Өндірістік кәсіпкерлік - өнім, тауар, жұмыс, қызмет, ақпарат өндірісімен айналыса отырып, қызмет жасау. Кәсіпкерлік қызметтің бұл түрін алдыңғы қатарлы деп айтуға болады.
Бұл кәсіпкерлік қызмет кезінде өндіріс функциясы кәсіпкер үшін негізгі болып табылады. Өндірістік кәсіпкерліктің негізгі кезеңдері:
алдымен кәсіпкер өндірістік қызмет түрін таңдап алады;
потенциалды тұтынушылармен байланыс орнатады, былайша айтқанда маркетингтік қызметті жүзеге асырады (бұл кезең кәсіпкермен болашақ сатып алушы арасындағы контакт түрінде заңды құжат түрін алуы мүмкін);
өнім өндірісі, ол үшін кәсіпкер келесі өндіріс факторларын пайдаланады: еңбек күші, өндірістік қорлар, ақпарат.
Бүгіңгі күнде өндірістік кәсіпкерлік, маңыздылығына қарамастан, ең қиын қызмет түрі болып табылады, сондықтан бизнесмендердің басым бөлігі коммерциямен айналысады.
Коммерциялық кәсіпкерлік-бұл қызмет түрінде маңызды ролді
ақша- тауарлы, сауда – айырбастық операциялар ойнайды, олар сатып- сатып алу жөнінді келісімдер. Коммерциялық кәсіпкерліктің жалпы кестесі өндірістік кәсіпкерліктегідей, тек бұнда өндірістік процесті ресурстрамен жабдықтау қажеттілігі болмайды. Тауарды сатып сатып – алу мысалында коммерциялық келісімді жүзеге асыру кезеңдерін анықтауға болады:
тауар (қызмет) түрін таңдау;
тауарға баға белгілеу,ол сатып алу бағасынан жоғары болады;
осы тауарға сұранысты бағалау, ол мәміле көлеміндегі сатуға жеткілікті болуы керек;
Коммрерциялық келісім тиімді болып саналады, егер де одан түскен
таза пайда шығындардың 20- 30% құраса.
Қаржылық кәсіпкерлік –бұл қызмет түрінің объектісі өзіндік товар –
ақша, валюта, құнды қағаздар болып табылады. Қаржы- несиелік келісім алдында құнды қағаздар нарығын зерттеу жүргізіледі және маркетингтік қызмет жүзеге асырылады. Бүгіңгі күнде құнды қағаздар нарығының қатысушылары қор биржалары, коммерциялық банктер, кәсіпорындар және жеке азамат-кәсіпкерлер болып табылады.
Қаржылық келісім тиімді болып саналады, егер де бір жылға
дейін құрылған келісімнен түскен таза пайда 5% құраса, ал ұзақ мерзімді келісімнен түскен таза пайда көлемі 10-15% құраса.
Бүгіңгі күнде дамыған елдерде кәсіпкерлік қызметтің келесі түрінің дамуы кең етек алып келеді.
Бұл қызмет түрлері де өз алдына жіктеледі. Олар суретте көрсетілген (сурет 1.1).