1 Тақырып. Деректер қорына кіріспе. №1-дәріс. Тақырыбы



бет32/129
Дата16.03.2022
өлшемі21,39 Mb.
#28241
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   129

Iске асырылуы


Қатынас файл түрiнде көрсетiледi, жазбалар форматы өрiстерден тұрады. Көптеген тiлдер файлды ұйымдастыруда қолданылады. Хештеу және индекстеу амалдары орындалады. Файлдар “үйiндi” түрiнде ұйымдастырылады.

Кестелер арасында “көптен көпке”, “көптен бiреуге”, “бiреуден бiреуге” сияқты байланыстар болады.



Қолданылатын амалдар

Негiзгi амалдар: деректер қорына жазбалар қосу, жазба алу және модификация. Реляциялық қорда бұл амалдар кортеждерге қолданылады. Сұраулар ұйымдастыруға болады.


Модельдердi салыстыру


Жоғарыдағы үш модельдi бағалау үшiн критерийлердi құруымыз керек. Олардың негiзгiлерi:

1) қолдануға жеңiлдiгi - мыңдаған, бiрнеше мыңдаған жазбалар үшiн қолданбалы бағдарламалар, сұраулар ұйымдастыруда уақытты есептеуге болады, сол үшiн нақты бағдарламалау мен сұраулар ұйымдастыру үшiн ыңғайлы модель керек.

2) iске асыруда тиiмдiлiгi - концептуальды схемадан “концептуальды-физикалық” схемаға жеңiл өтетiн модель керек.

Жеңiлдiк критерийi бойынша реляциялық модель болады. Бағдарламашы бiлiктiлiгiн игермей-ақ, реляциялық модельде жұмыс iстеуге болады.

Желiлiк модель жазбалар мен байланыстар типiн түсiнудi қажет етедi. “Көптен көпке” байланысы күрделi түрде жүргiзiледi.

Иерархиялы модель сiлтеуiштердi, яғни виртуальды жазбалар типiн бiлудi қажет етедi де, сондай желiдегi сияқты проблемалар тудырады, “көптен бiреуге” байланысынан басқа байланыс болады.



Реляциялық деректер қорын басқару жүйесiнiң (ДҚБЖ) артықшылықтары мен кемшiлiктерi

Реляциялық деректер қорын басқарудың артықшылығы:



  1. SQL тiлiнiң функционалды еместiгi, яүни сiзге деректердi қалай табу емес, сiзге не табу керек екенiн жүргiзуде;

  2. Жоғары стандарттылығы. SQL тiлiнiң операторларының синтаксисi мен семантикасының бiрнеше стандарттары бар. Реляциялық ДҚБЖ шығарушылар осы стандарттарды ұстанады.

  3. Деректермен жұмыс iстеуде нақты математикалық базис бар.

Реляциялық модельдiң кемшiлiгi: атрибуттардың типтерiнiң шектелуi, бұл кейбiр қазiргi қосымшалармен байланыстыруға мүмкiндiктiң жоқтығы (оны атомарность дейдi). Жартылай бұл проблема реляциялық модельдiң кеңейтiлуi – объектi-реляциялық ДҚБЖ қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет