Кәсіпкер дегеніміз кім? Тұлға ретіндегі сипаттамалары Енді, мінеки, нарықтық экономика дегеннің не екенін және кәсіпкерлік дегеннің не екенін анықтап алғаннан кейін Сізге мынадай сауалға қатысты ойлану керек: Ал менің кәсіпкер болып және өз ісімді ашқым келе ме, аша аламын ба, оған қабілетім бар ма? Өмірлік маңызы бар сауал, өзіне ерекше көзқарасты қажет ететін сауал.
Кәсіпкерлік адамның соған толық берілуін және өзінің барлық назарын мақсаттар арнауын қажет етеді. Ол тәуекелдермен байланысты болып келеді, алайда сонымен қатар даму мен өсіп-өркендеудің белгілі түрдегі мүмкіндіктерін ұсынады. Жеке өз бизнесің – бұл ермек емес, бұл күнделікті еңбек және өзің үшін ғана емес, өзіңнің айналаңдағы адамдар үшін, отбасың, жақындарың мен туыстарың үшін және бізге жұмыс істеп жатқан адамдар үшін жоғары жауапкершілік. Мұндай қадамды әркім жасай алмайды, жалданбалы қызметкер санатынан, жұмыссыз адам санатынан бизнестің меншік иегері санатына әркімнің ауысуына қабілеті жете бермейді.
Ол үшін белгілі бір білімі мен дағдылары болып, жеке тұлғалық сипаттамалар мен жоғары мотивацияға ие болуы қажет.
Бұл тізімдегі ең қарапайым нәрсе - білім, оны өмір сүру мен еңбек ету барысында әдебиеттерден, оқулықтардан және өзге де ақпарат көздерінен алуға болады. Білімнің көлемін арттырып отыруға болады және арттырып отыру қажет те. Оқы, оқы және оқы!
Дағдылар – бұл алған біліміңді практикада қолдана білу. Сіз қайсыбір іспен неғұрлым жиі айналысып отыратын болсаңыз, сол істі Сіз барған сайын жақсы атқара беретін боласыз. Дағдылар практикалық қызмет барысында қалыптасады.
Жеке тұлғалық сипаттамалар – бұл адамға индивидуум ретінде тән болып келетін, оны өзге адамнан ерекше етіп тұратын қасиеттер. Бұл бізге бизнесте себін тигізіп немесе керісінше, табысты болуға кедергі болатын нәрсе.
Алайда кәсіпкер үшін ең маңыздысы - мотивация. Өз өмірін өзгерткісі келу, өз ісімен айналысқысы келу, өз күші мен мүмкіншіліктеріне деген ішкі сенімі. Сіз тәуелсіз болуды қалайсыз. Сіз ақша табуды қалайсыз. Сіз отбасыңыз бен жақындарыңызды осыған сендіре аласыз. Сіз өзіңіздің табысқа жететініңізге шын сенімдісіз.
Бизнесті жүргізу адамды білімін арттырып, жетіліп және дамып отыруға міндеттейді.
Кәсіпкер үшін қандай қасиеттер маңызды болып табылады? Төменде солардың үлгілік тізбесі келтірілген.