1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты



бет29/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   95
Байланысты:
oak ezhkn paninen

Кәсіпкер - өз бастауымен шешім қабылдап өз иелігіндегі мүлікті пайдалана отырып кез- келген әрекет жасай алатын (егер ол заңға қайшы келмесе) заңды және азаматтық тұгға.
Әр кәсіпкер өзін уақыттың шаруашылық кеңістігінде тауып, өз шаруашылық тетігін таба білу керек. Кәсіппен айналысушы кәсіпкер өндіріс технологиясын, өндіріетін өнім ассортиментін өзгертеді, себебі, оның шаруашылық саласы таңдалған, ал нарық игерілген. Бастаушы кәсіпкер шаруашылық саласын таңдап, өз нарығын іздейді, оған сыртқы орта әсерін де ескеру керек.
Рұқсат етілмейтін шаруашылық салалар барын ескерген жөн және де қандай да бір салаға ену кезінде «кіру кезіндегі бөгеттер» деп аталатын экономикалық шектеулер бар. Мысалы: бастапқы капитал салымдарының күрделілігі, салынған құралдардың ақталу мерзімінің ұзақтығы. Сондықтан кәсіпорын мүмкіншілігін бағалап, кәсіпкерлік жобаны талдауы керек: ол жоспарланған пайданы әкеледі ме, жоқ па?


8.2. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері осы қызметтің жүзеге асуы барысындағы туындайтын қарым- қатынастарға қатусушылар. Оларға: өндірісті ұйымдастырушы, тұтынушы, жұмыскер, әріптестер және мемлекет жатады.
Олардың әрқайсысының өзіндік және жекелік сипаттары бар.
Өндірістік процесті ұйымдастырушы - кәсіпкер болып табылады, ол коммерциялық мүмкіндіктерді көре білетін, қажет капиталды ала алатын, өз мойнына жауапкершілік алып, тәуекелге баратын іскер адам.
Әр кәсіпкер өзінің қызметін жоспарлаған кезде, бизнес – жоспарды құрған кезде белгілі бір әріптестік байланыстарды құру мүмкіндігін ескереді, Осылайша, өз қызметін жоспарлаған кезде кәсіпкер әріптесті кәсіпкерлік процестің субъектісі ретінде қарастырады, әріптеспен қарым – қатынастың түрінен қызметтің тиімділігінің деңгейі тәуелді.
Тұтынушымен кәсіпкер арасындағы қарым- қатынасы тұрғысынан кәсіпкер белсенді субъект категориясына жатады, ал тұтынушыға пасссивті роль тән. Былайша айтқанда тұтынушы кәсіпкерлік процестің индикаторы ролін атқарады.
Жадамалы жұмыскер кәсіпкер ойын жүзеге асырушы ретінде кәсіпкерлік субъектісі болып табылады. Кәсіпкерлік ойдың жүзеге асуының тиімділігімен сапасы жұмыскерге байланысты, былайша айтқанда оның біліктілігіне, мамандылығына, білімділігіне және жұмысқа деген қарым –қатынасына.
Мемлекеттің кәсіпкерлік процестің субъектісі ретіндегі ролі әр түрлі болуы мүмкін. Олар қоғамдық жағдайларға және мемлекеттің алдына қойған мақсаттарына байланысты. Нақты бір жағдайларға байланысты мемлекет:

  • кәспкерлік дамуының тежеушісі;

  • сырттан бақылаушы;

  • кәсіпкерлік процесті жылдамдатушы болуы мүмкін.



8.3. Кәсіпкерлік қызметтің түрлерін әр түрлі белгілер бойынша жіктеуге болады: қызмет түріне қарай, меншік иелерінің санына қарай, ½йымдастырушылық – құқтық және ұйымдастырушылық – экономикалық нысандарына қарай. жалдамалы жұмыскерлерді пайдалану дәрежесіне қарай.(№әдебиет Швандара)
Тағайымдылығы және түріне қарай кәсіпкерлік қызметтің келесідей түрлерін айырады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет