәжірибесі негізінде адамгершілік қадір - қасиеттері тағылымды, рухани дүниесі бай, мінез-құлық мәдениеті еліміздің болашағы үшін қызмет етуге дайын азаматты қалыптастыру арқылы жетуге болады.
Осы мәселеге байланысты ел басымыз Н.Назарбаев: “Жаңа жағдайға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті рухани және әлеуметтік адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады” деп атап көрсетті [67].
Осыған байланысты бұл күндері жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие ісінің мазмұны өте зор. Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың басымдық танытуы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында қылмыстық істер жасауына жағдай туғызуда. Мектептер мен отбасы жағдайларында кейбір жасөспірімдердің талап – тілектерімен келіспеу, ой- пікірлерімен санаспау, жеке – дара ерекшеліктері мен бейім қабілеттерін ескермеулеріне қарсылық туса, оларға ұсынылған идеялар мен мұраттардың күйреуі, табиғи түрде шиеленіске апарады.
Рухани жағынан кейбір балалардың азуы және соның нәтижесінде өзімшілдікке мойын бұрып, оларды енжарлыққа, өзіне және басқаға немқұрайлықпен қарауға, арақ-шарап, темекі, наша тарту және уытты сұйық заттарды иіскеу, қылмыстық істер жасауға дағдылана бастайды.
Екіншіден, кейбір балаларға тән қасиет - өзіндік тәуелсіздік, дербестік, басқаға бағынышты болмау. Сол себептен, өзінің күш - қуатын, жеке басының мән – мағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға мүмкіндіктерді мектептегі оқу – тәрбие мен еңбек үдерісіне қатынасуынан байқалады. Себебі, девиантты мінез–құлықты балалар типтік ерекшеліктеріне байланысты тіршілік қиыншылықтарына кезігіп, оны жеңіп шығуға ішкі жай – күйі жол таба алмай әлеуметтік–педагогикалық тұрғыдан қорғалынбайды. Содан девиантты мінез–құлықты бала ешкімге керегім жоқ деген сезімге беріліп кінәны үлкендерге артып айналасымен жанжалдасуға, ұрыс – төбелеске бейімделеді. Қажеттіліктің орнын толықтырудың жолы – бос уақытын мақсатсыз пайдалану, мектеп тәртібін ұстамау, заң нормаларын бұзу, қылмыстық істер жасау.
Соңғы кездері осы жастар тәрбиесіндегі кемшіліктердің кең етек алуын тектен-тек оқиға деп қарауға болмайды. Ол өмір шындығы, бәріміздің ортақ кемшілігіміз. Осы кемшіліктеріміздің нәтижесінде жасөспірімдер арасында девиантты мінез-құлық көптеп кездеседі.
Девиантты мінез-құлық-жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.
Психикалық әрекетіне өзгеру күйін тудыратын улы заттарды қолдану девиантты мінез-құлық формасы болып табылады. Осы заттарды қолданған кезде ол психикалық процестерге әсер етеді.
Девиантты мінез-құлық әртүрлі формада көрінгеніне қарамастан, олардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Ішімдік ішу, наша қолдану, агрессивті мінез-құлық тағы басқалар бір тұтастықты көрсетеді. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының біреуін қолдануы оның басқа заттарды қолдануға деген мүмкіндіктерін жоғарылата түседі.
Балалық шақ - ең қиын, әртүрлі бұзақылықтардың пайда болатын және сонымен қатар достық нормаларды игеруіне сәтті кезең болып табылады.
Балалық шақтағы кезеңдегі девианттық мінез-құлық жалпы заңдылықтарға бағынады – жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықты болуына ешқандай себеп жоқ. Бірақ әртүрлі топтағы адамдардың әлеуметтік - экономикалық теңсіздігі, мүмкіншіліктерінің теңсіздігі жасөспірімдер мен жастардың санасына психологиялық әсер етеді.
Әр жас кезеңнің адамның тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны бар. Бұл баланың “мені” қайта құрылып, айналасындағыларға сыни көзқарас қалыптасады. Жасөспірімдік кезең ол балалықтың бір жас ерекшелік кезеңі болып табылады [68].
Балалардың құқығы туралы конвенциядағы анықтамалармен келіссек бала болып 18-ге толмаған әрбір адам табылады. Жасөспірімдік шақтың қарапайым белгілеріне адамның күрделі биологиялық, психологиялық және әлеуметтік даму кезеңдері жатады, негізінде бұл кезеңдер әрқашанда толығымен бір-біріне сәйкес келе бермейді [69].
Зерттеушілердің көбі психикалық дағдарысқа әкеліп соқтыратын ауыр және сонымен қатар жасөспірімнің санасына күрделі күш түсірмейтін, жыныстық жетілуіне және дамудың биологиялық факторына көп көңіл бөледі, мұндай жасөспірімдік шақтың белгілеріне тән мінездемелерге ашуланшақтық, дөрекілік және қырсықтық, долылық, субъективтік уайым әлеміне кіріп кету тағы басқалар жатады. Жыныстық жетілуге байланысты туындайтын жаңа сезімдер, ойлар зерттеушілердің пікірлері бойынша – оның іс - әрекетін және қылықтарын анықтай отырып жасөспірімдердің санасында басымдылық болады [70].
Л.С.Выготский балалық шақтан ересектік шаққа өту кезеңінде екі үлкен өзгеріс болады: ағзадағы жыныстық жетілу және өзінің “Мен” мәдениетті ашылуы, тұлғасының және дүниетанымының қалыптасуы. Жасөспірімнің түсінуімен, бейімделу және белсенділік жүйесі ретінде өмірлік жоспардың туындауы мәдени процесін қорытындылайды [71].
Г. Шпрангер өзінің мәдени–психологиялық тұжырымдамасында балаларда жасөспірімдік кезеңді мәдени өсу деп анықтайды. Бұл кезеңдегі дағдарыстың болу мазмұны балалық тәуелділіктен босану болып табылады. Г. Шпрангер бойынша жасөспірімдік кезеңдегі басты жаңа білім – “Мен” ашылуы, рефлексияның пайда болуы, өзінің жеке даралығын сезіну.
Р. Кулен балалардың дамуындағы биологиялық көзқарасты талқылайды, ол бұл кезеңді биологиялық және психологиялық кезеңнен гөрі әлеуметтік - этникалық кезең деп қарастырады. Оның көзқарасы бойынша жасөспірімдік шақта үш негізгі әлеуметтік – этникалық тенденция қарастырылады: үлкендердің қадағалауынан босану, жеке даралыққа көшу, өзінің өмір жолын таңдау мәселесіне салмақты түрде қарау, мамандық таңдау, әлеуметтік – этникалық нормалар мен құндылықтарды игеру. Р. Куленнің пікірі бойынша, егер бала өзінің алдына осы көрсетілген мәселелерді қоймаса, онда өмір сүрген жасына қарамастан балалық кезеңде қалып қояды[72].
Жасөспірімдік кезеңдегі қайшылықтар себептер қатарымен ерекшеленеді; жыныстық жетілу, жасөспірім өзін үлкен санап, ал үлкендердің оны әлі кішкентай деп қарауынан, жасөспірімдік кезеңде нақты бойының өсуі және физиологиялық өзгерісі бақыланады және осы өзгерістердің негізінде жоғары мазасыздық, депрессия, қозушылық, өзіне деген адекватты емес көзқарас, өзі үшін қорқу пайда болады.
Жасөспірімдік кезең тек психологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік жағынан да қиын болып табылады . Дәл осы жасөспірімдік кезеңде балалардың көпшілігі “мектепке бейімделе алмауымен” ерекшеленеді, яғни мектептің талаптарына бейімделе алмау. Шарт бойынша “мектепке бейімделе алмау ” жасөспірімдерде олардың үлкендермен ашық жанжалға түсуімен, құрдастарымен достық қарым-қатынасын бұзуымен, олардың нашар оқуымен мектептегі тәртіпті бұзуға қатысуымен, оларда ата-аналарымен және оларды қоршаған үлкен адамдармен кейкілжіңде болуымен көрініс береді.
Жасөспірім кезінде өз бетінше іс - әрекет жасауға ұмтылу әсерінен отбасы ықпалынан құтылуға тырысады. Оның бұл әрекеті өзгелермен топтасуға, құмарлық ойындарға әуестенуге, өзін ерекше етіп көрсетуге әкеледі. Одан келіп әлеуметке қарсы мінез –құлық пайда болады. Әлеуметке қарсы мінез –құлықты девиантты мінез –құлық деп атайды [73].
Балаларда девиантты мінез–құлқындағы негізгі белгілері мен критериларын зерттеушілер төмендегіше бөліп көрсетеді.
1. отбасының сәтсіздігі (баланың дамуы мен қалыптасуына әсер ететін отбасының ішкі қарым –қатынасының қалыптасуы);
2.мінез –құлқындағы ауытқушылықты күрделендіретін жұмыстағы оқу және кәсіби мекемелердің жеткіліксіздігі, жасөспірімдермен жұмыс жасайтын мұғалімдер кадрының кәсіби дайындығының жеткіліксіздігі;
3.жасөспірім тұлғасының тұлғалық компоненттері рухани қызығушылықтары мен сұраныстарының дамымай қалуы, асоциальды іс -әрекетке ұмтылу, қалыпты тәрбие әрекетіне кері көзқарасы, анотомо –физиологиялық және психологиялық даму жағынан құрдастарынан артта қалуы, денсаулығының әлсіреуі, парасаттылық сезімінің дамуының артта қалуы т.б.
4. қарым –қатынастағы қолайсыздық (қарым – қатынас аясындағы кикілжіңдер, құрдастарымен, мұғалімдерімен, үлкендермен қарым –қатынасындағы дөрекілік , т.б.).
Баланың мектептегі өмірі белгілі бір тәртіппен және ұйымдасқан түрде өтсе, ол мектептен тыс ортада жасырын қарама – қайшылықта және ерекше жағдайда өтеді. Мектепте және үйде баланың өзіне тиісті міндеттері болады, бақылаумен ұйымдастырылады. Ал, көшеде бала өзін бақылаудан және жауапкершіліктен еркін сезінеді. Сондықтан да балалардың шағын мектептен тыс уақытын қалай өткізетінін есепке алып отырудың маңызы зор.
Оқушылардың тұратын жерлерін, оның жеке басын қалыптастыратын және дамытатын кіші ортаның бірі ретінде қарастырамыз. Бұл тұрған жерінде бала мектепке келгенше өзімен таныс адамдармен қарым – қатынас жасап та үлгереді. Сондықтан да балалардың тұрған жеріндегі тәрбиелік жұмысты төменгі сыныптан бастап жүргізу керек. Бұл орайда олардың бос уақытын дұрыс өткізуіне, әрбір іс - әрекетін үлкен қызығушылықпен және ынтамен ат салысуын қадағалау орынды болып саналады
Мектеп бұл жағдайда ата – анамен көпшіліктің біріккен жұмысын бір салаға салып, реттеп, онда бала тәрбиесінің нәтижелі өтуіне мүмкүндіктер жасайды.
Бала тәрбиесінің мектеп алдына қойған міндет талаптарын тиімді жолмен шешіп және оның жан – жақты дамып, әлеуметтенуін қамтамасыз ету үшін мектепте педагог – психолог мамандықтармен қоса әлеуметтік педагог мамандығы да ұйымдастырылған.
Әлеуметтік педагог - өзінің негізгі жұмыс бағыттарын оқушының сабақтан бос уақытын тиімді пайдалану ата – анасымен бірлесе отырып мектептен тыс көптеген қызықты жұмыстар жүргізе алады. Оқушылардың сабақтан бос уақыттағы іс - әрекеті әлеуметтік педагогтің үлесіне тиеді.
Мектепте әлеуметтік педагог девиантты мінез құлықты балалармен төмендегідей жұмыс бағыттарын жүргізу қажет:

  • сыныпта, топта, қоғамдық бірлестікте және мектептен тыс білім мекемелерінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;

  • жеке бастың психологиялық – педагогикалық ер екшеліктерін, ата – ананың жағдайын, қызығушылықтарын, талап – тілектерін, қиындықтарын, кездейсоқ жағдайларын, тәртіп бұзушылықтарын тексеріп, зерттеу және дер кезінде көмек көрсету;

  • салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың еркіндігіне, денсаулығына қамқорлық жасау, қауіпсіз өмір сүруге көмектесу, жасы келгендерді білім алуға тарту;

  • бос уақыттарында дарын қабілетінің дамуына, ақыл – ой және дене құрылысының өсуіне жағдай жасау;

  • оқушылардың жеке басының дамуы мен тәртібін отбасымен бірлікте шешу;

  • оқушылардың жеке басына тән ерекшеліктерін мұғаліммен бірлікте шешу, кемістігі бар балалардың жағдайын ойластыру және оларға қажетті мүмкүндіктерді жасау.

Әлеуметтік педагог девиантты мінез – құлықтан балалармен жұмыс істеуге ата – аналар мен мұғалімдерге мынадай үш бағытты ескеруге кеңес береді:
1. Отбасындағы бала тәрбиесіне өзгертулер енгізу.

  • ата – ананың педагогикалық, психологииялық білімділік деңгейін. өзара қарым – қатынас мәдениетін көтеру;

  • отбасында тәрбиеленуші жағдайды туғызу;

  • ата – анаға баланың бойындағы кері сапаларды жоюға және жағымдыларын тәрбиелеуге көмектесу, жкек кеңес беру;

  • бала үшін нақты тәртіптің ұйымдастырылуын бақылау, баланың қараусыз қалуын жою;

  • баланың саналы әрекетін (ойын, еңбек, шығармашылық, қоршаған ортаны тану), оның отбасы қарым – қатынасын ұйымдастыру;

2. Сыныптағы тәтбие және білім беру жұмыстарын жан – жақты ету.

  • педагогикалық процестегі оқытушы мен ата – ананың біріккен әрекеттестігі;

  • сыныптағы тәрбие мен білім беру жұмыстарының іске асырылуы;

  • оқушылар арасындағы тұлғааралық қарым – қатынасты адамгершілікті ету, баланың өзін эмоционалды жақсы ұстауы үшін жағымды психологиялық ортаны қалыптастыру.

3. Баланың тұлғалық өсуіне көмектесу.

  • балаға қажетті психологиялық көмек көрсету;

  • интеллектуалды, рухани, эмоционалды – еріктік сферасындағы кемшіліктерді жою үшін индивидуалды жұмыстар жүргізу;

  • балалардың жағымды қызығушылықтары мен білімділіктрін ескере отырып, белсенді әрекетке араластыру;

  • баланың мектеп бағдарламасын меңгерудегі жетістіктерін ұйымдастыру;

  • жетістікрер мотивациясын қалыптастырудағы жұмыстар.

Сонымен қатар, әлеуметтік педагог девиантты мінез - құлықты балалармен диагностикалық, түзету – алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Диагностикалық жұмыс тәртібі қиын жасөспірімдерді анықтап олармен тұлғаға бағдарланған жұмыс бағыттарын ұйымдастыру болып табылады. Мысалы, жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу, танымдық даму ерекшеліктерін зерттеу, сыныптағы оқушылармен өзара қарым қатынасын зерттеу, сынып мәселесін оқушы, мұғалім көзқарасы тұрғысынан зерттеу, ата – аналарымен, отбасымен жұмыс жүргізу, әр оқушыға жеке психологиялық карта жасау т.б. Ал түзету – алдын алу әдісіне сыныпппен, микротоптарда және тұлғаға бағытталған бағдарларда жұмыс жүргізеді. Сыныппен зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне кеңес беру, салауатты өмір салты бойынша насихат жүргізу; ата – аналарымен, балалармен әңгіме жүргізу; шағын топ арасында әлеуметтік бейімделуге қатысты тренингтер ұйымдастыру.
Қорыта айтқанда, мектепте девиантты мінез - құлықты балалардың алдын алып, оларды тәрбиелеуде мектеп мұғалімдерімен қатар әлеуметтік педагогтардың рөлі өте зор. Сондай - ақ оқушыларды қоғам өміріне бейім, әлеуметтік нормаларға сай келмейтін мінез – құлықтардан бойларын аулақ ұстауға ықпалын тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет