Бақылау сұрақтары
Ақпараттық жүйе дегеніміз не?
Мәліметтер қоры серверінде не орналасады?
Ақпараттық жүйеге не кірмейді?
Қандай ақпараттық жүйе жергілікті деп аталады?
МҚ-мен жұмыс істейтін, ақпараттық жүйелерді программалық қамтамасыз етуге не жатады?
№3 Тақырып. Мәліметтер моделінің түрлері
Дәріс №5.
Тақырыбы:Мәліметтерді ұсынудың негізгі модельдеріне шолу, оның ішінде көп өлшемді, желілік, иерархиялық, обьектіге бағытталған, реляционды және постреляционды
1 Деректердiң желiлiк моделi, объект-байланыс диаграммасы, iске асырылуы, амалдар қолдану
Желілік деректер қорлары. Олар иерархиялық деректер қорларымен бір уақытта қолданыла бастады. Бұл қорларда кез келген объект басты да, бағынышты да бола алады.
Деректердің желілік моделі иерархиялық модельдің кеңейтілуі болып есептеледі (кейбіреулер иерархиялық модельді желілік модельдің жеке жағдайы деп есептейді). Базалық концепциясы бойынша олар ұқсас. Желілік модельде де иерархиялық модельдегідей атауы бар элемент пен байланыс ұғымы болады.
Желілік модельдің иерархиялық модельден айырмашылыүы мынада: әрбір элементтен бір элементке ғана байланыс емес, мұнда бірнеше элементтен бір элементке байланыс болады.
Мысалы, ер адамдар жағынан алынған генеалогиялық ағаш түрінде алынған иерархиялық құрылым болып есептеледі - әр адамда бір ата-ана бар. Егер де генеалогиялық ағашқа барлық ата-аналарды қосса, деректер құрылымы жағынан ол ағаш емес, желі болады(сурет 3.2).
Желілік модель деректер арасындағы өзара қарым-қатынастардың логикасын беретін деректермен байланыстың түсінігіне негізделеді. Бір элементтен бірнеше элементке байланыс кетуі мүмкін. Әр элементке бірнеше элементтен байланыстар келуі мүмкін. Деректердің әрбір элементінің пәндік облысы бойынша өзіндік түсінігі болады да, кейбір атрибуттармен сипатталады.
Ахметов И.Б.
Ахметова А.А.
күйеуі
әйелі
бала бала
әкесі шешесі
Балалары
Сурет 3.2 - Деректердің желілік моделі негізіндегі генеалогиялық ағаштың мысалы
Әр элементтер арасында байланыстар саны бірдей, ал әр элементтің экземплярында әр түрлі байланыс саны болуы мүмкін (мысалы, әр адамда әр түрлі балалар саны болады).
Мынадай мысалды қарастырайық. Әр автор әр түрлі бірнеше мақаланы әртүрлі баспадан шығарып жазған.
Желілік модельдің артықшылығына іздеген кезде үлкен жылдамдықпен тез табуға болады және әр түрлі пәндік облыстарды байланыстыруға болады. Деректердің жоғары жылдамдықпен тез ізделіп табылуы немесе желілік модельдің физикалық жүзеге асырылуы – тізімдер негізінде жүзеге асырылады.
Желілік модельдің кемшілігі – иерархиялық модельдегі сияқты оның қаттылығы. Деректерді іздеу, оларға жету нақты модельде орындалады. Біздің мысалымызда баспалар бойынша (мысалы, Ғылым баспасы) барлық мақалаларды табуға болады, ал “Дене шынықтырудың адам ағзасына пайдасы” атты мақала бойынша баспаны табу қиындықтарға әкелер еді. Оған желілік ДҚБЖ-дегі навигациялық сипат себеп болады. Басқаша айтқанда, деректерді іздеуде желілік ДҚБЖ-да алдын ала беріліп қойылған байланыстар бойынша ғана “жүруге” болады.
Деректердiң желiлiк моделi “объект-байланыс” моделi болады, яғни “көптен бiреуге” бинарлы байланысы болады. Мұндай шектеу осындай деректерге бағытталған графтардың қарапайым моделi болады.
Желiлiк модель үшiн тұрақталған терминология жоқ. Сондықтанда қолданушы терминологиясы қолданылады. Желiлiк модельде объектiлер тобының аналогына логикалық жазбалар типi жатады. Логикалық жазбалар типi қатынасты бередi, яғни кортеждердiң аттары болады. Желiлiк модельде “кортеж” орнына “логикалық жазба“ және “қатынастар схемасы” орнына “логикалық жазба форматы“ деген атау енгiземiз. Логикалық жазбалар форматындаүы компоненттер аттарын өрiстер деймiз.
Реляциялық және желiлiк модельдерде әртүрлi терминологияларды енгiзу себебi мынадай: желiлiк модельде логикалық жазбалар типi бiз айтқандай объектiлер тобы ретiнде көрсетiледi, ал реляциялық модельде қатынас объектiлерi де, байланыстарды да көрсетедi.
Реляциялық модель: Қатынаста объектiлер де, байланыстар да көрсетiледi;
Желiлiк модель: Объектiлер тобы немесе логикалық жазбалар типi (кортеждер).
Желiлiк модель контекстiсiнде байланыс түсiнiгi “көптен бiреуге” бинарлы байланысының синонимi. Жазбалар типтерi мен олардың байланыстарын көрсету үшiн желi деп аталатын бағытталған графты бейнелеу керек, ол “объект-байланыс”-тың қысқартылған диаграммасы болады. Бұл графтың түйiндерi жазбалар типiне сәйкес келедi.
Т1 типтi жазба Т2 жазбаға “көптен бiреуге” байланысы бар болса, онда Т1 түйiнiнен Т2 түйiнiне доға жүргiземiз де, Т1-ден Т2 –ге байланысы бар деймiз.
Түйiн мен доғалар типтер мен байланыс аттарымен белгiленедi.
Желiнiң iске асырылуы
Т1 типтi жазбадан Т2 типтi жазбаға “көптен бiреуге” байланысы бар болсын. Бұл байланысты Т2(Т1) форматында әртүлi ұзындықты жазбалар түрiнде көрсетуге болады (сурет 3.2),
Яғни әрбiр Т2 типтi жазбадан кейiн Т1 типтi барлық жазбалар саналып өтедi. Егер Т3-тен Т2-ге деген байланыс болса, Т3 типтi жазбаны Т2 типтi жазбамен байланыстырып қарап, жүріп өтемiз, онда Т2 (Т1)*(Т3)* түрдегi формат болады.
Егер Т1-ден Т4-ке деген тағы басқа бiр байланыс бар болса, онда бiз Т1 жазбаларын Т2 типтi жазбаларынан кейiн ала алмаймыз, сол сияқты Т4 типтi жазбалардан кейiн де ала алмаймыз, ыңғайлы болар едi.
L байланысы үшiн сiлтеуiш
Т2 типтi жазба
Т1 типтi жазбалар
L байланысындағы сiлтеуiштер
Сурет 3.3 - Циклдi шынжыр схемасы
Сондықтан басқаша байланыс болуы керек, яғни бiр типтi жазбалар екiншi типпен сыбайлас болуы мiндеттi емес. Мұндай ұйымдастыруды мультитiзiм деп атайды, яғни әрбiр жазбадағы байланыс үшiн жеке сiлтеуiштер болады. Бұл жерде “көптен көпке” байланысы болады.
Мұнда алдын ала байланыстар үшiн жазбаларда қанша сiлтеуiш болатыны белгiсiз. Ол ыңғайлы емес, сондықтан да желiлiк модельде “көптен бiреуге” байланысы тиiмдi.
Достарыңызбен бөлісу: |