1 тақырып Әлеуметтану ғылым ретінде



бет2/9
Дата18.10.2023
өлшемі478,54 Kb.
#118104
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қоғамның типологиясы. Марксистік дәстүр бойынша қоғам типтері өндіріс амалдары бойынша анықталады, осыған сәйкес қоғамның феодалдық, капиталистік, социалистік және коммунистік типтері болады. Қоғамдарды классификациялау ондағы басым дін немесе тіл түріне қарай да анықталуы мүмкін. Дж. Мен Г.Ленски қоғамды тіршілік ету амалдарының сипатына қарай классификациялады:
1
2
3
4
Аңшылық және
жинап-терумен тіршілік
етуші қоғам.
Бау-бақшалық қоғам.
Ең алғаш таяу Шығыста
пайда болып соңынан Қытай
мен Еуропаға тараған
Аграрлы қоғам.
Ең алғаш Ежелгі Египетте
пайда болды.
Өндірісті қоғам.
XVIII ғасырда Ұлыбританияда
басталған индустриализацияның
ықпалымен пайда болды.
Қоғамдардың жіктелуі. Адамзат қоғамының пайда болуы дамуы ұзақ та күрделі процесс. Ғалымдардың пікірінше алғашқы қоғамдар 50-40 мың жылдар бұрын пайда болған. Алғашқы қауымдар адамдардың қандық-туыстық белгілері бойынша бірігулерінің негізінде пайда болған. Бұл – құрылым жағынан бір тектес, яғни адамдар арасында әлі тапқа бөліну болала қоймаған қоғам. Бұл «алғашқы қауымдық қарапайымдық қоғам». Адамдар мал шаруашылығы мен егіншілікке, одан көшпенділік пен отырықшылыққа жетті. Нәтижесінде қоғамда артық өнімдер пайда болып, қоғам мүшелерінің арасында мүлік теңсіздігі пайда болды. Бұл қоғамда бір-біріне қарама-қарсы таптардың пайда болуына алып келді. Қоғамның даму барысы мен құрылымындағы өзгерістерге байланысты қоғамды басқарудың қажеттілігі, яғни мемлекетке деген қажеттілік пайда болды.
Ғылыми әдебиеттерде қоғамды жіктеудің түрлі өлшемдері кездеседі. Мысалы, жазбаға дейінгі және жазбасы бар қоғам, демократиялық даму дәрежесіне қарай ашық және жабық қоғам, діни ұстанымдардың түрлеріне байланысты исламдық, православиялық, католиктік т.б. қоғамдар деп бөледі. Марксизм қоғам дамуын 5 тарихи сатыға бөледі: алғашқы қауымдық қоғам, құл иеленуші қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, коммунистік қоғам. Ғалымдар капитализмнің өзін: бастапқы капитализм, бюрократиялық капитализм, олигархиялық капитализм, демократиялық капитализм деп жіктейді. ХХ-ы ғасырдың ортасында американ ғалымдары Даниел Бел, Уолд Ростоу, француз ғалымы Раймон Арон ұсынған қоғам дамуының «үш сатысы» туралы теорияға сәйкес, қоғамдар даму дәрежесіне қарай үш түрлі типке жіктеледі: 1) индустриалдық сатыға дейінгі қоғамдар, оларды аграрлы немесе дәстүрлі қоғамдар деп атайды. 2) индустриалдық қоғам, 3) постиндустриалдық қоғамдар. Индустриалдық қоғам кезеңінде әлеуметтік институттар пайда болды. Қоғамның дамуы ғылыми-техникалық прогресс пен еркін кәсіпкерлікке, бәсекелестікке сүйенеді. Постиндустриалдық қоғамның қалыптасуы ХХ ғасырдың соңғы ширегінен басталды. Мұны З.Бзежинский «технотрондық қоғам», Элвин Тофлер «үшінші толқын», И.Масуда «Ақпараттық қоғам» деп атайды. Мұндай қоғам экономикасының негізгі саласы – халыққа қызмет көрсету. Бүгін әлем елдерінің тек аз бөлігі ғана мұндай қоғамға қол жеткізді.
Қоғамға жүйелік тұрғыдан қараудың негізгі принциптеріне көшпес бұрын, алдымен жүйе (система) дегенге анықтама беру керек. Жүйе-өзара байланыста болып, белгілі бір тәртіпке келтірілген элементтерден тұратын, өздігінен дамитын және өзін өзі реттеп отыратын күрделі тұтастық. Қоғам- бір-бірімен байланысты, ықпалдас әлеуметтік құбылыстар мен процестер жиынтығынан тұратын әлеуметтік әлеуметтік жүйе. Сондықтан қоғам – күрделі құрылымды, өздігінен дамып отыратын әлеуметтік жүйе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет