1 Тақырып: Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану


Г. Спенсер қоғам мен … арасында балама енгізді



бет6/50
Дата19.04.2022
өлшемі185,27 Kb.
#31419
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
Әлеуметтану лекциялар

4.Г. Спенсер қоғам мен … арасында балама енгізді.

А) денелер физикасы

Б) әлеуметтік психология

В) биологиялық ағза

Г) дербес психология

Д) ұйымдық сана


5.О.Конт қоғамның қаралатын құрылымдық бірлігі … болып табылады деп нақтыланды.

А) тайпа


Б) ру

В) жанұя


Г) жеке тұлға

Д) тұлға


3Тақырып: Әлеуметтанулық зерттеулер
Әлеуметтанулық зерттеу дизайны. Зерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар. Іріктеу. Ақпаратты жинау әдістері. Сапалық және сандық әдістер. Мәліметтерді талдау.
Басты терминдер: әлеуметтанулық зерттеулер, сандық әлеуметтанулық зерттеулер, сапалы әлеуметтанулық зерттеулер, жиынтықтың таңдалуы, басты жиынтық, анкета, респондент.
Қандай да болсын зерттеулердің бастамасы осы зерттеулердің бағдарламаларын құрастыруды болжамдайды. Ресейлік әлеуметтанушылар «зерттеудің негізі, оның дизайны,- бұл жобаның міндеттерін келісімді және қисынды түрде шешу мақсатында мәлімдемелерді жинаудың және талдаудың негізгі қаңқасы. Отандық салт-дәстүрлерде зерттеудің бағдарламасы туралы айту қабылданған, батыс контексінде осындай типтегі жоспар қаңқаны-дизайн деп атайды. «Зерттеу дизайны» терминін біртіндеп қолданушылық әдеттегі жағдай болып қалуда» екендігін атап көрсетеді.

Осындай көріністен, зерттеу дизайны мен зерттеу бағдарламасын эмперикалық әлеуметттанулық зерттеулерді жүргізудің стратегиясы болатын ұқсас әлеуметтанулық құжаттар деп санауға болады. Әлеуметтанулық зерттеулер бағдарламасын үш функцияны: әдіснамалық, әдістемелік және ұйымдастырушылық функцияларды орындайды. Бағдарламаның әдіснамалық функциясы зерттелінетін мәселен анықтауға, зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыруға, зерттеулердің нысаны мен пәнін қосымша түрде талдауға жүргізуге және анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік функция бағдарламада зерттеудің жалпы қисындылық жоспарын жасауға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылық функция зерттелінетін ұғымның мүшелері арасындағы міндеттерінің бөлінуін қамтамасыз етеді. Әлеуметттанулық зерттеу бағдарламасына деген негізгі талаптар: әлеуметтік зерттеулердің бірізділігі, кезеңділігі, қисындылығы. Мінсіз нұсқада бағдарлама мынадай бөлімдерден тұрады: мәселенің қойылуы, зерттеулердің мақсатттары мен міндеттері, зерттеудің нысаны мен пәні, негізгі түсініктердің интерпретациясы (түсіндірілуі), зерттеудің әдістері, зерттеудің жоспары.

Әлеуметтанушылық зерттеу бағдарламасы – нақтылы бірізділігіне оның іске асырылуының жолдарын атап көрсете отырып, зерттеушілігін іс- әрекетті ұйымдастыратын және бағыттан ажырататын құжат. Көп жағдайда бағдарламаның сапасынан эмперикалық әлеуметтанушылық зерттеудің табысты болуы байланысты болады.

Зерттеудің зерттелінетін мәселелері мен болжамдарының нақтылы түрде тұжырымды қойылуы мәліметтерді жинаудың нақтылы әдістемелерінің жасауына жол береді, зерттеудің әдістерінің дұрыс таңдауына мүмкіндік береді.

Бірізділіктік мәселе – құбылыстардың, белгілердің, үдерістердің немесе олардың арасындағы байланыстардың сипаты туралы нені білу қажеттілігін сәйкестендіру.

Зерттеу бағдарламасының жасауындағы маңызды орынды болжаулардың тұжырымдалуы алады.

Болжам (гипотеза) – бұл құбылыстардың себептері, зерттелінетін әлеуметтік құбылыстар арасындағы өзара байланыстар, зерттелінетін мәселенің құрылымы, әлеуметтік мәселелерді шешуге деген мүмкін боларлық амалдар туралы сенімді жорамалдау. Болжам зерттеудің бағытын береді, зерттеулер мен мәселелердің құрылуының әдістерін таңдауға ықпал етеді.Зерттеу болжамды нақтылауы, жоққа шығаруы немесе түзетіп алуы тиіс. Әлеуметтанушы В.А. Ядовтың пікірінше – “Болжамның логикалық құрылымының өзі. Егерде..., онда ...,”- деген шартты категориялық ой қорытындысын білдіреді”.

Болжамдардың тұжырымдардағы негізгі талаптар түсініктер. Эмпирикалық интерпретацияны алмаған және бұрын нақтыланған ғылыми дәлелдерге қарама-қайшы келмеуі тиіс, ол қарапайым, зерттеулердің әдіснамалық түрде жарақтануы мен практикалық мүмкіндіктерінің берілген деңгейлік кезеңіне тексерілген болуы тиіс.

Болжамдардың тұжырымдамалық негізгі қиындығы – олардың нақты және дәл түсініктері болатын зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келу қажеттілігінде.

Әлеуметтік талдаудың аса кең түрде таралған тәсілі – ауыспалы нәрселердің арасындағы өзара байланыстардың нақтылануы болып табылады. Ауыспалы нәрселер – бұл жетіспеушілігінің құралы, оның көмегімен адамдар мен топтардың айырмашылықтары нақтыланған болуы мүмкін: жеке тұлғаның статусы, табысы, отбасы және с.с.

Әлеуметтанушылар зерттелінетін барлық әлеуметтік массивті басты жиынтық деп атайды.

Сұрыптау (іріктеу) - бұл жалпыламалық түрдегі зерттелінетін біртекті бірлігінің жиынтығынан оның бірқатар бөлігі алынып қойылатын (таңдамалы жиынтық) және тек осы бөлік қана зерттеуге ұшырайтын зерттеу бөлігі.

Эмпирикалық зерттеу таңдамалы жиынтықта жүргізіледі.

Сұрыптаудың анықталуының типі мен тәсілі зерттеудің түріне, оның мақсаттары мен болжамдарына тікелей байланысты болады.

Сұрыпталуға және аналитикалық зерттеуге қойылатын негізігі талап – бұл репрезентативтілік, яғни таңдау жасалатын жиынтықтың негізгі сипаттамаларын көрсету әдісі.

Нысанның мәніне байланысты әлеуметтанулық ақпараттарды жинау әдістерін таңдау да іске асырылады. Ақпараттарды жинау әдістерінің суреттеуі таңдап алынатын әдістердің негізделуін, жабдықтаудың негізгі элементтерінің тіркелуге және олармен болатын жұмыстың техникалық тәсілдерінің болуын жөн санайды.

Басты жиынтық пен таңдау жасау жиынтықтары бірқатар маңызды белгілері бойынша салыстырылуы тиіс, ол статистикалық әдістермен таңба түрде көрсетіледі.

Сұрыпталудың көлемі зерттеудің репрезентативтілігі - зерттеу бағдарламасының мақсатты түрде орнықтырылуымен анықталады. Тек бағдарлама ғана іріктеушілігінің қалыптастырудың қажетті басты жиынтығының бейнесін береді: ол осының бәрі елдің аймақтың, қаланың немесе оның жекелеген топтарының барлық халқы болады ма,- деген жиынтықта.

Сұрыптаудың қалыптасуы негізінде барлық басты жиынтықтан шығатын теңгермелі іріктеуді қамтамасыз ету өте маңызды болып табылады.

Кездейсоқ жүйелі сұрыптау- іріктеу нақтылы аралықтар арқылы жүреді, мысалы студенттердің, банк клиентерінің, сайлаушылардың және с.с. тізімдері бойынша.

Сериялық немесе ұяшықтық сұрыптау егер нысанның ішкі құрылымы болған жағдайда ғана іске асырылады.

Мақсатты сұрыптау деп қандай да болсын белгілері, мысалы, жынысы, ұлты, мүліктік жағдайы, саяси партияларға тиесілі болуы және с.с. негізінде бөлінушілік жүретін іріктеуді айтады.

Мақсатты түрде бағытталған квоталық сұрыптау респонденттердің төл құжаттылық мәліметтерінің берілген сәйкестігінің басты жиынтығының арасында квоталарды бөліп берушілік статистикасының негізіндегі пропорционалдық іріктеуді жөн санайды.

Сұрыптаулар бір және көп сатылы, араластырылған болады. Сұрыптаудың әрбір сатысында өкілеттіліктің талаптарын қамтамасыз етуге тура келеді.

Бақылау – бұл аса кең түрде таралған әлеуметтанушылық әдіс. Бақылаудың жүргізілуі негізінде топтап қорытушылықты (генерализумость) және реактивтілікті, яғни қайтадан болатын белсенділікті ескеру қажет.

Топтап қорытушылық барлық жиынтықтағы ұйғарымдық мінез-құлыққа негізделген біздің қорытынды жасауларымызды тарату немесе ауыстырылуының сенімділігінде нақтылы дәрежедегі мүмкіндікті білдіреді.

Реактивтілік бір немесе екі мүмкіндіктің болуын ұйғарады: зерттеу жүргізуші адамды, болмаса кімге бақылау жүргізіліп жатқандарға қандай да болсын көріністе ықпал ете алудағы зерттеу әдісі және зерттеушінің өзінің қатысуымен ғана қамтылған өзгерістерді олардың іс-әрекетіне енгізуді жөн санайды.

Сауалнама – бұл әлеуметтік ғылымдағы аса кең тараған әдістердің бірі. Сауалнама – бұл мәліметтерді жинау әдісі, ол арқылы адамдардың жауаптары негізінде жеткілікті сенімділікте барлық халықтар туралы немесе оның қандай да бір бөлігі жайлы қорытындылар жасауға болатын көріністе жиналып алынған ақпараттарды халықтың өкілдерінен тікелей алады.

Сауалнама – бұл адамдардың не ойлайтыны және олар қалай әрекет ететіндіктері туралы ойларын біліп алудың өте жақсы тәсілі. Сұрақтарға жауап беретін адамдарды респонденттер деп атайды.

Сауалнамалық зерттеу процедуралардың бірнеше негізгі түрлерін өзіне қосады. Тәжірибеде бірден бірнеше процедуралар бір мезгілде жүргізілуі мүмкін. Сауалнаманың кезеңдері:



  1. Тұжырымдамашылық (концептуализация) – зерттеудің нақтылы мақсаттары, болжамдардың жоғарылауы, түсініктердің нақтылануы.

  2. Сызбалы бейнелеу (схематизация) - сауалнама жүргізу уақытында және сұрыптаудың сипаты туралы шешімдер қабылдау қолданылуы тіке болатын процедуралардың орнықтырылуы.

  3. Құрал-саймандарды даярлау – анкеталарды немесе интервью бланкын құрастыру, сұрақтардың саны мен ретін анықтау, қажетті болатын жәрдемші құралдарды дайындау.

  4. Жоспарлау – сауалнаманы жүргізумен байланысты болатын қаржылық, әкімшіліктік, материалдық-техникалық және кадрлық мәселелердің қарастырылуы.

  5. Сұрыптаудың құрастырылуы – берілген зерттеудің мақсаттары мен құралдарына басқаларына қарағанда өте жақсы сай келетін әдіс-тәсілдердің қайсысын болсын сәйкестілікте ұйғарып жасалатын респонденттерді іріктеп алу.

  6. Нұсқаулық – персоналдың респонденттермен болатын жұмысына және мәліметтерді өңдеуге деген интервьюрлерге, кодтаушыларға және басқа да қызмет көрсетушілерге сауал беруге дайындығы.

  7. Қосымша тестілеу (pretesting) – респонденттердің нұсқаулықтар мен сұрақтарды түсінуінің дұрыстығын және де жауаптардың күтілетін типіне олардың жаууаптарының сәйкестілігін тексеру мақсатымен кіші өлшемділерін іріктеп алуға сұрыпталған құрал-саймандарды сынап көру. Бұл кезеңді пилотаж (ұшу өнері) деп те атайды.

  8. Сауалнама – пилотаждық құрал-саймандарды қолданумен іріктеуге қатысушыларды сұрау.

  9. Сауалнама барысын (мониторинг) бақылау-жауап алушылардың әдістемесін қолданудың түзетілуін тексеру және де іріктеуге қатысушылардан қатаң түрде жауап алынуын бақылау.

  10. Бақылаулық тексеру – іріктеудің барлық мүшелері сауалнамамен нақтылы қамтылған болуын тексеру. Респонденттермен қосымша байланыс жасау арқылы жүргізіледі.

  11. Кодтау – жиналған мәліметтерді сандық формаға өзгерту.

  12. Өңдеу – мәліметтерді талдау жасауға дайындау.

  13. Талдау – мәліметтерді мазмұнды қорытындылар алу мақсатымен статистикалық және басқа да құралдардың көмегімен өңдеу.

  14. Есеп беруді құрастыру – талдаудың нәтижелерін зерттеушілік есеп формасында мазмұндау.

Барлық сауалнаманың табысты болу факторы – сұрақтардың дұрыс құрастырылуы болып табылады.

Сұрақтар екі түрде болуы мүмкін:



  1. Ашық сұрақтар (open-ended guestion) – бұл респондент өзінің сөзімен жауап беруге болғанда жауаптың нұсқасы болмаған кезде қойылады.

  2. Жабық сұрақ (closed-endet guestion) – бұл респондент анкетадағы нұсқалардың ұсынылған санынан бір мәжбүр болған кезде орын алады.

Сауалнамалық пролетика бізге негізгі типтің таңдап алынуын бере алады: күндізгі интервью алушылық, телефондық интервью алушылық, баспасөз арқылы сауалнама беру, интернет арқылы сауалнама беру.

Күндізгі интервью алушылық – бұл ең икемді тип, өйткені ол сұрау салушылықтың ең әралуан тәсілдерін қолдануға жол береді және де интервьерге респондентке бір мезгілде оған түсініксіз орындарды түсіндіре отырып, әрбір сұраққа жауап беруіне тұрақты түрде қол жеткізу мүмкіндігін береді.

Интервью – оның мақсаты – зерттеудің бағдарламасымен қарастырылған сұрақтарға жауаптар алу болып табылатын, мақсатты түрде бағытталған анкеталық сауалнама, алдындағы артықшылығы: жауап алушының мәдениеті деңгейін, оның сауалнаманың тақырыбына және жекелеген мәселелерге интонациялы түрде көрініс беруін, жауап алынуының жеке тұлғалығын ескеріп, сұрақтардың қойылуын икемді түрде және күтілетін жауаптардың мазмұнын ауыстыруды, қажетті болып табылатын сұрақтардың қойылуын ескеру мүмкіндігі болуында.

Интервьюдің мынадай типтерін бөліп көрсетуге болады:



  1. Мазмұны бойынша (құжатнамалық, пікірлестік интервьюі).

  2. Жүргізілу техникасы бойынша (еркін және стандарттарлған).

  3. Жүргізілу процедурасы бойынша (басым болатын, фокусталған).

Барлық интервьюді құрылымданған интервью және құрылымданбаған интервью деп бөлуге болады.

Құрылымданған интервьюде оның сценариі алдын-ала ойластырылып қойылған, интервью алушының алдында сұрақтардың бірізділігі болады, ал респонденттің жауаптары бірден нақтылы категориялар бойынша бөлініп қойылады. Құрылымданған интервьюдің сұрақтары респондентке олардың анкетада орналастырылуы бірізділігінде қойылады. Құрылымданбаған интервью зерттеушіні сұрақтардың нақтылы тізімімен шектеп қоймайды, ол өзі де әңгімені қандай бағытта жүргізу керектігін шешеді.

Интервьюдің бұл түрін тереңдетілген интервью немесе жартылай формальданған интервью деп жиі атайды. Тереңдетілген интервью зерттеушіліер үшін аса бай және кейде тіпті күтпеген ақпарат жинауға да мүмкіндік береді.

Барлық интервьюді дербес интервью және топтық интервьюге бөлуге болады. Топтық интервьюдің мысалына фокус – топ дәлел бола алады. Аталуының мағынасы – топтағы барлық қатысушылардың назары қандай да болсын бір мәселені шешуге фокусталған (көзі байланған) болуында және де контент – талдау сияқты әдіс те бар, оның өзі мәліметтерді жинау әдісін және мәтіннің мазмұнын талдауды көрсетеді. Ғылыми әдебиетте контент – талдаудың көптеген әр алуан анықтамалары болады. Американ зерттеушілері –жүйесін сандық түрде өңдеуі, бағалануы және деректердің формалары мен мазмұны ның интерпретациясы»,- деп санайды [5, 270 б.].

Ресей әлеуметтанушысы – В.А. Ядов осы әдісті «жалпылама мәтіндік (немесе пленкаға жазылған) ақпараттардың одан кейінгі түрде өңделуінің сипаттамасының сандық көрсеткіштерге ауысуы» ретінде анықтайды [4, 140 б.].

Әлеуметтанушылық зерттеулердің әдістері дәстүрлі түрде сапалы және сандық деп бөлінеді. Сандық әдістердің сипатты ерекшеліктерінің арасында формальданудың, ауыспалардың бастапқы түрде берілуінің, біртипті бірінші мәліметтерді жалпылама түрде жинауға және оларды сандық жағынан өңдеудің жоғары дәрежесін бөліп көрсетуге болады. Сапалы әдістер мәліметтерді жалпылама түрде жинауға емес, респонденттердің аздаған санын тексеруге, зерттелінетін құбылыстардың тереңдетіліп түсінілуіне қол жеткізуге бағытталған икемді әдістер. Мәліметтерді талдау зерттелінетін үдерістің бірқатар деңгейлерінен тұрады: оның шекті нүктесіне эмпирикалық мәліметтердің алынған түрін бастапқы өңдеу кезеңі жатады және қайтадан қалыптасқан ақпараттардың интерпретациясымен жеке тәсілдердің түсіндірілуімен аяқталады.


Әдебиеттер:

1.Полухина Е.В. Дизайн социологического исследования: краткий обзор современных практик //Современные исследовательские практики в социологии: сб. мат-лов конф. (Москва, 19–20 апреля 2017 г.). Под науч. ред.: В. В. Семенова М.: Федеральный научно-исследовательский социологический центр РАН Институт социологии РАН, 2017, с. 45-56.

2. Методология и методы социологического исследования. Учебник. Под ред. В.И.Дудиной, Е.Э.Смирновой. Спб.: Изд-во СПбГУ, 2014. – 388 с.

3. Социология. Методика проведения социологических исследований. Учебное пособие. Под ред. И.Е. Тимерманиса, А.Г.Тановой. М.: Юрайт, 2017

4. Ядов В.А. Стратегия социологического исследования. Описание, объяснение, понимание социальной реальности. - М.:Добросвет. 2001, 596 с.

5. Мангейм Дж. Б., Рич Р. К. Политология. Методы исследования: Пер. с англ. / Предисл. А.К. Соколова. – М.: Издательство “Весь Мир”, 1997. – 544 с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет