1 тақырып Әлеуметтану ғылым ретінде


Сұрау мен мәліметтер жинау



бет7/10
Дата27.11.2023
өлшемі474,21 Kb.
#129823
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1256882.pptx

4. Сұрау мен мәліметтер жинау


Сұрау мен мәліметтер жинау өте жиі қолданылатын әлеуметтанымдық әдіс болып табылады. Ол зерттеуші мен зерттелушінің ауызша сөйлесуі түрінде жүргізіледі. Зерттеуші өзіне керекті құбылыстар жайлы сұрақтарды ауызша жазбаша түрде қоюы мүмкін. Ауызша сұрақтар еркін түрде немесе алдынала жазылып қойылған сұрақтар түрінде қойылуы мүмкін. Егер сұралуға тиісті адамдардың саны көп болса, онда сұрақтар алдынала жазылып қойылады.
Қоғамдық құбылыстарды зерттеген кезде сұрау әдісін қолданғанда көбінесе анкета тарату әдісі, интервью мен тест әдістері жиі қолданылады. Алдынала дайындалған сұрақтар жазылған анкеталар тарату әдісі жиі қолданылады. Анкета тарату жолдары түрліше болады. Анкеталарды почта арқылы жеткізуге болады немесе баспасөзде жарияланып, оқушылардың қойылған сұрақтарға жауап қайыруына өтініш білдіріледі. Алайда зерттеуші анкеталарды тікелей өзі таратуы да мүмкін.
Анкетада берілген жауаптар неғұрлым дәлірек болу үшін, анкета әдетте анонимді болады, яғни жауап беруші өзінің аты-жөнін көрсетпейді.
Интервью дегеніміз белгілі бір мақсатпен бір немесе бірнеше адаммен әңгімелесу жолымен мәлімет жинау әдісі. Интервью әдісімен үлкен әлеуметтік топты зерттеу қажет болғанда, сол топтың ішінен бірнеше адам әңгімелесу үшін іріктеп алынады /анкета таратқанда да осылай жасалады/.
Интервьюдің өзіне тән ерекшеліктері:
Респонденттің психологиялық реакциясын бақылауға мүмкіндік береді.
Интервьюердің респондентпен жеке қарым-қатынасы сұрақтаманың барынша іске асуын қамтамасыз етеді.
Жеке қарым-қатынас сауалнамаға барынша байсалдырақ қарауды қамтамасыз етеді.
Іріктеу қарапайым және күрделі болады. Қарапайым іріктеуді қолданғанда әлеуметтік топтың ішінен кез келген /мәселен, әрбір оныншы/ адам іріктеп алынады. Күрделі іріктеу кезінде әлеуметтік топқа жататын адамдар бірер белгісі бойынша /жасы, мамандығы т.б./ кіші топтарға бөлініп, әңгіме осы топтардың өкілдерімен жүргізіледі.
Интервьюдің нәтижесінде алынған жауаптар не еркін немесе стереотипті /алдынала өзірленген формаға сәйкес/ болуы мүмкін. Әңгіме еркін түрде жүретін болса, интервью экстенсивті және интенсивті болып екіге бөлінеді.
Экстенсивті интервью кезінде зерттеуші алдынала өзірленген бірнеше сұрақ қояды, ал интенсивті кезінде әңгіме мұлдем еркін түрде жүреді, ешқандай алдынала өзірленген сұрақ қойылмайды.
Тест. Алдағы уақытта болуға тиісті бір жағдайға байланысты жеке адамдардың қандай ой-пікірде екенін білу үшін мәліметтер жинаудың құралы ретінде тест қолданылады. Тест көбінесе белгілі бір ретпен тізіліп қойылған сұрақтар немесе пікірлер түрінде болады да оған жеке адамдардың көзқарасы қандай екені анықталады. Тестілеу негізінен жеке адамдарға ғана қолданылатын әдіс болғандықтан, психология ғылымы үшін маңызды болады да, әлеуметтану үшін мүлдем дерлік маңызы жоқ десе де болады, өйткені әлеуметтану әлеуметтік, адамдық қатынастарды біртұтас түрінде зерттейді.
Математикалық-статистикалық әдіс қазіргі кезде әлеуметтанымдық зерттеулерде кеңінен қолданылады. Кейде математикалық әдіс пен статистикалық әдісті жеке-дара атайды, шынында бұл екеуі көбінесе іс жүзінде бірге қолданылады, өйткені олар бір-бірімен іштей бірлікте – екеуі де қоғамдық құбылыстар жайлы дәл сан мәліметтерін жинаудың құралы. Бұл екеуін қолданудың арқасында көпшілік пен жеке-дара, ерекше мен жекеше құбылыстардың сандық және сапалық жақтары өзара байланысты, бірлікте қаралып, сандық қатынастар арқылы сапалық жақтарын түсіндіруге мүмкіндік туады.
Кейбір әлеуметтік құбылыстарды сан жағынан өлшеу мүмкін емес. Оларды тек ұғымдармен түсіндіруге болады. Мәселен, қоғам ұғымы, тап немесе мемлекет ұғымы т.б. сондай құбылыстар. Солай бола тұрса да әлеуметтану кейбір құбылыстарды да болса «өлшеу» мүмкіндігін тудырады. Мәселен, «материалдық өндіріс», «тұрғын халықтың қозғалысы» ұғымдарын сандық өлшемдер арқылы зерттеу іске асты.
Әдетте өлшемнің екі түрін айыра білу керек: тар мағынада алғандағы өлшем және кең мағынадағы өлшем. Математикалық әдіспен бірге қолданылатын статистикалық әдістің көмегімен зерттелуші құбылыстардың структуралық элементтері және сондай-ақ ол структуралық элементтердің өзара әсері, ықпалы ашып көрсетіледі. Статистикалық әдістердің ішінен әлеуметтанымдық зерттеулерде көбінесе статистикалық заңдар жиірек пайдаланылады. Бұл заң бір түрге жататын көптеген әлеуметтік құбылыстарды зерттеген кезде белгілі бір заңдылық байқалатынын көсетеді, яғни бір тектес құбылыстардың көпшілік бөлігі бір түрлі сипатта көрінсе, аз бөлігі бұған керісінше көрініс білдіреді.
Әлеуметтанымдық зерттеулерде сондай-ақ салыстыру әдісі де қолданылады. Бұл әдіс салыстыруға болатын ортақ белгілері бар құбылыстардың ұқсастығымен қатар айырмашылығын да табу үшін қолданылады. Бұл әдіс эксперименттің және басқа әдістердің қолданылу мүмкіндігі шектеулі болатын құбылыстарды зерттеуге қолданылады. Бұл әдіс бір құбылыстың бірнеше жағдайлардағы көрінісіне ортақ жалпы мәнді белгілерін анықтау үшін және сонымен бірге қоғам дамуының жалпы заңдарының ерекше көрініс формалары мен жағдайларын ашу үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет