Орташа топқа бір кәсіпорында және бір территорияда жұмыс істейтін адамдардың өндірістік жиынын (бір селоның, бір ауданның, қаланың тұрғындарын) жатқызады. Территориялық жиынтық өзбетінше болатын топтасу. Өндірістік бірлестіктер белгілі бір мақсатқа жету үшін құрылады және өзінің құрамы мен қатынастарын иерархиялық өкмет билігінің құрылысымен, шешімдер және заңдар қабылдау жолымен реттеп отырады.
Сондай-ақ толып жатқан ұсақ топтар болады – отбасы, бастауыш өндірістік ұйымдар, мектеп сыныптары, курс, т.б. Ұсақ топтардың ерекшелігі – олардың мүшелері бір-бірімен тікелеей байланыста болады. Ұсақ топтар мақсатты (формальды) және әлеуметтік-психологиялық (формальды емес) болып бөлінеді.
Әлеуметтік қоғамдастықтар деп, белгілі бір ортақ белгілері бар, яғни мүдделері, құндылық бағдарлары, атқаратын қызмет, іс-әрекеттері ұқсас адамдар тобын айтамыз.
Қоғамның пайда болуы жайлы қалыптасқан теориялар: ғылыми және ғылыми емес, соған сәйкес: инструменталдық қағида (концепция), жыныстық, гендерлік, кратикалық (кратическая – жалпы теория жүйесіне сүйене отырып, қоғамның пайда болуын басқарушы-билеуші топпен қатыстырады), семантикалық қағида (коммуникативтік тәсіл шешуші рөл атқарады). Қазіргі кездегі қоғамға қатысты әлеуметтанулық теориялар: постиндустриалдық, жаһандық (глобальное) қоғам теориясы, коммуникативтік қоғам қағидасы және т.б.
Әлеуметтік құрылымның басты элементтері 1.өзара тығыз байланыста, қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар 2.қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасуы негізінде пайда болып, дамып отыратын әлеуметтік қоғамдастықтар 3.қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар
3 Әлеуметтік өзгерістер
Қоғам – барлық уақыттарда елеулі өзгерістерге ұшырап, белгілі бір бағытта дамып отырадын, ұдайы ішкі және сырқы күштердің әсерінен болатын әлеуметтік организм. Әлеуметтік өзгерістер дегеніміз қоғамның белгілі бір күйден екінші күйге ауысуы. Ол әлеуметтік институттар, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік қауымдар сияқты қоғамның жекеленген салаларын қамтуы мүмкін. Өзгеріс типтері әртүрлі және олар қоғамның қандай қырлары өзгеріп жатқандығына қарай ажыратылады. Себебі әлеуметтәк жүйенің өзі бірқалыпты емес, ол көптеген құрамдас бөліктердің жинақталған жалпы нәтижелерінен тұрады. Олардың ішінде:
1) ақырғы нысандар.
2) нысандардың өзара байланыстары.
3) біртұтас жүйе ретіндегі нысандар қызметі.
4) шекаралар
5) жүйе салалары
6) қоршаған орта
Бастапқыда алғашқы болып көрінген құрамдас бөліктер мен өлшемдер, әлеуметтік жүйе моделі түрлері өзгерістерге ұшырауда. Бұл өзгерістер төмендегідей болып келуі мүмкін:
- құрамдық
- құрылымдық
- қызметтік
- шекаралық
- әлеуметтік
- қоршаған орталық
Кейде өзгерістер оқшау сипатта болып, жүйенің басқа буындарына елеулі ықпал етпейді. Жүйе белгілі бір бөлігінде өтіп жатқан процестерге қарамастан, ауқымды өзгерістерге ұшырамай, тұтастығын сақтап қалады. Ал басқа жағдайларда өзгеріс жүйенің құрамдас бөліктерінің барлығын қамтып, оны түбірінен қайта құрады. Бұған ілеуметтік төңкеріс мысал бола алады. Радикалдық трансформацияның бұл типін жүйенің тұтас өзгеруі десе де болады. Социология ғылымында әлеуметтік өзгерістер эволюциялық және революциялық, прогресшіл және регресшіл, имитациялық және инновациялық түрлерге бөлінеді. Эволюциялық ілеуметтік өзгерістер – бұл біртіндеп жүзеге асатын бірқалыпты сандық өзгерістер. Әдетте мұндай өзгерістер өзінің даму процесінде төрт кезеңнен өтеді: мазасыздық кезеңі, көтерілу кезеңі, пішімдеу кезеңі және институттану кезеңі.