1 Тақырып. Деректер қорына кіріспе. №1-дәріс. Тақырыбы


Деректердің реляциялық моделі, деректердің көрсетілуі, іске асырылуы және оларға амалдар қолдану



бет31/129
Дата16.03.2022
өлшемі21,39 Mb.
#28241
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   129
Байланысты:
07 лекция-2021кз 3

Деректердің реляциялық моделі, деректердің көрсетілуі, іске асырылуы және оларға амалдар қолдану

Реляциялық (ағылш. Relation - қатынас) мәліметтер қоры өткен ғасырдың 70-ж.ж. бастап, бағдарламалауда қолданыла бастады. Осындай қорларда объектілер мен олардың арасындағы байланыстар баған мен жолдардан тұратын тік бұрышты кестелер түрінде көрсетіледі. Әрбір кесте деректер қорының объектісі болып табылады. Реляциялық мәліметтер қорының кестелерімен келесі әрекеттер жасауға болады: кестені құруға немесе оның құрылымын анықтауға: кестенің құрылымын өзгертуге; кестенің атын өзгертуге; кестені дискіден жоюға; т.б. Реляциялық модель негiзiне домендердiң декарттық көбейтiндiсiнiң iшкi жиынынан тұратын теориялық- жиындық қатынас жатады.

Домен – мәндер жиыны. Ол бүтiн сан, литерлiк жол да, нақты сан да, {0,1} жұбы да бола алады.

D1,D2,…Dk домендерiнiң декарттық көбейтiндiсi деп – к ұзындықты барлық (v1,v2,vk) кортеждердiң жиынын айтады, мұндағы v1  D1, v2  D2,..., vk Dk,

Мысалы, егер к=2 болса, D1={ 0,1} және D2 = {a,b,c}, онда

D1 х D2 = {(o, a), (o, b), (o, c), (1, a), (1, b), (1, c)}

Қатынас дегенiмiз – декарттық көбейтiндiнiң iшкi жиыны.

Мысалы, {(o, a), (o, b), (1, c)} – жоғарыда айтқан D1 х D2 – дiң iшкi жиыны. Қатынас элементтерi кортеж деп аталады дедiк.



Деректердiң көрсетiлуi

Қатынастардың жиынтығы деректер қорының схемасы (реляциялық схема) деп аталады.

Атрибуттар бойынша жеке қатынастар, яғни деректер қорын бөлiп алуға болады. Әрбiр кортеж бiр объектiнi бередi. Бiрдей атрибуттар болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет