Табысқа жету факторлары Табыс – бұл қайсыбір мақсатқа қол жеткізудегі сәттілік, жұмыстағы жоғары нәтижелері үшін көпшіліктің құрметіне ие болу. Әрбір кәсіпкер өзінің кәсіпкерлік қызметінде табысқа жетуге талпынады. Кәсіпкерлік табысқа бірнеше факторлардың әсерінің арқасында қол жеткізіледі:
сәттілік немесе жолы болғыштық, «керек уақытта керек жерде болды», «мүмкіндігін жібермейді»;
жоғары дәрежедегі мотивация, адамның алдына қойып отырған мақсаттарына қол жеткізуге деген ниеті.
Әрине, табысқа жетудің аса маңызды факторына өз-өзін мотивациялау жатады. Адамның дамып отыруға деген ниеті, оны мақсатына жетелейтін ішкі күші. Мотивацияның күші мақсатқа жетудің жылдамдығын белгілейді.
Кәсіпкердің мотивациясы, ең алдымен, оның өзіне байланысты болады. Өз-өзін оптимистік сарында ұстау, ертеңгі күнін көре білу және соған бүгін әсер ете білу – бұл іскер адамның ұлы шеберлігі. Сіздің оптимистік көзқарасыңыз Сіздің қызметіңізге тікелей әсерін тигізіп отырады. Сергек және көңілді болыңыз, стратегиялық тұрғыдан ой қозғауға – келешекті көріп, соны болжап және жоспарлап отыруға тырысыңыз. Позитивтік көзқарас – табысқа жетудің кепілі.
Әзіл Сіздің міндетті түрдегі серігіңізге айналуы тиіс. Кез келген келіссөздер немесе сатылымдар егер күлімсіреу, күлкі мен әзіл болса, әрдайым табысты болмақ. Алайда, есіңізде болсын, Сіз күлкілі болмауыңыз керек, Сіз жайдары және көңілді болуға тиіссіз.
Табысқа жету Сізге ғана емес, Сіздің айналаңыздағы адамдарға да байланысты болатынын естен шығармаған жөн. Отбасыңыздың, достарыңыз бен жақындарыңыздың қолдау көрсетуі қанаттандырып және кез келген қиындықтарды жеңу үшін күш бітіреді. Отбасының әл-ауқаты мен берекесі – кәсіпкердің басты мақсаттарының бірі.