Қоғамның құрамдасбөліктерінеиндивидтер, әлеуметтік институтар мен ұйымдар, топтар мен қауымдар, байланыстар мен әрекеттер, нормалар мен құндылықтар, өзара қарым-қатынастар,т.б. жатады. Ал, әлеуметтік жүйе деп, негізгі элементтері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарым-қатынастардан, өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз. Әлеуметтік жүйе адамдар қауымынан (әлеуметтік топтардан, әлеуметтік ұйымдардан, т.б.) тұрады. Ал адамдар қауымы қоғамда алатын орнына, әлеуметтік позициясына, атқаратын нақтылы әлеуметтік қызметіне, әлеуметтік жүйеде қабылданған әлеуметтік нормалар мен құндылықтарына т.б. орай іс тіртібі қалыптасқан адамдардан тұрады.
Әлеуметтік жүйеге түрлі мұраттар кіреді (наным-сенім, елес түсініктер).
Әлеуметтік құрылымның түрлеріне: наным, сенім, елесті біріктіретін идеалды құрылым; құндылықтар, нормалар, жоспарланған әлеуметтік ролдеренетін нормативтік құрылым; позиция мен мәртебелердің өзара байланыстары мен жүйенің қайталану сипатын білдіретін ұйымдық құрылым; дәл сол кезде онымен бірге қосарланып өмір сұріп жатқан элементтерден тұратын кездейсоқ қосылған қорлар, т.б. жатады.
Жекелеген адамдар және адам топтарының арасында болатын байланыстар, қарым-қатынастар және өзара ықпалдасу тұрақты сипатта болады және тарихи дамып, бір ұрпақтан екінші бір ұрпаққа ауысып отырады.
Әлеуметтік байланыстар -фактілердің жиынтығы. Ол белгілі бір адамдар немесе адамдар тобының арасында нақты бір уақытта бірлесе қызмет ету нәтижесінде пайда болады. Ол байланыстар объективтік қажеттіліктен туындайды және белгілі мақсатты көздейді. Әлеуметтік байланыстардың мәні адамдардың әлеуметтік әрекеттерінің мазмұнынан, сипатынан, яғни әлеуметтік факторлардан көрінеді.
Әлеуметтік байланыстар 5 түрлі сипатта болуы мүмкін: біріншіден, әрқайсысы өзіндік қасиеттермен ерекшеленетін адамдардың өзара ықпалдастығы;
екіншіден, әлеуметтік қарым-қатынастардың қалыптасуын, әлеуметтік топтардың құрылуын туғызатын әлеуметтік ықпалдастық;
үшіншіден, негізінен қала, ауыл, ұжым т.б., арасында болатын топтық ықпалдастық; төртіншіден, қоғамдағы әлеуметтік орнына орай жасайтын әс-әрекеттері, атқаратын ролі әлеуметтік жүйеде көрініс табатын әлеуметтік иерархия;
бесіншіден, әлеуметтік жүйенің құрамдас бөліктері қызметінің сипаты мен мазмұнын айқындайтын нормалар мен құндылықтардың жиынтығы түрінде болады.