9.2. Бизнес-жоспар. Коммерциялық iс-шаралардың зерттеп-дайындалған негiзгi аспектiлерiн, туындаған мәселелердi, мүмкiн болған кедергiлердi сараптау және оны жоюдың әдiстерiн көрсететiн фирмаiшiлiк құжат. Несие беру үшiн негiз болады, коммерциялық жобаның шынайылығын және тиiмдiлiгiн сараптау құралы болып табылады.
Бизнес-жоспар форматы
Әрбір жақсы деген бизнес-жоспардың форматы негізінен бірыңғай болмасада, дегенмен кейбір ортақ элементтерден тұрады. Олар туралы нақтырақ айтар болсақ, алғашқы беті, қысқаша мазмұны, маркетинг жоспары, өндіріс жоспары, ұйымдастыру және менеджмент жоспары, қаржы жоспары.
Бизнес-жоспар үлгісі
Келтірілген бизнес-жоспар үлгісін сіз өзіңіздің бизнес-жоспарыңызды дайындау барысында үлгі ретінде қолдануыңызға болады. Ол сабын өндірісін ұйымдастыруға байланысты бірнеше сұрақтар легін қарастырады. Орналасу мекен-жайы мен кәсіпкердің аты-жөні ойдан шығарылған.
Жаңа бизнестің қалай жұмыс істейтініне баға беріп, оның нәтижелерін болжамдау үшін кәсіпкерге нақты қызметін бастаудан бұрын бизнес-жоспарды құру керек.
Бизнес-жоспар – бұл Сіздің келешек бизнесіңізді жан-жақты толық сипаттау. Бизнес-жоспарда бизнестің идеясы туралы әңгімелеп, қаржылық талдау жүргізіп, макетингілік жоспар мен қызметкерлер жоспарын құру қажет. Сол кезде жекеменшік кәсіпкерліктің картинасы айқындала бастайды. Бизнес-жоспарды әзірлеу кезінде келешек кәсіпкердің өзі үшін көп нәрсені ашып және анықтауы да үлкен мәнге ие болады.
Бизнес-жоспар Сізге де, Сіздің бизнес бойынша потенциалды серіктестеріңізге де, Сіздің өз ісіңізге арнап несие алуды көздеп отырған банкіңізге де қажет.
Жоспарлау кәсіпкердің мүмкіндіктерін оңтайлы түрде жақсартуға, сонымен қатар барлық түрдегі ресурстарды барынша тиімді түрде пайдалануға және қате әрекеттердің алдын-алуға бағытталған.
Кез келген бизнес-жоспардың мүдделі оқырмандары болуы тиіс. Бизнес-жоспардың кімге арналуына байланысты соның мазмұнын белгілейтін бірнеше әртүрлі себептер бар: